жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Қош бол, бастауыш мектеп"
Қош бол, бастауыш мектеп!
Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.
1-Жүргізуші: Анель
«Өткен күндерді еске алу»
Көрініс: Сахнаға 5-6 оқушы әңгімелесе
шығады.
Балалар біздің мектеп есігін ашқанымызға да биыл 4 жыл болыпты –ау.
Алғашқы мектепке келгендегі көңіл-күйлерің естеріңдер де ме? Не бір
қылықтар өтіпті –ау басымыздан!
- Жұпар: Ең алғаш мектепке келгенде
анам – Сенің апайыңның аты Шолпан апай-деді.
Мен әр мұғалімге бір қараймын. Шолпан апайды іздеймін. «Қандай
екен?» деген ой мазалап барады.
- Темірлан: Ал мен мектепке келгенде
осындай үлкен мектептен қорқып кеттім. Адасып кететіндей анамның
қолынан айрылар емеспін. Бұл не деген көп оқушы басым айналып
кетті.
-
Жанель: Ал мені әдемі безендірілген
аула, әдемі музыка , қуанышты жүздер, гүлге толы құшақтар
қызықтырып әкетті. Алғаш партаға отырғанда ғарыш кемесінде
отырғандай сезіндім.
-
Айдос: Ал, мен бастарындағы аппақ
бантикті қыздарды көріп есім кетті. Кейін сол қыздардың шашынан
тартып ойнаймыз деп кім ойлаған.?
-Анель: Естеріңде ме , 2-сыныпқа
келгенімізде Шолпан апайды іздеп жан-жаққа қарап қашан келер екен
?-деп тұрғанымызда Роза апай келіп бізді бауырына басып жетектей
берді.
-
Айдос: Шынында бір жас болса да
есейіп қалған екенбіз ғой еш жатырқамастан Роза апайымызға да
үйренісіп кеттік.
-Жанатбек. Өй сен тегі үлкен адамдарша
сөйлейсің ғой тегі?!
Айдос: Үлкенмін, әрине. Бастауыш
сыныпты аяқтадық емес пе? Бізді енді алда не күтіп тұр екен?
-Ақмарал: Не күтуші еді! Физика, тарих,
химия,география пәндері күтіп тұр да.
-Темірлан: Біз оларды меңгеруге қабілетсізбіз
бе?
-Анель: Біздің білімді, іскер
,бәсекеге қабілетті Қазақстан азаматтары болуымыз осы пәндерді
оқып, меңгерген білімімізді іске асыруымызға байланысты ғой. Әр
пәннің білікті өз маманы бар. Үйретеді, оқытады деп ойлаймын.
Қорқатын түк те жоқ.
- Жұпар: Балалар ендеше неғып
тұрсыңдар? Бастауышпен қоштасу ертеңгілігі басталғалы жатыр ғой.
Жүрсеңдерші.
1-Жүргізуші:
Анель
Өздеріңмен өлшеусіз нарым менің,
Асқар тау арқа тұтар алтын
белім.
Бастауыштан жоғары ұшырмаққа,
Қош келдің, айналайын халқым менің!
Жүздеріңнен көрем шаттық
арайын,
Болсын солай әрбір күнің , әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата-ана!
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!
2-жүргізуші:
Темірлан:
Қуанышқа оранғандай даламыз,
Көңілдерден тасқын болып селдеткен,
Бастауыштан қанат қағып барамыз.
Бала шақпен қош айтысып сенде өткен.
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді!
Көңіл шіркін толқып, толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,
Бойы өсіпті бантикті қыз кешегі.-дей отырып ортаға бастауыш сыныпты
бітіргелі тұрған оқушыларымызды шақырамыз.
Вальс: «Мектеп
вальсі»
Мұғалім: Құрметті ата аналар,
ұстаздар, менің аяулы оқушыларым, қызығы мен қиыншылығы , қуаныш
мен реніші , жеңісі мен жеңілісі қатар жүретін бастауыш сыныпты да
аяқтадық.4 жыл аз уақыт емес.Бұл күн сендер үшін де, мен үшін де
ерекше күн. Алдарыңда үлкен-үлкен асулар тұр. Ол асудың аты-Білім.
Яғни жаңа пәндер, жаңа мұғалімдер күтіп тұр. Биікке шығу үшін адам
талпыну керек. Табандылықпен алға мақсат қоя отырып,өз болашағыңның
жарқын да бақытты болуына өзі ғана қол жеткізу керек екенін ұғыну
керек.
Құрметті ата-аналар, бүгінгі үлкен қуаныштыраыңыз құтты болсын!
Балаларыңыздың білімді, тәрбиелі, адамгершілікті ,намысты,табысты
азамат болуына тілектеспін. Баланың бас ұстазы ата-анасы екенін
ұмытпаңыздар. «Ұяда не көрсе ұшқанда соны ілерсің», «Әке көрген оқ
жонар, шеше көрген тон пішер» деген қазақтың ұлағатты сөздері бала
тәрбиесіне байланысты айтылған. Ендеше осы балаларымыздың болашағы
үшін –жігерлеріңізді аямай еңбек ете беріңіздер. Құрметті
оқушыларым сендерге сәт сапар тілеймін!
1-Жүргізуші:
Анель
Армысыздар, мұғалімдер әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз
сіздерді
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
2-жүргізуші:
Темірлан:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты
аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты
балалар.
Анель:
Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Темірлан: Дұрыс айтасың, Анель ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.
Анель: Олай болса Темірлан алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық!
Темірлан : Иә ,мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
1-оқушы :
Саят:
Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
2-оқушы: Ақерке:
Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сезім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
3-оқушы: Нұржан:
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
4-оқушы: Дильназ:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
5-оқушы :Айбарыс:
Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Би.
1-Жүргізуші:
Темірлан: Ғылым иесі ғалым да , ел
қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір
балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, ел басқарып
отырған президент те бәрі- бәрі ұстаздан білім
алған. Олай болса біз барлық
ұстаздардың алдында басымызды иеміз.
Хор: «Ұстазым»
әні
6-оқушы:Диляра
Алғашқы ұстазым анамызбен тең
келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмеді.
Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар
деп ұққын әрқашан балаң мықты.
7- оқушы:
Ақмарал
Жарық күннен жылы жүзің
елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол,
Көз жұмсам да көре тұғын белестер.
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай
8- оқушы: Айдос
Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ,ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың , даналардың .
Өмірде сенің алар орыныңа ,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
9- оқушы: Аяулым
Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.
Нұр құйған санасына зейіндінің.
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,
Дамыттың дарын отын
бейімдінің.
10-оқушы
Милана
Жаралған жақсы үмітпен
мұраттардан ,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе
есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.
Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады .
11-оқушы:
Мирас
Ұстаз деген бәрінен де
ардақты,
Сіз дарасыз орны қандай салмақты.
Сіздей ұстаз таба алмаспын ешқашан,
Білтұғын білімді де
жан-жақты.
12-оқушы:
Маржан
Кеудемізге құйылды жылы
үніңіз,
Кіршіксіз таза бізге көңіліңіз.
Біз сіздерге бауыр басып құштар болдық,
Болған соң бойда өнер біліміміз.
Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!
Көрініс: «Ералаш».
І жүргізуші: Темірлан:: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
ІІ жүргізуші: Анель :: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !
13-оқушы: Әділ
Өмірдегі жолымды бір өзіңнен
бастадым,
«А»әрпін алғаш сеннен
бастадым.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
14-оқушы: Іңкар
Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.
15 оқушы: Ақжүніс
Бастауышта шырқалмаған жыр бар
ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар , мәңгі талай жылдарға.
16 оқушы: Заида
Бастауышым- бал бұлағым
,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
17 оқушы: Хасан
Бастауышым- балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
18-оқушы :Дильназ
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Ән:
І жүргізуші:
Темірлан::
Ұшырса да бұл өмірден сан құсын,
Ұстаз – ғалым толастатпас мәңгі ісің.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы
,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын. -дей отырып, бізге сабақ берген
пән мұғалімдеріне алғысымызды
айтамыз.
Ағылшын пәнінің
мұғалімдері Арайлым мен Жазира
апайларға.
19-оқушы:
Гауһар
Үйренеміз жалықпай,
Ағылшын тілін шарықтай.
Тіл сындырып,ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Арайлым ,Жазира апай тәлімі
Сәулесін шашқан
жарықтай.
Дене шынықтыру пәнінің
мұғалімі : Жанғазинов Мәлік
ағайға
20-оқушы:Айдос
Түзеттіріп шалалықты
,
Есейттіңіз балалықты.
Ойламайтын ертеңін,
Ойсыз кейбір еркені,
Жатттықтырып күреске.
Талай топқа салдыңыз,
Жүлделі орын алып кеп
Ел алғысын алдыңыз.
Өзін-өзі тану пәнінің
мұғалімі: Сапаралиева Айнұр
апайға.
21-оқушы:Ақмарал
Сөз сөйлесе жарқын-ақ,
Күніміздей жарқылдап.
Қызық өтіп сабағы,
Өсіреді ой-сананы.
Біздерге ойнап күледі,
Сырымызды біледі.
Өзімізді өзімізге танытып,
Жақсылыққа бастап ылғи жүреді.
Музыка пәнінің мұғалімі:
Балабекова Меруерт апайға.
22-оқушы:
Жұпар
Сұлулықтың символындай
әдемі,
Меруерт апай бізге сабақ береді.
Ән салып, күй тартқанын көргенде,
Мен де өнерлі адам болғым келеді.
23-оқушы:
Жанель
Үлгілі әр кез, ұстамды,
Сабырлы ,ізгі ұстазды
Анадай көріп сыйлаймыз
Айырлар кезде қимаймыз.
24-оқушы: Ақжүніс
Шарықтап биік қиялым,
Шаттанып шексіз сый алдым.
Анамдай ұстаз мектебім,
Алғысым айтар көп менің.
25-оқушы:Жанатбек
Ай, жыл сайын қарулантып
біліммен,
Алға дәйім мені бастап өсірдің.
Нәр аламын оқытушы үніңнен,
Аяулысың бастауыш менің мектебім.
Бірге
1-текті мінез даналық,
2- ұсынғаны адалдық
3-Үйреткені адамдық
4-Бар ұсатазға тілейміз
Хор: бақыт, табыс амандық.
Би:
ІІ жүргізуші: Анель
:
Ақыл ,сана берген білім тереңін,
Алғысы көп мектебіне өреннің.
Ұлағатты ұстаздарға сол үшін,
Ұрпақтары көрсетеді өнерін.
Концерттік бағдарлама:
Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген