15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Қожанасыр мен Алдаркөсе" 1-сынып
Тақырыбы: Алдаркөсе мен Қожанасырдың қызықты хикаялары.
Мақсаты: Балалардың тіл байлығын, ой-өрісін, танымдық қабілеттерін және сөздік қорын дамыту.Еңбексүйгіштікке, батылдыққа өнерге деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдары: Ағаш үй макеті, үй жабдықтары, алаша, сандық, көрпе, үстел,кеселер,ойыншық есек, қамшы, тоқты макеті.
Жүрісі:
(сахнаға екі жүргізуші шығады, көңілді әуен ойнайды)
1-жүргізуші
-Сәлеметсіздер ме ? құрметті апайлар!
2-жүргізуші
-Сәлеметсіздер ме ? құрметті достар!
1-жүргізуші
Біздер келдік Жыңғылды ауылынан,
Қасиетті бабалар қауымынан.
Есір ата атындағы мектебіміз,
Сәлем! Сіздерге «Балауса» тобымыздан.
2-жүргізуші
Өнер десе жанатын ұландармыз,
Ел еретеңі болатын қырандармыз.
Бойға жинап жақсылық шапағатты,
Тәрбиемен тәлімді ұға алармыз.
1-жүргізуші
Апайымыз Алмагүл қасымызда.
Кіп-кішкене болсақта жасымызда,
«Балаусаның» ұл-қызы келіп отыр
Атсалысып сайысқа қатысуға.
-Олай болса,құрметті достар! Біздің «Балауса» тобымыздың дайындап әкелген Қожанасыр мен Алдаркөсенің басынан өткен қызықты хикаяларын тамашалаңыздар! Көріңіздер, әділ бағасын беріңіздер!
Автор сөзі:
-Бір күні Алдаркөсе ән айтып келе жатады. (көңілді әуен ойнайды, сахнаға ән айтып Алдар келеді)
Алдаркөсе:
-Е-е-е-ей,
Мен Алдармын,Алдармын,
Сақал болса талдармын,
Сақал түгіл мұртта жоқ.
Шайтанды да алдадымын.
Мен көсемін, көсемін,
Сусыз жерде өсемін.
А-а-а-а
Е-е-е-е
О-о-о-о,а-а-а,е-е-е, о-о-о.
Автор сөзі:
- Осылайша Алдар әндетіп тұрғанда, қасына Қожанасыр келеді.
Қожанасыр:
-Әй,ауылды басыңа көтеріп, бақырып ән салып тұрған сен кімсің-ей?
Алдар:
-Мен бе, мен сараң байларды алдап соғып семіз тоқтысын, қап-қап алтынын,керек десең үйінде тартып алатын Алдаркөсемін. Ал,сен кімсің?Түрің күлкілі екен.
Қожанасыр:
-Сен қу,айлакер Алдар болсаң, мен жүрген жерімді күлкіге батыратын Қожанасырмын.
Алдаркөсе:
-Е солайде. Ендеше мына төбенің артында бір сараң бай бар еді, мен алдап соғайын, ал сен халықты бір күлкіге батыр.
Қожанасыр:
Жарайды ендеше, кеттік.
Автор сөзі:
Осылайша Алдар мен Қожанасыр сараң байдың ауылына жол тартты.
(сахнада байдың үйі, үйде бай және кемпір отырады)
Бай:
-Әй кемпір ет асып, бүгін ешкім жоқта қарнымызды бір тойдырып алайық.
Кемпір:
-Астым байеке, астым.
Автор:
-Сараң бай еттің пісуін күтіп отырғанда, үйге дөп басып Алдар мен Қожа кіріп келеді.
Алдар мен Қожа.
-Ассалаумағалейкум байеке!-дейді Алдар.
-Ассалаумағалейкум байеке!-дейді Қожа
Бай:
-Әй сендерде мұнда кім шақырды, жоғалыңдар тез, кетіңдер үйімнен түрлерің қандай қорқынышты.
Кемпір:
-Ойбай, екі кештің арасында неғып жүрсіңдер қаңғып.
Алдар:
-Сабыр байеке, сабыр менің бір шикі етім бар еді, соны сендердің қазандарыңа салып пісіріп алуға бала ма? Бірақ сендердің еттерің менің етімді жеп қоймайма?
Бай:
-Әй, не деп сандырақтап тұрсың!
Кемпір:
-Ашуыңды бас байеке. Етті ет жейді деген не сұмдық. Егерде біздің етіміз етін жеп қойса қорада мал көп емеспе, соның біреуін алар.Кел, етіңді қазанға сала ғой.
Алдар:
-Жарайды ендеше.
Автор:
-Мәз болған Алдар қойнындағы қу жаурынды суырып алып қазанға сүңгітіп салып жібереді.
Алдаркөсе:
-Ей, Қожа ет піскенше бізге бір күлкілі әңгіме айтшы.
Қожанасыр:
-Менің бір алтын сағатым бар еді. Бір күні сағатыма қарасам жүрмей қалыпты. Былай қарадым, былай қарадым жүрмейді. Сосын ішін шашып карасам ішінде бір шыбын өліп жатыр екен. Сөйтсем, бұл пәтшағардың шафері өліп қалған екен ғой.(бәрі күледі).
Автор:
-Етте пісіп қалды, кемпір етті қарауға орнынан тұрды.
Кемпір:
-Ей, Алдар етің піскен шығар ал.
Автор:
-Алдар қазанға үңіліп, қу сүйегін суырып алады.
Алдар:
-Ойбай менің етім қайда ? Айттымғой сендерге менің етімде сендердің еттерің жеп қойған. Енді уәде бойынша семіз тоқты менікі болады.
Кемпір:
-Ойбай, масқара! Енді қайттік, тоқтыны бермеске амал жоқ. Жүріңдер қораға.
Автор:
-Осылайша Алдаркөсе сараң байды алдап соғып, семіз тоқтысын жетектеп ауылына жол тартты.Ендігі кезек Қожанасырдікі.
Бір күні Қожанасыкеле жатса, алдынан бір топ ауыл адамдарын көреді.
Қожанасыр:
-Ей, неге дауласып келе жатырсыңдар?
Ауыл адамы:
-Мына ауылдың шетінде бір үлкен көл бар еді, соның суын шелектеп тасысақ қанша шелек су шығар екен, соны білмей жатырмыз.
Қожанасыр:
-Сендер соны да білмей тұрсыңдар ма? Көл қандай үлкен болса, дәл сондай шелек табыңдар сонда көлдің суы бір шелек болады деген сөз.
Ауыл адамы:
-Е-е, солай екен ғой.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген