жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
тәрбие сағаты, қмж
Бекітілді:
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Күні |
|
|
Мұғалімнің есімі: |
|
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны:
|
Тәрбие сағатының тақырыбы: |
«Әкем айтқан нақыл сөз...» («Оқуға құштар мектеп» жобасы) |
|
Сабақтың мақсаты: |
Отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін түсіндіре отырып, әкеге деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу. |
|
Құндылықтарды дарыту |
Ар-ұят, Отбасының, өз ортасының абыройын асыру |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурс
|
Сабақ басы
5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі -Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымын тексеру. Психологиялық ахуал қалыптастыру.
|
|
слайд |
Негізгі бөлім
5 минут
5 минут |
Кіріспе. Әрбір отбасының темірқазығы, ұйытқысы, қорғаушысы – әке. Әкенің бұл ролі балалардың әкеге деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен биіктей береді. Ер азамат өзінің әкелік борышын ұмытпағанда, әсіресе әйелімен қабағы жарасып, тату, сүйіспеншілікте тұрғанда оның қадір – қасиеті де арта түседі. «Әкеге қарап ұл туар» деген бар. Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Әсіресе, әке балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге болады. Әсіресе, отбасындағы әке-шешенің әңгімесі бала тәрбиесіне ерекше ықпал етеді. Жанұядағы жанжал, үлкендердің былапыт сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Сондықтан осындай оғаш істерден сақ болған жөн. Бала алдында әке-шеше үлкендердің әдептілік танытқаны жөн.
Видеоролик. Әке мен бала туралы видеоролик көрсетіледі. |
Берілген ақпаратпен танысып, өз ойларын білдіреді.
Оқушылар түсінгендерімен бөліседі.
|
презентация
интербелсенді тақта |
Тапсырмалар
7 минут
10 минут
5 минут |
1-тапсырма. “Әкем айтқан нақыл сөз…”
Оқушыларға қағаз таратады.
2-тапсырма. “Менен сұрақ, жауап сізден” 1. Әке қатал болу керек пе? 2.Үйдегі ер бала тәрбиесіне әкенің жауапкершілігі жоғары болу керек пе, әлде ата – ананың екеуі де бірдей жауап беруі тиіс пе? 3. Сіз өзіңізді әкелік парызымды өтедім деп ойлайсыз ба? 4. Отбасының алтын – қазығы әйел адам ба? 5. Отбасының тірегі әке ме? 6. Әкеге қарап ұл өсер, Шешеге қарап қыз өсер дегенмен келісесіз бе?
3-тапсырма. Әке туралы өлең қосады. |
Берілген қағазға әкелері айтқан нақыл сөзді жазып, тақтаға жабыстырады.
Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар хормен әке туралы ән шырқайды. |
таратпа қағаздар
таратпа қағаздар
интерактиті тақта |
Соңы
3 минут
|
Қорытындылау.
Әке – … …!
|
Оқушылар бір сөйлеммен сабақты қорытындылайды. |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген