жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты. Қош бол, бастауышым!
Тақырыбы:
Қош бол, бастауышым!
Мақсаты:
1.
Білімнің сара жолының бастауыштан
басталатынын, бастауышта алған білімнің
негізі болып қалатынына көз жеткізу;
2.
Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам
ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса
отырып, орта буында сабақ беретін
ұстаздармен таныстыру, әр баланың
ерекшеклігін таныта отырып, сәт - сапар
тілеу;
3. Білім берер ордасы мектепті,
ұстаздарын құрметтеп, білімге деген
құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал
ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Қанатты сөздер мен тақырып, шарлар,
проектор.
Мұғалім:
Қош
келіпсіздер , құрметті ата – аналар,
қымбатты ұстаздар,
оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған
бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі
сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын
жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің
негізі болатын бастауышта оқып, білім
алып, қанаттарын қатайтып бастауыш
сыныппен қоштасқалы отыр.
Бесіктегі
баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына
түсіп баланың,
Жүргенін
көрген - бір мұрат,- дегендей, тарыдай
болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен
солын танып жақсы мен жаманды айыра
білуді үйренген шәкірттеріміздің
ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған
« Қош бол, бастауышым!»
атты
мерекемізді
бастауға
рұқсат етіңіздер!
1-Айдана:Осыдан
4 жыл бұрын, бүгінгі кейіпкерлеріміз,
біреуі анасымен, біреуі әкесімен, енді
біреуі ата-әжесімен қол ұстасып мектеп
табалдырығын аттап еді.
2- Елжан:
Ия, алғашқы күннен бастап ұстаздарымен
танысты, партаға қалай отыру керектігін,
басқа да мектеп ережелерін үйренді.
1-
Айдана: Қолдарына
қалам ұстап, А әрпінен бастап, 42 әріпті
танып, 1-ден 100-ге дейінгі , 1000-ға дейінгі
сандарды санай алатын дәрежеге жетті.
2-Елжан:Содан
бергі 4-жыл ішінде талай бойымызға
сіңіріп үйрендік. Бүгін міне, соның
айғағы ретінде, бастауыш мектеппен
және бізді білім нәрімен сусындатқан
аяулы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
1-
Айдана: Елжан,
ендеше,Майлин атындағы
орта мектебінің 4 -сынып оқушыларын
қошеметпен сахна төріне шақырымыз!(4
сынып оқушылары музыкамен ортаға
шығады)
1-Айдана:
« Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден
балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай ,
алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз
бен солымызды танытқан, бізбен бірге
қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен
сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз
екені бәрімізге мәлім. Балалардың
ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас
бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Елжан?
2-Елжан
:Әр
шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға
, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.
«Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп
Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
1-Айдана:
Дұрыс
айтасың Елжан, ғылым иесі ғалым да , ел
қорғаған батыр да, тілінен бал тамған
ақын да , тегеуріні темір балқытқан
жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер
де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие
алған. Кешімізді бастамас тұрып,
құттықтау сөз мектеп директорының
орынбасары оқу ісінің меңгерушісі
Бану
Сағатбекқызына
беріледі.
2-Елжан:
Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз:
«Болашақтың басшысын да, данасын да,
ғалымын да, еңбекқор егіншісін де,
кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен.
Олай болса келесі кезекті 4 сынып
оқушыларына береміз.(4
сынып оқушыларының әдеби – монтажы,
мектеп, бастауыш сынып, ұстаздарға
байланысты тақпақтарын айтады)
Жігер :
Армысыңдар,аяулы да асыл жанды
аналарым!
Диана
:
Армысыздар, аяулы да ,қымбатты
ұстаздарым!
Салауат:
Қош келіпсіздер , құрметті қонақтар
!
Жанасыл:
Бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде үлкен
той.
Тахмина:
Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой
санамызды дамытқан , адамгершілікке,
адалдыққа баулыған , қолымызға алғаш
қалам ұстауды үйреткен , әріптер мен
сандардың сырын ұғындырған алғашқы
ұстаздарымызбен қоштаспақпыз.
Нұртай:
Ендеше, кешімізді бастаймыз.
Жігер:
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге
ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай
сәуле құйған көңілге,
Армысыздар ,
ұстаздарым қымбатты!
Тахмина:
Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз
күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін
мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой
Абай, Ыбырай бабалар
Нұртай:
Армысыздар мұғалімдер, әз жандар,
Білім
іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ
жая қарсы аламыз сіздерді,
Өлең оқып,
би билеп, ән де бүгін айтылар
Салауат:
Армысыздар ер тұлғалы әкелер!
Қыран
құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне
бастауышпен қоштасады,
Азамат боп ,
кешегі сәби- еркелер!
Диана:Қош
келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай
құлпырған,
Біз
алаңсыз балғын шақты балалар.
Жанасыл
:Армысың
сен , алтын ұя мектебім
Саған
айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге
жаққан білім шырағын ,
Мектебіме
арналады бұл әнім!
Диана:
Ендеше,
мектепке арнаған жырымызды айтайық.
Салауат:Мектеп,
мектеп – ашық жарқын көңілім
Мектеп,
мектеп – шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп, жан анам боп көріндің.
Жігер:
Мектебім-білім берер алтын ұям,
Ер
жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған
4 жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті
атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп
жыл,
Әр күні балалықты бір жүрек
бұл,
Өзіңе борыштармын өмір
бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп
біл.
Тахмина:
Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп
деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп
деген тәрбиеші
адамға.
Мектеп деген даналардың
мекені.
Нұртай:
Мектебім, алтын ұя мектебім, нұрың
жарық,
Жайнаттың үмітіңнің гүлін
жарып.
Сүйкімді сенің күміс
қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр
қағып.
Диана:Мектеп-үйім,
ұстазым менің ата-анам,
Сенен өсіп,
сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық ,сен
мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан
тарапқа тараған.
Жанасыл
:Мектеп
деген киелі ұғым ғажап ат,
Тынысы
мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан
болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшты
талай-талай азамат.
Хормен:
Мектеп – кеме, Білім-теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда, Ұстаз берген білім қолда.
1-Айдана:
Елжан адамдарда қандай аналар бар? Айтып
атап бере аласың ба?
2-Елжан:
Отан-ана, жер-ана, өз анаң, мектеп-ана,
ұстаз-ана!
1-Айдана: Ия, дұрыс айтасың. Бүгінгі кештің назарын мектеп-анаға, ұстаз-анаға шексіз ыстық, қуанышты,қайталанбас шын жүректен шыққан тілектер айтайын дегенім ғой!
1-Айдана:
Алтын ұя мектептен атамыз да, әжемізде,әкеміз
де анамыз да тәлім алған.Келесі шырқалар
тамаша әнімізді қабыл алыңыздар!
Хор:
«Мектеп әні»
1оқушы:
Иә осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби
- балалар сөмкемізді зорға көтеріп,
мектеп табалдырығын жасқана аттаған
едік.
2оқушы: Енді міне сауатымызды
ашып, білім негізін қалаған бастауыш
мектеппен қоштасып, орта буын қатарына
қосылғалы тұрмыз.
3оқушы:: Иә, міне
сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің
ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі
азамат етіп шығарды.
4 оқушы: Ендеше
бастауыш сыныбымыз туралы неге
айтпасқа!
Жігер:
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма ?
Бастауышта айтылмаған сыр бар
ма ?
Бастауышта алған білім,
жырларым ,
Азық болар мәңгі
талай жылдарға.
Салауат
:
Өтті сенде қызық шағым ,
Бастауышым
– бал бұлағым .
Қоштасар күн
жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Диана
:
Бастауышым – балбұлағым ,
Лаулап жанған шам
шырағым.
Өзің берген біліміңмен ,
Самғап ұшар тау қыраның.
Жанасыл
:
Бастауышым – бал бұлағым ,
Алдым сенен
балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді
жаудырамын
Нұртай:
Балалықпен тәртіп бұзсақ, кешіруді
сұраймыз,
Терең білім алуды
енді, мақсат етіп шыңдаймыз.
Алтын ұя мектеп даңқын, даралап тағзым
етеміз,
Білімді әрі жалғастырып,
арманға біз жетеміз.
Тахмина:
Өзіңсің балауса көктемім,
Мен сенен нәр алдым, көктедім.
Өмірде алғашқы өткелім,
Рахмет саған, бастауыш мектебім.
Хормен
:
Білім берген біздерге,
Рахмет,сіздерге!
Салауат:Есімде
ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты. Жанасыл: Үйретіп бізге алғаш әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы мақсаттары,
Оқудың
сәулесімен жарық көрді.
Диана
:
Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын
бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп
асыл жан
Әр шәкіртін баласынан кем
көрмейді.
Жігер:
Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік,
ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың
сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң
мықты.
Тахмина
:
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Ұстазымның
жүзіндегі нұр қандай !
Мейірлене қарап қойып
біздерге
Күн астынан сабақ беріп
тұрғандай.
Нұртай
:
Ұстазым ! Ұстазым өзің едің асқақ әнім
Басталған
ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың
, даналықтың
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Жігер:
Біз үшін биік дана адам,
Аямас бәрін баладан.
Салтанат апайға мың алғыс
Білімің өшпес санадан.
Ұштаған шәкірт қиялын
Сіздерсіз айтар жиі әнім
Құралай, Айдана апайларға
Мың алғыс шын жүректен.
Тахмина: Шәкіртпен талай өтті күн
Құлақта мәңгі тәтті үнің.
Айқын ағаға мың алғыс
Үйреткен бізге шет тілін.
Салауат: Түсінер жанды сыралғы,
Есімін жаттар ұранғып.
Білімнің жаққан шырағын
Бейбітгүл апайға мың алғыс.
Жанасыл: Арманға биік аттанар,
Сіздермен шәкірт мақтанар.
Жадыра, Гүлжан апайға
Алғыстар шексіз ақтарар.
Диана: Спорт денсаулық кепілі,
Деп – айтқан Сымбат ағамыз.
Баулыған бізді спортқа
Айтамыз сізге мың алғыс.
Нұртай: біліммен шәкірт түлеткен,
Жылу мен жанға гүл еккен
Сандуғаш, Шынар апайға
Мың алғыс шын жүректен.
Бәрі
:
Мың алғыс сізге біздей
түлектерден, білім берген ұстаздарға,
Мың
алғыс мына отты жүректерден !
2-Елжан: Жамандықтан сақтандырған,
Жақсы істі мақтан қылған.
Білім берген ұстаздарды,
Билерімен шаттандырған.
Би: «Мектеп биі»
1-Айдана:Білім
деген қауыздан гүл ашылған
Оған керек
таусылмайтын көп шыдам.
Бар білімнің,
бар ілімнің атасы
Бастау алар бастауыш
сатысынан – дей келе, бастауыш сыныптарда
оқыған пәндер бойынша білімімізді
тексерейік.
2-Елжан:
Келесі кезекті «Алғыр
алтау» ойынына
берейік.
1-Айдана:
Жас
жүректің өмірінің құштары гүл,
Бағбан
– ұстаз баулыған құстары бұл,
Қоштасып
бүгінгі күн бастауышпен ,
Сол құстардың
бір тобы ұшқалы тұр. – дей
келіп, 3 сыныптардың ыстық лебіздерін
тыңдайық.
2-Елжан:
Буындары былқылдап,
Саусақтары сыртылдап
Тал
шыбықтай иілген,
Таң
қалдырған биімен «Батыр
биі» қыздарды
ортаға шақырамыз.
1-Айдана:
Өнер бар ма қазақ халқы құр қалған,
Өнер
шыңы пәктігімен тұрды алдан.
Бал құрақтай көлге біткен балауса,
Би құдыреті мың бұралып ырғалған.
Ұлдар
биі
қарсы алыңыздар.
2-Елжан:
Өмірде ата-анаңмен бауыр қымбат,
Тай
құлындай бірге өскен достар қымбат.
Сусындатып
білім беріп үйреткен,
Ұмытылмас
дара тұлға ұстаз қымбат.
Келесі
әніміз алғашқы ұстаз Салтанат Ақанқызы
және бастауышта білім берген
ұстаздарға арналады.
Ән:
«Алғашқы ұстазым»
орындайтын Әлібекұлы
Нұртай.
1-Айдана:
Алғашқы
ұстаз ерекше тұлға дара шын,
Ұмтылмастай
көңілде мәңгі қалатын,
Сарғайып
кеткен суреттерді парақтап,
Шәкірттерін
оңашада еске алатын.- дей келе, 4 жыл бойы
оқыған күндерімізге көз жүгіртсек, сол
күндерді еске алайық. (Слайдты
тамашалау) 2-Елжан:
Көмейден
құйылады жырдың басы
Өнермен тасығандай дариясы
Ән айтып би билесең ширайсың сен, Сұңқардай қияға ұшқан кең құлашы- дей келе, «Қоштасу вальсі» қошеметпен оқушыларды ортаға шақырайық. 1-Айдана: : Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын ешкімнен аямаған.
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың, Ұстаз деген аяулы, ардақты адам. Хор: «Ұстазға мың тағзым» әнін қабыл алыңыздар.
1-Айдана:Жетекші
боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап
көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар
ұстаз сөзін
Сіздерге арнап айтатын тілегін
де – дей отырып сөз кезегін сынып
жетекшісі Бейбітгүл Әбдіхалыққызына
береміз !
Мұғалім
сөзі
:
Қымбатты шәкірттерім, теңіздей терең
білім ап, болашаққа бет алған желкенді
қайықтарыңыз ешқашан да тоқтамасын.
Асау толқынды Өмірдің не бір қиындықтарын
жеңе біліп, ұстаз берген білім мен
тәрбиені қару етіп, талмай жүзе
берулеріңізге шын жүректен тілектеспін.
Сіздерге диплом және сыйлығымды қабыл
алыңыздар!
Сендерге сәт сапар,
шәкірттер! Жолдарыңыз болсын! Рақмет!
2-Елжан: Күміс күлкі симай тұр қара мұнда, Ата-анадан бақытты жан барма екен? Қол жеткізген аңсаған арманына Сөз кезегі түлектердің Ата-аналарына және ұстаздарға беріледі.
1-Айдана:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар
бүгінгі
«Қош бол, бастауышым!»
атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып
тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды
білдіреміз.
2-Елжан:.Жұлдызыңды
жақ!
Бұл сөз тек сіздерге арналады,
түлектер!
Ұстаздарыңыз, мектебіңіз
соған тілекші.
Жолдарыңыз
болсын, түлектер!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген