Материалдар / Тәрбие сағаты. «Қош келдің, Жаңа жыл!». 5-7 сынып.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты. «Қош келдің, Жаңа жыл!». 5-7 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында керемет тәрбие сағаты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Тамыз 2024
161
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 25.12.2021 ж.

Сыныбы: 5 «Б»

Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»

Мақсаты: Оқушыларды жыл он екі айдың иелерін білуге, жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету. Шығармашылыққа баулу, эстетикалық тәрбие беру.

ӘСЕТ 1-жүргізуші:Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ дастарқан жапқандай
Халық біткен қарбалап
Қонақ күтіп жатқандай


АРУЖАН 2-жүргізуші: Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде-жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.


ӘСЕТ 1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, мен оқушылар! Келе жатқан барыс жылы мерекесімен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш акелсін. Ортада Унгарбек Аружанның орындауында «Ерке сылқым» күйі.


ӘСЕТ 1-жүргізуші: Жаңа жыл – ең қызықты, қуанышты, ерекше мереке. Кешіміздің соңына дейін белсенді қатысқан оқушыларға ерекше сыйлығымыз бар.

АРУЖАН 2-жүргізуші: Кешімізді бастамастан бұрын сыныптан 2 оқушыдан ортаға шықсын, ол - өзі желаяқ, сөзге шешен, тапқыр, яғни жан-жақты оқушы болсын. Себебі жаңа жылымыздың сәнін келтіретін аяз ата мен ақшақарды іздеп, тауып алып келу керек. Аяз ата мен ақшақар қайда мерекелеп жүргенін білмейміз, сіздер осы хатты оларға апарып беріп, аяз ата мен ақшақарды бірге алып келесіздер. Уақытымыз шектеулі, сіздерге 10 минут уақыт беріледі. Сіздер 10 минуттың ішінде аяз ата мен ақшақарды осында ертіп әкелулеріңіз керек, таба алмаған жағдайда қайта оралып үстелге отыра бересіздер.(2 оқушыны шығарып жібереміз). Ал жолдарыңыз болсын, іске сәт достар.

АРУЖАН 2-жүргізуші: Енді кешіміз әрі қарай көңілді болуы үшін, ойын ойнайық.
1-КОНКУРС. Ортаға 2 оқушыны шақырамыз. Екі оқушының да қолын байлап, бір партада тұрған конфеттерді аузымен екінші партаға тасуы керек. Конфеттерді жерге түсіріп алмауы керек. Қай оқушы 1 минуттың ішінде көп конфет тасиды, сол жеңіске жетеді.

ӘСЕТ 1-жүргізуші: Қатысқан жұптарға мың алғыс, орындарыңызға отыра беріңіздер.
Қандай тату өздері
Күлімдеген көздері
Кәне, кәне, келіңдер
Бір би билеп беріңдер.
Ортаға Бегмолда Дәурен мен Унгарбек Аружанды
«Жаңа жыл» әнімен шақырайық, бірге билейік.


ӘСЕТ 1-жүргізуші: Рахмет достар. Орындарыңызға жайғасыңыздар. Біздің бағанағы межелеген уақытымызда таяды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен? (Іздеп кеткен оқушылар келеді, біреуі айқайлап айтады).


АРУЖАН 2-жүргізуші: Міне, міне, мен жақсы хабар естіген сияқтымын. Сіздер ше?
(Тапқан баланың сөзі: Мен таптым! Мен таптым! Біздің кешіміздің құрметті қонақтарын алып келе жатырмын).


ӘСЕТ 1-жүргізуші: Мінекей біздің көптен күткен қонақтарымызда келеді. Олай болса орнымыздан тұрып, қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.


АРУЖАН 2-жүргізуші: Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық.


НҰРЛЫХАН Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4 пен 5-ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.


АСЫЛЖАН Ақшақар: Саламатсыздар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.

ӘСЕТ 1-жүргізуші: Қош келдіңіз Аяз - Ата ,
Қарсы аламыз орын беріп .
Ән салыңыз бізбен бірге ,
Би билеңіз бізге еріп.

Ал, Аяз ата мен Ақшақар орындарыңызға жайғасыңыздар!

Ортаға Бегмолда Дәуренді «Жаңа жыл» әнімен шақырамыз.

АРУЖАН 2-жүргізуші: Ортамыз нұрға толып, Төрт құбыламыз түгел болды.

ӘСЕТ 1-жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.

АРУЖАН 2-жүргізуші: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы, арманы
Жақсы дәстүр көбейсін

АРУЖАН 2-жүргізуші: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық. 2-КОНКУРС. “Сұрақ – жауап” ойыны.
Ойынның шарты: Ортаға екі оқушыны шақырып сұрақтардың жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай оқушының дұрыс жауаптары көп болса, сол оқушы жеңеді.
Сұрақтар:
1. Сөмкеде не жатыр?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Асханада кім бар?
4. Сыныпта неше терезе бар?
5. Қолда неше саусақ бар?
6. Жазда ауа райы қандай?
7. Бір тәулікте неше сағат бар?
8. Мектеп неше қабатты?
9. Күзде не сарғаяды?

Керекті сөздер: қалам, жеті, аспаз, екі, бес, ыстық, жиырма төрт, екі, жапырақ.


ӘСЕТ 1-жүргізуші: Ал енді кезекті келесі ойынға береміз. 3 - КОНКУРС. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Ортаға 4 оқушы шақырамыз. Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер бұл шарлардың біреуін таңдап жаруыңыз керек. Шарды жарып болған соң, шардың ішінен шыққан қағаздағы тапсырманы орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз. Ал енді ойынды бастайық.


Ойын шарттары:

1. Лимонның жартысын қантсыз жеу керек.
2. Осы отырған оқушылардың арасынан қыз/жігіттің біреуін таңдап әсем би билейсиздер.
3. 2,3,4 санының көбейту кестесін айтыңыз.
4. Тауықтың қимылын келтіріңіз.


ӘСЕТ 1-жүргізуші: Жақсы, жарайсыздар! 4-КОНКУРС. Ортамызға тағы да

3 оқушы шақырамыз. Мына ыдыста әр түрлі сөздер бар. Сіздер сол сөздерді алып рет-ретімен би билейсіздер. Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған адам жеңімпаз атанады. Бастайық!!!!

Би: 1. Қара жорға 2. Өзбек биі 3. Шығыс биі

АРУЖАН 2-жүргізуші:
Сендер білесіңдер ме, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

ӘСЕТ 1-жүргізуші: Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп,еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді.

АРУЖАН 2-жүргізуші:
Жаңа жыл –қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
Серікбай Әсет, Жуанышбек Сырым, Талғатұлы Исламның орындауында «Флешмоп». Қабыл алыңыздар.

АРУЖАН 2-жүргізуші: 5-КОНКУРС. Әсем ән тыңдадық, билерін тамашаладық ендігі кезекті оқушыларымыздың логикаларын тексеріп көрелік. Ортаға төрт оқушы шықсын. Дұрыс жауап беріп отырған оқушыға стикер беріп отырамыз. Көп стикер жинаған оқушы жеңімпаз атанады.

1. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? (егер оны мұз етіп қатырса)
2. Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинасын бір қолымен кім тоқтата алады? (жол полициясы)
3. Патша кімнің алдында тәжін шешеді?
(шаштараздың)
4. Бір үйде елу батыр, үй сыртында өліп жатыр.
(сіріңке)
5. Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар?
(мен)
6. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? 
(шырпы)

7. Теңіздің суы неліктен тұзды? (балықтар иістеніп кетпеуі үшін)
8. Су астында қандай тас болмайды?
(құрғақ)

АРУЖАН 2-жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Қалауын тап, қар үстіне қада гүл,

ӘСЕТ 1-жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Сан тілектің бастамасы ғана бұл.


АРУЖАН 2-жүргізуші: Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп
Жер бетіне кереметті жина көп


ӘСЕТ 1-жүргізуші: Ақ қауырсын қанатына қайғы емес
Түтін емес, рауан нұры жинап от.
Жаңа жылдарың құтты болсын!

АРУЖАН 2-жүргізуші: Ал енді, «Қош келдің жаңа жыл» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтамас бұрын, сөз кезегін тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары -------------------------------------------------------------------------- берсек.


