жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты "Қазақстан Республикасының рәміздері"
Тәрбие сағаты тақырыбы: "Қазақстан республикасының рәміздері"
Мақсаты:
Елтаңба, Ту, Гимн туралы түсініктерін
нығайту. Рәміздердің пайда болуы және
тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді
дамыту.Оқушының есте сақтауын дамыту,
өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.Оқушыларды
Отан сүйгіштікке, адамгершілікке,
Отанына, халқына адал қызмет етуге,
елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеп,
құрметтеуге, халқының тегін, тарихын
білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Рәміздердің суреттері.
Мұғалім:
Біздер
тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз.
Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді
әкелер мен аталарымыз сияқты
қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді
естен шығармайық.
Еліміздің
символы –мемлекеттік рәміздерді
қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті
парызымыз болып саналады.
Гимн
орындалады.
1991
жылы 16 - желтоқсанда еліміз егемендігін
алды.
1-оқушы:
Қазақстан
Қазақстан
дейтін менің бар елім,
Жатыр
алып жарты дүние әлемін!
Бұл
даланы анам жаспен суарған,
Бұл
далада атам қолға ту алған.
Бұл
далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл
даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл
далада өскен жанда жоқ арман!
Н.Ә.Назарбаев:
«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді».
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды . Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік
рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің
егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін
атрибуттарының бірі. Қазақстан
Республикасында Мемлекеттік ту,
Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік
гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
І.
Еңселі Елтаңба.
1-жүргізуші:
Мемлекеттік елтаңбаның авторлары
танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков
пен Шота Аман Уәлиханов.
Қазақта
«Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң
берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба
авторлары осы сөздерді басшылыққа
алған.Қазақстан Республикасының
Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне
салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан
жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар
тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің
Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір
сүріп жатқан көптеген халықтардың
бірлігін көрсетеді. Қазақстан
Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі
ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның
жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты
өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың
белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан»
деген жазу республиканың атын көрсетеді.
Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.
2-оқушы:
Қатар
шапқан қос тұлпар,
Ай
астында қазақ үй
Қалықтаған
жас сұңқар,
Шарықтаған
таза күй.
Бұл
таңбасы елімнің,
белгісі.
ІІ.
Тұғырлы туымыз.
Егер
де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны
жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны
байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын
шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат
қаққан қыран- тыныштық пен баянды өмірдің
белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі
екенін аңғартады.
Тудың
авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков
белгілі монументші-суретші. Біздің
туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты
мата. Ол бірлік пен аман- есендікті
көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін
шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың
белгісі.
Қазақ
халқы сонау ерте заманнан бері қыранды
киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда
қыранның орын алуы тәуелсіздік алған
Қазақстан қыран сияқты биікте болсын,
қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген
ойдан туған.
Тудың
сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған
тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын,
танымдық бейнесін көрсетеді.
3-оқушы:
Айнымайды
аспаннан
Біздің
тудың болуы
Оны
халық қашанда
Биікке
іліп қояды.
ІІІ.
Асқақтаған Гимн.
Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең
маңыздысы – Гимн. Гимн мемлекеттің
салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді.
Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы
тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы
айтылған. Гимнді түрегеліп ,жүректің
тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз
мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді.
Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі
мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын
осы әнге сыйғызған.
1986
жылы «Менің Қазақстаным» бостандық
аңсаған қазақ жастарының бейресми гимні
болған еді.
2006
жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға
сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Гимннің
музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа
редакцияда жазылды. Мемлекеттік Гимннің
авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар
Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан
Назарбаев.
Алғашқы
рет Қазақстан Республикасының Гимн
ретінде
«Менің
Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы,
Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.
Бұл
Гимннің сөзі республикамыздың барлық
халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың
бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық
сезімдегі ән.
4-оқушы:
Барша
халық таныған
Біздің
үміт, тілекті.
Шырқалғанда
гимнім
Шаттық
кернер жүректі
Шәмші
атаның сазды үні
Жігер
беріп қайратты,
Бәрімізді
мәз қылып,
Жаңғыртады
аймақты.
Тапсырмалар:
1.Төлқұжатта,
туу туралы куәлікте, орта білім туралы
аттестатта құжаттарда бейнеленген.
(Елтаңба)
2.Президент
резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі
тұрады. Барлық мекемелерде бар.
(Ту)
3.Республика,облыс,
аудан көлеміндегі маңызды салтанатты
мәжілістерде орындалады. (Гимн)
Қорытынды:
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз
Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті
борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу
– елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты,
салт- дәстүрді қастерлеу болып
табылады.
Ән:
Көк тудың желбірегені
Көңіл
қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген