Материалдар / Тәрбие сағаты. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. 5-7 сынып.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. 5-7 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері" тақырыбында тәрбие сағаты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Тамыз 2024
132
1 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ: 1

Мектеп:

Күні:01.09.2021 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Жүсіпбекова А.Д.

СЫНЫП: 5 «Б»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.

Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: тақырыпты толық меңгереді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтіннің мазмұнын түсініп, тақырыпқа байланысты сөйлем құрастырады.


Кейбір оқушылар орындай алады: мәтіннен нақты ақпаратты анықтап, өз ойларын еркін жеткізе біледі.

Бағалау критерийлері

  1. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді.

  2. Тыңдалған мәтіннен нақты ақпаратты анықтай алады.

  3. Жинақталған мәліметке сүйене отырып, постер жасайды.


Оқыту дағдылары

Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау,бағалау

Оқыту әдіс - тәсілдері

Жеке жұмыс, топтық жұмыс

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: нақты ақпаратты пайдаланып, тақырыпқа байланысты ойларын білдіреді.


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Тәуелсіздік нышаны, бейнеленген (ҚР туында күн сәулесі бейнеленген), қанатты тұлпарлар, қыран, уық, жарық жұлдыз, келешек, құрмет, ұлықтау рәсімі, төл теңге.

Құндылықтарға

баулу

Мәңгілік ел идеясының құндылықтарының бірі - тарих, тіл біртұтастығы құндылығы.

Пәнаралық

байланыс

Тарих, әдебиет, музыка

Сабақтың басы




1 мин

  1. Оқушылармен амандасу.

Психологиялық ахуал тудыру.

Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уықтар боп иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

 

Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің Отанымыз мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.


Жарайсыңдар, балалар! Ал енді сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлінейік. (Елтаңба, әнұран, ту) суреттері арқылы).

Ескерту: әр топқа түрлі деңгейдегі оқушылардың отыруын қадағалаймын. Мақсатым: түрлі деңгейдегі оқушылар бірін – бірі жетелейді. Білгендерін білмегендерге үйретеді, көмек береді. Қарым – қатынас формасы бойынша саралау жұмыстары жүргізіледі.

ЕЛТАҢБА

ӘНҰРАН

ТУ




Топқа бөлінген соң, топ аттарын үш тілге аудару.

Оқушылар өз топтарын үш тілде атап шығады (тарих және тіл біртұтастығы құндылығы). Топтың атын үш тілде айтайық.


  1. «Тест жұмысы»

  1. Қазақстанның тұңғыш президенті кім?

А) Қ.Тоқаев

Ә) А.Мамытбеков

Б) Ө.Шүкеев

В) Н.Назарбаев

  1. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

А) Целиноград

Ә) Ақмола

Б) Астана

В) Алматы

  1. 16 желтоқсан күні қандай мереке?

А) Астана күні

Ә) Президентіміздің туған күні

Б) Тәуелсіздік күні

В) Тәуелсіздік нышандар күні




1мин








Топқа бөлу 3тілд қағ айту


1 мин












3 мин



ЖОСПАР

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сын тұрғысынан ойлайды

3 мин


(Дәптермен жұмыс)

























Мәтіналды жұмыс: жаңа тақырыпты ашу(презентация)


3 мин














4 мин

Постермен жұмыс

(5 нақты ақпаратты анықтап, А3 форматына жазады)



16 мин. кетті

















8 мин

Мәтінмен жұмыс

1-топ (тұрып 2мин оқиды, 2мин топта талқылайды, орындарында мұғалім сұрақ қою арқылы 1-2 мин отырып топқа ұсынады)

2-топ (тұрып 2мин оқиды, 2мин топта талқылайды, орындарында мұғалім сұрақ қою арқылы 1-2 мин отырып топқа ұсынады)

3-топ (тұрып 2мин оқиды, 2мин топта талқылайды, орындарында мұғалім сұрақ қою арқылы 1-2 мин отырып топқа ұсынады)





24 мин. кетті















































































1 мин

Сергіту сәті


25 мин. кетті



Мюнстенберг әдісі:

Берілген әріптерден сөздер құра.

Пвыроаддвелтаңбаоршгимндллллттеңгелоарратәуелсізовшаьтипанышаныьилдпоркқұрметвтопптптұлпарллытрқыраньмтуықлажұлдыз

Дескриптор

Ұпай (әр оқушыға)

  1. Тақырыпқа қатысты 9 сөз таба алады;



1

Әр топтан 3 сөзден сұрап шығамын.

Табылған жаңа сөздер арқылы тақырыпты ашады.





Жаңа сөздерді түсіндіріп өтемін.




Сөздікпен жұмыс:

Тәуелсіздік нышаны-символ независимости, бейнеленген –изображен

қанатты тұлпар – крылатый конь,

қыран – орёл,

уық – часть крыши юрты, подпорка для купола юрты (уыки),

жарық жұлдыз – яркая звезда

келешек –будущее,

құрмет –почёт,

ұлықтау рәсімі – инаугурация,







Жаңа сөздермен танысады.(Қайталайды. Орысша нұсқасын айтады).

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы «Мен не білемін?»

























Дескриптор

Ұпай (топқа беріледі)

5 нақты ақпаратты анықтай алады;

1



Мәтінді «Іздену» әдісі арқылы түсіндіріңдер.-

«Сиқырлы сандықша» оқушы 1 сұрақты таңдап

жауап береді

1топ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран. Олар тәуелсіздігіміздің нышандары.

Қазақстан Республикасының Туында күн сәулесі бейнеленген. Біздің туымыз – көгілдір түсті. Алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.
Күн сәулесінің астында қыран салынған. Тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.

Қыран – тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін білдіреді. Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі суретші.

  • ҚР рәміздеріне не жатады? - Ту, Елтаңба, Әнұран.

  • ҚР туында не бейнеленген?- Күн сәулесі бейнеленген.

  • Тудың түсі қандай?- Тудың түсі- көк.

  • Тудағы күн сәулесі нені білдіреді?- Күн – тыныштық пен байлықты білдіреді.

  • Тудағы қыран құс нені білдіреді? Ол – тыныштық пен баянды өмірді білдіреді, Қазақстан қыран құс сияқты биікте болсын дегені.

  • Ою-өрнек нені білдіреді?- Ою-өрнек тудың қай елдікі екенін білдіреді.



2 топ

Елтаңбада көгілдір түстің үстіне шаңырақ бейнеленген. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар халықтардың достығын, бірлігін көрсетеді.Елтаңбаның екі жағында қанатты тұлпар бейнеленген. Жылқы қазақта ерекше бағаланған, мәңгі өмірдің бейнесі. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республикамыздың аты, ал Масақ Отанымыздың байлығын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.


  • Елтаңбада не бейнеленген?- Көгілдір түстің үстіне шаңырақ бейнеленген.

  • Шаңырақтан жан-жаққа не тарайды?- күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды.

  • Шаңырақ пен уық нені білдіреді?- Шаңырақ пен уықтар халықтар арасындағы достық пен бірлікті көрсетеді.

  • Елтаңбадағы қанатты тұлпарлар қандай мағына береді? –Тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған мәңгі өмірдің бейнесі.

  • Елтаңбаның жоғарғы жағында не бейнеленген? – жоғарғы жағында бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі.

  • Елтаңбаның төменгі жағында не бейнеленген?- «Қазақстан» деген жазу республикамыздың аты



3 топ

Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды қолын жүректің тұсына қойып, тұрып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. «Менің Қазақстаным» әні ҚР қайта өңделген екінші әнұраны. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде «Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.


  • Мемлекеттің салтанатты әні? -Әнұран

  • Әнұранда қандай мағына, не жайлы айтылған? -Тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.

  • Әнұранды қалай айту керек?- қолын жүректің тұсына қойып, тұрып айтады.

  • «Менің Қазақстаным» әні ҚР нешінші Әнұраны? – қайта өңделген екінші әнұраны.

  • Мемлекеттік әнұранның авторы кім? –Шәмші Қалдаяқов.

  • Ал сөзін жазған кімдер? –Жұмекен Нәжімеденов, Н.Назарбаев.

Дескриптор

Ұпай (әр оқушыға)

  1. Мәтінді түсініп оқып, бір-біріне түсіндіре алады;

  2. Оқылған мәтін бойынша сұраққа жауап бере алады;



1



Енді орнымыздан тұрып, сергіту жасаймыз

Жоғары қарап күн көрдім

Төмен қарап жер көрдім

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім!






Дәптерге тапқан сөздерін жазады.



Кеспе қағаздар























Кеспе қағаздар, маркер, флипчарт, плакаттар.


























































Сілтемелер:

http://tarym.kz


http://bilimdiler.kz


https://ds04.infourok.ru/














Кеспе қағаздар, маркер, флипчарт, плакаттар.






Соңы

9 мин.


















1 мин.

Бағалау парақшасын қорытындылау



Кері байланыс:









Мәліметтерді сәйкестендір:

1) Мемлекеттік әнұранның авторы кім?

В) Күн сәулесі бейнеленген

2)Мемлекеттік әнұранның сөзін жазған кімдер?


А) Шәмші Қалдаяқов.

3)ҚР туында не бейнеленген?


С) Жұмекен Нәжімеденов, Н.Назарбаев.

4)Елтаңбада не бейнеленген?



Е) Тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған мәңгі өмірдің бейнесі.

5)Елтаңбадағы қанатты тұлпарлар қандай мағына береді?



D) Көгілдір түстің үстіне шаңырақ бейнеленген.






Қорытындылау. Жетондарды санау. Жеңімпаз топты анықтау.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!