жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты Қош келдің наурыз шағын орталық
Қош келдің, Наурыз!
«Балбөбек шағын орталық тобы»
Тәрбишілер: Палманова Г.У
Рудный қаласы 2019 жыл
Наурыз мерекесіне орай безендірілген зал іші көңілді.
Жүргізуші: Наурыз тойы –көңіл тойы,
көктем тойы.
Жақсылық болса дейтін,
өмір бойы.
Биыл да былтырғыдай,
ақ көбейсін.
Елдегі бақыт,байлық,бақ
көбейсін.
Наурыз тойы құтты болсын,
аналарға.
Жыл сайын тойланатын,
мәңгі бақи.
Наурыз құтты болсын
баршамызға:
Қашанда құт береке орнасын деп,
Тойларда шашу-шашу салты елімнің
Уа, халайық, теріп ал шашуыңды.
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.
Шашу шашылады.
Көрісу, балалар көрісу салтын көрсетеді.
Ұлыстың ұлы күніне біздің бүлдіршіндеріміз тақпақтар дайындаған.
Нурислам: Армысыздар халайық,
Әркез аман болайық.
Наурыз тойын қуанып.
Жылда қарсы алайық.
Ақниет: Наурыз келді құт болып.
Мына бізге сүт болып.
Аққа аузымыз толады.
Бар жақсылық болады.
Ихсан: Наурыз күні-той думан.
Ортамызда сыйлайық.
Ән мен күйді төгілдіріп.
Інжу маржан шашайық.
Әмір: Жақсылыққа бас болып.
Алдымызға ас болып.
Келген Наурыз құт болсын.
Берері тағы мол болсын.
Жүргізуші.
Балалар «Наурыз»мерекесі жылдың қай мезгілінде болады?
-Балалар:-көктем.
-Көктемде қандай өзгерістер болады?
-Күн жылынады,ағаштар бүршік атып, жапырақтар шығады.т.д
-Көктем аруы залға кіреді.
Көктем балалармен амандасып болған соң:
Ал енді қазір бізге Айгерім көктемге арнап тақпағын айтсын.
Айгерім: Көктем келді, балақай.
Жасарды жер алақай.
Наурыз тойын тойлайық.
Әсем әнге салайық.
Балалар «Көктем» әнін орындайық.
«Көктем» әні орындалады.
Балалар казір біз «Күш сынасу» ойынын ойнаймыз.
Бұл ойын ойналып болған соң, залға Алдар көсе мен Қожанасыр кіріп келеді.
-Балалар қане біз бәріміз «Арқан тарту» ойынын ойнасақ қайтеді?
-«Иә» - дейді балалар
Тақпақтар оқу:
Ақтоты: Ата-бабам тойлаған.
Наурызым армысың.
Қызығына тоймаған.
Дарқан дала, қарлы шың.
Альбина. Наурыз келді, балалар.
Көктеді қыр , жағалар.
Наурыз тойын тойлайық.
Жаңа жылды қарсы алайық.
Ұлжан. Қане, достар, бастайық.
Жаңа жылдың жыр кешін.
Кейбір бала жүрмесін.
Қызықтардан тыс қалып.
Тамерлан.Келіңдер наурыз тойға, бәрің бүгін.
Аямас өнерпаздар ән мен жырын.
Келіңдер наурызда той тойлайық.
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Жүргізуші: Мың бұралған талшыбықтай жайқалып.
Нәзіктігі қимылынан байқалып.
Бишілер келді төрімізге, халайық.
Қуанышпен сәнге тойды алып.
«Қыздар» биі.
Тақпақтар оқу:
Арузат: Көлде аққу,көкте қаз.
Орманда бұлбұл сайраған.
Көптен күткен көктем кеп
Кұлпырды дала жайнаған.
Ерали: «Ұлыс Бақытты болсын.
Төрт түлік ақты болсын»
Амина. Наурыз тойын аңсап дәйім.
Ата-бабам жырлап келген.
Той думандар жалғассын деп.
Той бастарды дәстүр еткен.
Батыр. Шаттығымыз-жырымыз.
Жаңа наурыз-жылымыз.
Ақ тілеумен осылай.
Бақ боп үйге кіріңіз!
Жүргізуші: Салт дәстүрім жарасса.
Қайта түлеп жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп.
Ойын ойналық тамаша.
«Қыз қуу» ойыны ойналады.
Тақпақтар оқу:
Наурыз тойым құтты болсын, халайық.
Камила: Қане, достар! Шырқап әнге салайық.
Қарлығаш: Әнім де саған биім де.
Құт қонақ өзің үйімде.
Куаныш әкеліп еліме.
Күлімде, Наурыз, күлімде.
Ырысбек: «Ұлыс оң болсын.
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын»
Айгерім: Думандасын, дарқан жерім
Күмбірлесін күй төгіліп.
Наурыз тойы құтты болсын.
Қонақ жайлы, жомарт елім.
Жүргізуші: Шалқып мерекеде ән салайық.
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Шалқып күліп, дем алып.
Күлкі керуенін қарсы алайық.
Көрініс.
Жүргізуші: Жырлайық наурызды біз бастан-аяқ.
Қалыс адам қалмасын некен-саяқ.
Ән шырқап, би билейік кауым болып.
Тұрмайтұғын кез келді өнерді аяп.
Ұлдар биі орындалады.
Келесі кезекте «Наурыз» әнін қабыл алыңыздар.
Наурыз мерекесіне арналған ән шашуымыз
аяқталды. Қазір бізге әжеміз бата береді.
Бата беру.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген