Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты Қазақстан мәңгілік ел

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


265 негізгі мектебі















Тақырыбы: «Қазақстан- мәңгілік ел»



Сыныбы: 7

Сынып жетекшісі: Мұғинадин Назерке
















Сынып сағаты

Күні: 05.12.2018 ж


Сынып сағат тақырыбы: «Қазақстан – мәңгілік ел

Мақсаты: Оқушыларды танын,елін  сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз  елінің  тарихын,тегін білуге , бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған  еліне,  жеріне   деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
– Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап,  мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
– оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;


Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, интерактивті тақта, слайд, видео,нақыл сөздер


Барысы:

1.Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық

Оқушылар шеңбер жасайды, өз есімдерімен қоса сын есім айтады.

Оқушыларды топқа бөлу үшін оқушыларға күн сыйлау арқылы күннің артында топ аттары жазылған, сол бойынша оқушылар топқа бөлінеді

1 топ Отаншыл

2 топ Намысшыл

2 . Мұғалімнің сөзі  – Cәлеметсіздерме оқушылар! Сынып сағатымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын  “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.
Былтырғы жылы 2016 жыл айтулы күндерге толы жыл болды,атап айтар болсақ, Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл, Конституциямыздың қабылдануына 21 жыл, Семей палигонының жабылуына 25 жыл  және Бөкей Ордасының құрылғанына 215 жыл, Жәңгір хан мектебіне 175 жыл толды

Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпы ұлттық идеясы – болашақ табыстардың негізі. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.Осының барлығы дамыған 20 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Мәңгілік ел-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып,әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман -тұрмысы бақ-қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.

Мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Ендеше видео фильмге назар аударайық. Қазақстан туралы қызықты деректер.



Ой шақыру.

Мұғалімнің сөзі:

-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.

Отан туралы Қазақстан Республикасының елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жазғанын тыңдаңдар:

( Қ.Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың портретін көрсете оқу)

«Отансыз адам – қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліне, Отанына, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын-елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек.»
(Нұрсұлтан Назарбаев)

Отан деген не?

(Балалардың пікірлері)

Отан – бұл біз тұрып жатқан  жер. Біздің туып, өскен ауыл.   Отан- бұл біздің ата- әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз.

Дұрыс, Отанына деген сезім – әр азамат үшін ең маңызды сезім. Оны алуан шығармалар, өлеңдер, суреттер арқылы сезінуге болады.  Дарынды ақындар, суретшілер, музыканттар  өз туған жерінің ғажайып табиғатын, сұлулығын көптеген өлеңдер, суреттер, музыкалық шығармалар арқылы мақтан етіп жазған.



Мағынаны таңдау.

1.Екі топқа қағаз таратылады оқушылар берілген қағазға топ атына сай болу үшін қандай болу керектігін жазады, топтан бір оқушы шығып түсіндіріп өтеді.

Мысалы: отаншыл болу үшін не істеу керек? оз отанын сүю т.б.

2. Постер қорғау «Патриот деген ол ….»

  • Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

  • Туған жерге деген ыстық сезім;

  • Ата- баба өсиетіне адал болу;

  • Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

  • Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

  • Ана тіліне деген құрмет;

  • Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

  • Елдің тарихын құрметтеу;

  • Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

  • Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

  • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

  • Заңға бағыну;

  • Үкіметті сыйлау;

  • Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;

  • Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;

  • Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

  • Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру

  1. Сұрақ-жауап ойыны.

Сұрақтары.

  1. ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн)

  2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? –(1991 жылы 16 желтоқсан)

  3. «Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

  4. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен

  5. Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

  6. ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)

  7. ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)

  8. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

  9. Конституция күні? – (30 тамыз)

  10. ҚР тәулсіздігін алғанына биыл неше жыл толады? 26 жыл толады


Туған жеріңе не бересің? ”ойыны

Сендер тұрып жатқан жер, яғни Алға ауылының көркеюіне  қандай  тілек тілер едіңіздер?

Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер!  Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.  Дайын тұрған стикерлерге «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын  жазып, оқып, тақтаға ілеміз.   Мысалы: әдемі үй салу…).

  1. Жақсылық –рефлексия

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

Менің Қазақстаным, менің елім тақырыбында видео жүріп жатады.

Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  алысқа жетелейтін армандарыңды  тілеңдер.   (Жіп мұғалімге келеді.)

Бізбен жіп не істеді?

Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?   (Балалардың пікірі)

Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр­меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Сынып сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.01.2019
1958
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12