ӘСЕТ 1-жүргізуші: Рахмет сізге, ал оқушылар Аяз атамыздың сыйлығын қабыл алыңыздар.

ӘСЕТ 1-жүргізуші: Жүздеріңіз әрқашан жарқын, көңілдеріңіз шат, өмірлеріңіз думанға толы болсын.


АРУЖАН 2-жүргізуші: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау – саламатта болыңыздар!












































































Шомылып ақ қарға
Мақтадай жатқанда
Асыр салып ойнап жүргенбіз
Бір бақыт тапқанда
Самғайды ақпанда
Бақытты өмір сүргенбіз
Арманың барда
Бақытын алда
Шаттықпен өткізші өмірді
Айтарым енді
Жаңа жыл келді
Көтеріп жүрейік көңілді

[Қайырмасы]
Жаңа жыл келді қайта
Жаңа жыл әнін айта
Мұңайып қалма байқа
Өткінші бәрі
Жаңа жыл ай мен күнде
Жаңа жыл күн мен түнде
Шырқасын енді бірге
Жаңа жыл әні


Жаңа жыл!!! – 3 рет


2.Бір шаттық сезгеннен
Көрдін ғой көзбенен
Әппақ қар жерге түскенді
Мән беріп бір саған
Сәнденіп шыршаны
Жаңа жыл келді қыс келді!

Жаңа жыл келді міне
Шырқайық енді бірге
Көрмейсін көріктім ау
Дәл Мұндай жолды күнде
Қосайын әнге бүгін көзіннің мөлдірін де
Жаңа жыл шаттық әнін
Арнаймын енді кімге





Арманың барда
Бақытын алда
Шаттықпен өткізші өмірді
Айтарым енді
Жаңа жыл келді
Көтеріп жүрейік көңілді

[Қайырмасы]
Жаңа жыл келді қайта
Жаңа жыл әнін айта
Мұңайып қалма байқа
Өткінші бәрі
Жаңа жыл ай мен күнде
Жаңа жыл күн мен түнде
Шырқасын енді бірге
Жаңа жыл әні


Жаңа жыл!!! – 3 рет

[Қайырмасы]
Жаңа жыл келді қайта
Жаңа жыл әнін айта
Мұңайып қалма байқа
Өткінші бәрі
Жаңа жыл ай мен күнде
Жаңа жыл күн мен түнде
Шырқасын енді бірге
Жаңа жыл әні


Жаңа жыл!!! – 3 рет

Жаңа жыл













Қош келдің жаңа жылым қазағыма,

Қайранмын дүниенің ғажабына.

Көндірген бейнетімен азабына,

Қош келдің жаңа жылым қазағыма.


[Қайырмасы]

Белін бекем буған елім,

Бақ дәулетке тұнған елім.

Құтты болсын, кұтты болсын,

Жаңа жылым туған елім.


Қош келдің жаңа жылым даламызға,

Қайнаған туған жерім анамызға.

Жыл келді , той тойланды арамызда,

Қош келдің жаңа жылым даламызға.


[Қайырмасы]

Белін бекем буған елім,

Бақ дәулетке тұнған елім.

Құтты болсын, кұтты болсын,

Жаңа жылым туған елім.


Қош келдің жаңа жылым бағымызға,

Үмітті сәуле бердің жанымызға.

Қуаныш күйі ойнайды қанымызда,

Қош келдің жаңа жылым бағымызға.


[Қайырмасы]

Белін бекем буған елім,

Бақ дәулетке тұнған елім.

Құтты болсын, кұтты болсын,

Жаңа жылым туған елім













Лимонның жартысын қантсыз жеу керек.





Осы отырған оқушылардың арасынан қыз/жігіттің біреуін таңдап асем би билейсиздер.





2,3,4 санының көбейту кестесін айтыңыз.




Тауықтың қимылын келтіріңіз.





Shape1

ҚАЛАМ



Shape2

ЖЕТІ











Shape3

АСПАЗ









Shape4

ЕКІ











Shape5

БЕС







Shape6

ЫСТЫҚ







Shape7

ЖИЫРМА ТӨРТ











Shape8

ЕКІ











Shape9

ЖАПЫРАҚ





























Қара жорға



Өзбек биі



Шығыс биі









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!