400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Қош келдің, Наурыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлтымыздың ұлы мерекесі Наурыз мейрамына зор көңіл бөліп атап өтеміз. Бұл тәрбие сағатымның да мақсаты Наурыз мерекесін түсініп, салт дәстүрімізді қадірлеп, ұлтжанды ұрпақ болуға тәрбиелеу. Әріптестерім де осы тәрбие сағатымнан шәкірттеріне керегін алар деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

3

Сабақтың тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!

Сабақтың мақсаты: 1. Балаларға ұлтымыздың Наурыз мерекесі

туралы түсінік беру.

2. Дүниетанымын, сөздік қорын, есте сақтау

қабілеттерін дамыту.

3. Ұлттық салт-дәстүрлерді білуге,оларды мақтан тұтып

қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.


Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар!

Келе жатқан Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын! Тамыры терең, дәстүрі жаңарған мейрамның біз үшін маңызы өте зор.

Оқушы:

Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, мерекелік тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

ІІ әдеби монтаж.

Оқушы:

Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыз 22-де күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді.Тіршілік басталады. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі.

Оқушы:

Наурыз мейрамы — өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсының «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан.

Оқушы:


Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған.

Оқушы:


Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.

Оқушы:


Сондықтан біріншіден Наурыз тепе-теңдік мерекенің негізгі арқауы, мәңгі деп есептелген.

Оқушы:


1 Наурыз- жаңарудың, өсудің, түлеудің басы.

2 Наурыз — имандылық мереке. Алдына келгенде атанның құны болса да кеш.

3.. Наурыз — көктем мерекесі, еңбек тойы, ырыс пен молшылық бастауы.

4. Наурыз мерекесі — мейірімділік, қайырымдылық мейрамы.


Оқушы:

Мереке Наурыз жыл басы,

Наурыз тойы құтты болсын!

Шашу шашып жер бетіне көк толсын!

Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!

Оқушы:

Наурыз- гүл көктем,

Сәнді ай арайлы.

Күлімдеп күн көктен,

Нұр шашып қарайды.

Оқушы:

Бусанып жерім бай,

Төсінде қалқыр ән.

Наурыз-көңілді ай,

Шаттығы шалқыған.

Оқушы:

Ойнаймыз шаттана,

Ішеміз күнде айран.

Балаға, қартқа да,

Ортақ қой бұл мейрам.

«Наурыз думан» әні

Оқушы:


Армысыңдар жамағат!

Ару көктем, Әз Наурызым, ақ күнім

Ала келген бар әлемнің шаттығын.

Қазан-қазан көже жасап,

Азан-қазан көңілменен күн кешу,

Біздер үшін бақ бүгін

Ұлыстың ұлы күні, яғни Жаңа жылда Наурыздың 21-нен 22-сіне қараған түні даланы Қызыр баба аралайды екен. Қызыр баба үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас деп» шырақ жағып қояды екен.

Оқушы: Аманбысың ардақты халқым менің

Ардақта Наурыз тойын салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің

Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!

Оқушы:

Наурыз тойға жиналған халқым менің

Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.

Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің,

Ғажап болсын таппайтын тепе-теңің.

Оқушы:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн-көктем.

Жарығымен, шуағымен күн-ана

Алып келді жер бетіне гүл көктем.

Оқушы:

Қош келдің, Науырызым ардақты

Халқым саған бар үмітті арнапты

Жылда осылай келе берсін жасарып

Гүлге бөлеп, жырға бөлеп аймақты.

Оқушы:

Қиыры жоқ менің байтақ далама

Әсем, көркем ауылыма, қалама

Наурыз келді дүр сілкінтіп жерімді

Сырлы әніне құлақ түрмей болама?

Оқушы:

Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,

Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз

Үй – дастархан, даламыз – сахнамыз,

Ұлы мейрам Наурызды қарсы аламыз.

Оқушы:

ІІ. Наурыз – жыл басы

Тәуелсіз биік халқымның

Желбіреп туы шалқысын.

Әз Наурыз келіп еліме

Оқушы:

Жер – Ана бойы балқысын.

Жаңғырар дәстүр-салтымның

Көзелсін бұлақ жылғасы

Қастерлі менің халқымның

Қызыр баба

Ақыл-ойды асырып,

Ата салтын сақтаңдар.

Дұрыс сөзге тоқтаңдар.

Ұлы күні ұлыстың

Өкпе назды тастаңдар.

Мынау тұрған халықты

Ынтымақ пен достыққа,

Жақсылыққа бастаңдар. Әумин.

Оқушы:

Ұлыстың ұлы күнінде,

Көппенен бірге күлімде.

Көбейсін жаңа достарың,

Молайсын елге қосқаның.

Оқушы:

Жарасып көңіл хоштығы,

Бекісін халық достығы.

Ішінде жүрсе азғана,

Шайылсын өкпе, наз-нала.

Оқушы:

Алдыға сыймай сәбилер,

Құшағын жайсын жаңа үйлер.

Жастардың самсап отауы,

Мейірім төксін Отаны.

Оқушы:

Әспеттеп ата дәстүрін,

Әсем боп өссін жас буын.

Кірбің тартпасын кәрілер,

Барыңның дәмді нәрін бер!

Дүрлеген Қазақстанға

Таңғалсын дос та, дұшпан да!

Наурыз бата

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле – жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын!

Уайым – қайғы жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын! Аумин

Оқушы:Сұрақтар

. Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)

2. Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)

1.Киіз үй бөлшектерін ата (шаңырақ, кереге,уық, ағаш, есік, түндік, үзік, туырдық, киіз есік)

2. Бала тәрбиесіне байланысты қандай салт дәстүрлер бар? (шілдехана, бесіккке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер).

1.Ұлттық бас киімдерді ата (сәукеле, кимешек, жаулық, тақия, бөрік, тымақ, малақай, қалпақ)

2.Ұлттық ойындарды ата: (ақсүйек, алтыбақан, сақина салу, орамал тарту, қыз қуу, бәйге)

3.Қандай жілік қыз балаға берілмейді? (кәрі жілік)

6.Наурыз көже ге қандай тағамдар қосылады

2. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған? (Жауабы: 21 наурыз)


Қорытынды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
4071
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі