400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Қош келдің, әз Наурыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесін өткізу. Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қош келдің, Әз - Наурыз!


Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй жабдықтары, дастархан.


Жүргізуші: Армысыздар ата - аналар, ұстаздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!

Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

Олай болса «Қош келдің, Әз - Наурыз!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Армысыңдар, халайық,

Бармысыңдар, халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық - дей келе балалардың наурыз мерекесіне арнап айтатын балаларымызды4 орындауында Наурыз-көктем әнін қабыл алыңыздар!.

Жүргізуші:

Наурыз-көктем мерекесі,

Наурыз-жыл басы,

Наурыз-Жаңа серпін, жаңа леп,

Наурыз - қуаныш мерекесі.

Әлди - әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем

Жылама, бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін.

Байғұтанның құйрығын

Жіпке тағып берейін – деп, осындай керемет мерекенің қарсаңында дүние есігін ашқан сәбиіміздің бесік тойын тамашалауға барлығыңызды шақырамын. (Бесікке салу)

Ендеше, осы тойға құттықтап арнайы келген ұлдарымыздың биін тамашалайық.

"Қазақтың баласымын" биі

Жүргізуші:

Салт - дәстүрмен жарасса,

Жыр оқиық тамаша.

Жарыса өнер көрсетіп,

Ойын ойнайық тамаша - ендігі кезек қазақтың ұлттық ойындарын тамашалайық

Ойын: «Қыз қуу»

Жүргізуші:

Ерітіп қарын даланың,

Жинатып гүлін саланың

Жетелеп жұмсақ самалын

Келді Наурыз - жыл басы.

Қаз - қаз балам, қаз балам

Қадам бассаң мәз болам

Күрмеуіңді шешейін

Тұсауыңды кесейін – арада жыл өтіп бөбегіміз тәй-тәй баса бастапты, ендеше тұсауын кессін деп ауылымыздың апа-әжелерін жинаған едік, рәсімді көрсету үшін ортаға шақырайық. (Тұсау кесу)

Мен қазақ қыздарынан қайран қалам

Жанары жаны жаздай жайраңдаған

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам - дей келе тұсау кесу тойына келген әсем қыздарымызды «Қамажай» биімен қарсы алайық.

Би: «Қамажай»

Жүргізуші:

Наурыз - достық, наурыз-күн,

Барша халық бірлігі,

Тағы келді Ұлыс күн,

Жалғасып ғалам тірлігі.

Наурыз тойы - береке,

Наурыз тойы - жыр аңыз,

Наурыз - думан мереке,

Қызық думан құрамыз.

Ойын: "Орамал тастау"

Жүргізуші:

Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,

Мейірім танысын деп тасып өткен,

Наурыз- сән, салтанат, ұлттық рух,

Наурызы бар бақытты халқым неткен!

Ендеше, бүгінгі Наурыз тойына келіп отырған әжелерімізді, аналарымызды Қара жорға биін билеуге шақырайық.

Флешмоб: "Қара жорға"

Жүргізуші:

Әнімде саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлар елімі,

Күлімде, Наурыз, күлімде!

Ойын: "Арқан тартыс" аналармен.

Жүргізуші:

Наурызым - тойлы нұрлы күн,

Мерейің асып тұр бүгін,

Жерімнің жүзін жылыттың,

Елімнің сақта бірлігін! - дей келе бүгінгі Наурыз тойына арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Баршаңызға Наурыз мерекесі ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ақ мол болсын келесі наурызға уайым - қайғысыз, аман - сау жетейік.

Ән: "Наурыз-думан"

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.03.2019
1324
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі