400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

тәрбие сағаты "Қош келдің Жаңа жыл!" 1кіші топ

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты "Қош келдің Жаңа жыл!" 1кіші топ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: “Қош келдің, Жаңа жыл”

Мақсаты:

1Жаңа жыл мерекесіне деген көңіл күйлерін қалыптастыру.

2 Қуанышты достарымен бөлісе білуді үйрету, эстетикалық тәрбие беру. 3Ойлау қабілетін мен тілін дамыту.

Зал ішінде жап-жасыл шырша. Шыршада алуан түрлі ойыншықтар ілінген, түрлі түсті әшекейлермен безендірілген.

Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөліп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймыз бәріңді

Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы

Құтты болсын ағайын

Жаңа жылың тағы да

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға

Ертеңгілік басталсын

“Еркемай” тобында

Жүргізуші:

- Тезірек тездетіп мұнда жиналыңдар.

Қонжықтар мен Қуыршақтар келіп қапты ортамызға.

(Балалар ата-аналарды, қонақтарды құттықтайды)

Біз тілейміз Жаңа жылдық шаттықты

Біз тілейміз Жаңа жылдық бақытты

Би: «Топ,топ сапожок»

Балалардың құттықтауларың қабыл алыңыздар

Тақпақтар

Қоян ән айтып шыршаны айланып....

-Ой,мен қайда келіп қалдым?

Ж:Сәлеметсін бе,Қоян сендер «Ер Төстік»балабақшасына «Еркемай»тобындағы ертенгілікке келіп қалдың.

Біз Аяз атамен Ақшақарды тосып отырмыз.

Қоян:Мен сендермен бірге күтіп алайын қарсы болмасандар

Уақытты босқа өткізбей сергіту сәтін өткізейік:

«Ұзын құлақ сұр қоян» (сергіту сәті)

Қоян –Жарайсындар,балалар

Жүргізуші: - Балалар бізге қоңақ келіп қапты(Фея кіреді)

Фея: - Жаңа жыл келді

Азаймасын ән мен жыр

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын Жаңа жыл

Сәлеметсіздер ме балалар

Қандай әдемісіңдер, сүйкімдісіңдер

Шыршамыздағы ойыншықтары да керемет

Бірақ... шыршамыз көңілсіз, кәне менің сиқырлы таяғымның көмегімен сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық

Ән “ Шырша шамы жарқыра”

Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы Жаңа жыл мерекесі болғанда бізге қонаққа міндетті түрде жаңа жыл келеді.

Біз қоңырау көмегіне сүйенейік

(Әтеш пен ит кіреді)

Әтеш: Сәлеметсіндер ме, балалар

Мен тұрмын қуанып

Шаттыққа бөленіп

Бір жыл бойы сіздермен

Дос болдық қой шаттанып

Енді міне балалар

Келді кезек қоштасар

Балалар: Қош, қош ескі жыл

Жүргізуші:Ескі жыл кетті ,жаңа жылды қарсалайық!

Ит: Мен Жаңа жылмын

Мен жаңа нұрмын

Нұрымды да себейін

Жырымды да себейін

Жүргізуші: ”Міне керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық

Ән :«Шырша»

Жүргізуші: Фея ханым көмектесіңіз Аяз атамызды ортаға шақырайық.

Барлығымыз бірге : «Аяз ата,Ақшақар А-У»

Балалар: Аяз ата,Ақшақар А-У

(Аяз ата, Ақшақар келеді)

Аяз ата: Құтты болсын балалар

Келген Жаңа жылдарың

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп қыз, ұлдарым

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жыл құтты болсын.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, алыс жолдан келдіңіздер

Жүргізуші: Әсем әні де бар , биі де бар

Отыр ата, сәл дем ал

Ән “ Аяз ата ”

Ақшақар: Мен білемін бір ойын

Үйретейін сендерге

Мен бастаймын, ал сендер аяқтандар ойынды.

Хормен жауап айтындар.

  • Қарға мүлгіп дала тұр

Келе жатыр ... (жаңа жыл)

  • Қызыл мұрын, ақ мұртты

Білсен атын тез ата

Келеді бізге . . ( Аяз ата)

  • Шырша бүгін кәделі

Сендер әрі ...( әдемі)

  • Көңілсіз бір бала жоқ

Ойын-күлкі таралсын

Құтты болсын ...( жаңа жыл)

Жүргізуші: Әуеледі әніміз

Жаңа кірді сәніміз

Ақшақарға арнап біз

Қонжықтар биін билейміз

Аяз ата: - Жарайсындар, өнерлі екенсіңдер.

Жүргізуші: - Ия біздің балалар шетінен өнерлі. Сіз дем алып отырып қалдыңыз Аяз ата кезекті ойынға берейік.

«Қатырмақ»ойыны

Жүргізуші: -Жарайсындар, ал енді сіздерге арнап біздің қыздар

Қуыршақтар биін ұсынады. Тамашалайық, қолымызды

аямай шапалақтайық.

«Қуыршақтар» биі

Жүргізуші: - Аяз ата сіз біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіз?

Аяз ата: Ой-буй, ұмытшақ басым-ай казір-казір ...

( Сыйлықтарды іздейді, таба алмайды. Ит пен Фея іздеуге комектеседі шыршаның астынан үлкен дорба тауып алады)

Жүргізуші: Аяз ата сыйлық тарататын уақыт келген сияқты.

Сыйлықтарды табыстау балаларға.

Келген қонақтар: Жарайсындар, алыс жерден шаршап келгенде көңілімізді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін де қандай әдемі. Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың да өнерін тамашалайық.

Балалар: Рахмет сіздерге. Сау болыңыздар.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар «Қош келдің, Жаңа жыл» атты мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген, ата-аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс. Көріп ат салысқандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын. Отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін.



















































Тақырыбы:



«Қош келдің Жаңа жыл!»









Тәрбиеші:Бекбосова А.Ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
803
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі