жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты «Қазақстан тарихының жарқын беттерінен»
Тақырыбы: «Қазақстан тарихының жарқын беттерінен»
Мақсаты: еліміздің тарихы туралы түсінік беру, өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған елге сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздерінің суреті, нақыл сөздер.
Барысы:
Жоспар:
Кіріспе
Ел тарихынан шағын түсінік
Өткен жылдар жемісі
Тәуелсіздікке -20 жыл. «Бәрін білгім келеді» ойыны.
Мұғалім: Біздің туып өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы. Ол көне замандардан басталатын тарихы бар аса бай ел. Көптеген ғасырлар бойы ел бастаған дана бабаларымыз кең байтақ жерімізді сырттан төнген қауіп – қатерден қорғап келді. Қазақ халқы – ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Қазақ еліне тәуелсіздікке жету өте қиынға соқты. Біздің көптеген ата – бабаларымыз бостандық жолында құрбан болды. Оған желтоқсан оқиғасы куә. Тарих қойнауына көз жіберіп отырсақ, біздің қазақ халқының басынан қаншама қиыншылықтар, қаншама қайғы қасіреттер өтті. Халқымыз сол қиыншылықтарды жеңе отырып, 1991 жылы 16 желтоқсан күні қазақ халқы өз алдына егеменді ел болды. Енді біз сол тәуелсіздігімізді сақтай отырып мемлекетімізді, дінімізді, тілімізді сақтаймыз. Салт дәстүрімізді қастерлейміз. Ол бүгінгі жас ұрпақ біздің еншімізде. Тәуелсіз еліміздің тірегі білімді ұрпақ дейтін болсақ, солардың бірі өздеріңіз.
1-жүргізуші: тәуелсіз мемлекетіміздің 20 жыл толуына орай тарихымызға көз жеткізейік.
Өткен тарихымыздан аздаған түсінік. 15 ғ . қуатты қазақ хандығынқұрдық, алайда тәуелсіз Қазақстан мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап қалың жұртты қанжылатты.
2-жүргізуші: XVIII ғасыр басында дүріккен ел «Ақтабан шұбырынды» болды. Жұрт алқа көлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады. Қаратаудың байрайында қалың қазақ бас қосты.
1-жүргізуші:XVII -XIX ғасыр басында халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен орыс қазақ халқын аздыра бастады. Ұлан ғайыр даламыз басынан қара тұман серпілмеді.
1-оқушы: Біздің 1917 жылғы бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізге өзіміз қырғынға ұшырап, қуғынға түстік. Мыңдаған жандар ата-жұртын тастап кетуге мәжбүр болды. 1923-1933ж. болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта халықтың 2,2 миллион опат болды. Тағы аштық, тағы жалаңаштық, тағы өлім. Әл жоқ, дымы құрыған сорлылар елін тастап кетуге мәжбүр болды. Бүгінгі атамекенін тастап кеткен халқымыздың саны 1 миллион 578 мың адам.
2-оқушы: 1936-1938 ж. репрессия оқиғасы. М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, І.Жансүгіров және т.б.
3-оқушы: 1941-1945 ж. аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизімнен бүкіл адамзаттықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Осы жылдарда ең көп қырылған қазақ еді. Атап айтсақ: Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова және т.б.
4-оқушы: 1954-56ж. қазақ жеріне өзге ұлттар топырлатты.
5-оқушы: 1970-1980 ж. тілі мен салт-дәстүрін айырылып, рухани азғындау күшейді.
6-оқушы: 1986 ж. қазақтың рухын таза құрпақшы бодды. 1986ж.
16-желтоқсанда Алматыда Қазақстан Комунистік Партиясы Орталық Пленумы болды. Пленумында Республика басшысы Д.А.Қоневты орнынан алып, республикаға мүлде белгісіз біреу Г.Колбинді отырғызды. Жанартаудай бұғып жатқан ұлттың ыза-кегі сыртына бұрқ етіп, қазақ жастарының көтерілісі басталды. Қ.Рысқұлбеков, Е.Сыпатаев, Л.Асанова, тәуелсіздік жолында мерт болды.
1-жүргізуші: «орнында бар оңалар» демекші ел орында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды.
2-жүргізуші: 1991 ж. 1 желтоқсанында республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
7-оқушы: 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жарияланды.
8-оқушы: 1992 ж. қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
9-оқушы: осы жылы 4- маусымда Президент туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік Жалауы, Елтаңбасы ,Әнұраны туралы заңдарға қол қойды.
1-жүргізуші: 1993 ж. 30-маусымда тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұғыш «Ата заңы» қабылданды.
2-жүргізуші: 1995 жылы ақыл-ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбайұлы 150 жасқа толды. Осы жылы миллиондардың көз жасымен келген «ұлы жеңіске» 50 жыл толды.
-1998 ж. «Халық бірлігі мен ұлтты тарихы» жылы болды.
-1999ж. «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болып белгіленді.
-2000 ж. «Мәдениетті қолдау» жылы болды.
-2001ж. 16-желтоқсанда тәуелсіз еліміз 10 жасқа толды
2002 жыл. Денсаулық жылы.
2003-2005 жылдар. Ауылды көтеру жылы
2005 жыл- 4-желтоқсан. ҚР Президентінің Бүкілхалықтық сайлауы болды.
2006 жыл. Ресейдегі «Абай жылы» және Қазақстандағы «Пушкин жылы». Тәуелсіздіктің 15 жылдығы, «Желтоқсан оқиғасының» 20 жылдығы.
2007-2009 жылдар. «Мәдени мұра» бағдарламасының екі жылдық жоспары қабылданды.
2008 жыл 6-шілде. Астана қаласында «Қазақ елі» момументі ашылды.
2009 жыл 25 ақпан-6 наурыз аралығы. ҚР Ұлттық санағы өткізілді.
2010 жыл. ҚР Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті.
2011 жыл. ҚР Ислам КонференциясынаТөрағалықетті.
2011 жыл. Астана мен Алматыда 7-Қысқы Азия ойындарыөтті.
2011 жыл. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы. «Желтоқсаноқиғасының» 25 жылдығы.
1-жүргізуші: Қазақстан территориясы бойынша дүниежүзінде 9-орын алады. Ал ТМД елдері бойынша 2-орын алады.
Қазақстан- көп ұлысты бауырына басқан, татулық пен ынтымақты ту еткен бейбіт сүйгіш ел. Бүгінгі елімзде 130-дан астам ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүруде.
Мұғалім: Ал жақсы оқушылар егеменді ел болғанымызға 20жыл толды деп тарихымызға шолу жасадық. Енді өз білімімізді тексеру мақсатында «Бәрін білгім келеді» ойынын ойнап жіберейік. (Слайдта жасалған ойын түрі ойнатылады)
2-жүргізуші:
Ең бірінші бақытым халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Халқым болса мен бармын әрқашанда
Сол халқыма артамын мәңгі сенім.
Біз халқымыздың болашағынан зор үміт күтеміз! Халқымыздың тілеуімен келген тәулсіздігіміз баянды болсын. Әнұранымыз әуеде асқақтап, Елтаңбамыздың еңсесі биік болып,Туымыз көкке шарықтай берсін.
Тәрбие сағатымыз аяқталды, тыңдағаныңызға көп рахмет!
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:«Қазақстан тарихының жарқын беттерінен»
Дайындаған: Күлмеханова А.Т.
Тобы: ВТ 07-01С

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген