Тақырыбы: Қош
келдің, Жаңа жыл!
Мақсаты: Оқушыларға жаңа жыл мерекесі туралы тереңірек
түсінік беру.
Көрнекілігі: Жаңа жыл суреттері
Рахим: Ассалаумағалейкум, құрметті
қонақтар!
Інжу:Армысыздар, ардақты ұстаздар, ата- аналар,
оқушылар.4а сынып оқушыларының «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты
мерекелік думанын тамашалаңыздар!
Рахим: Жаңа жыл сіздерге табыс, бақыт, қуанышын ала
келсін!
Інжу: Еліміз көркейіп жайнай берсін, егемендігіміз
мәңгі, өміріміз сәнді, балаларыңыз бақытты, денсаулықтары мықты
болсын!
Дастан: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа
бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа
бақыт.
Доңыз жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықтың белгісі, жаңа
уақыт,
Рахман: Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
Ән: Жаңа жыл.Орындайтын Есіркеп
Гүлназ
Орыс биі: Орындайтындар бір топ қыздар мен
ұлдар
Ердәулет: Жаңа күнде ән қылып,
Тек
жүреміз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай.
Шырша тұрар мәңгілік!
Інжу: Рахим білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп,
әрі ең керемет тойланатын мереке екен.
Рахим:
Інжу дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды.Бүгін біздің
достарымыз да қуанышты әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа
жылдық шыршалар бой көтеріп, баладан қарияға дейін бақыт құшағында
жүреді екен.
Інжу:Құрметті ұстаздар, ата – аналар,
оқушылар.Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы Жаңа жыл
мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Рахим:
Жаңа жыл – қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз.
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
Мерей: Достар біздің ортамызда не Аяз ата, не Ақша қар
жоқ.Қалай болғаны?Аяз ата мен Ақша қар келмей мен тақпағымды
айтпаймын.
Інжу: Ойбуууу, ұят болды ғой!Біз шынымен осы Жаңа
жылдық кешін ұмытып кетіппіз ғой.Достар ендеше бәріміз бір ауыздан
Аяз ата мен Ақша қарды шақырып алайық.
Рахим: Барлық балалардың қуанышы Аяз атаны ортамызға
шақырайық.Аяз ата!Аяз ата!Аяз ата!
Інжу:Балалар, Аяз ата біздің айтқандарымызды
естімеген болар, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық.Аяз ата!Аяз
ата!
Рахим:Аяз
атаның сыйлығы мол көрінеді.Менің достарым да риза болып қалатын
шығар.Аяз ата сізге және Ақшақарға менің достарым өлең оқып берем
деп тұр.
Мерей: Жаңа жылда балалар,
Тек
қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан
Мықты болу өзіңмен.
Гүлназ: Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Нұрила: Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрлет Төрлет Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
Бағдәулет: Боранмен буып белді.
Жаңа жыл тағы келді.
Берекесін ала келсін.
Нұрға бөлеп біздің елді.
Гүлсезім: Келді тағы Жаңа жыл
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді.
Аянат: Жасыл шырша қош келіпсің,
Сені күтіп жүрдік біз.
Көркейсін деп сенің жүзің.
Ойыншықтар ілдік біз.
Нұрай: Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Нұржан: Жаңа жыл – жаңа бағыт,
Әкелсін далама құт.
Өнерлерің көп болсын,
Елде уайым жоқ болсын.
Думан: Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл
Би.Ағылшын вальсі.Орындайтындар: бір топ қыздар мен
бір топ ұлдар
Інжу: Жасыл желең жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Рахим: Құрметті достар:
Інжу: Қадірлі ұстаздар, ата – аналар!
Рахим: Жаңа жыл отбасыларыңызға бақыт пен шаттық
әкелсін.Еңбектеріңіз жемісті болсын!
Інжу: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-
саламатта болыңыздар!
Хор: Шырша жыры.