жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты "Құстар - біздің досымыз"
Тақырыбы:
«Құстар – біздің
досымыз»
Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың
пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор
болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әсем құстармен таныстыру. Міне
мынау көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кеткенін
хабардар ету. Оқушылардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін
дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге
баулу.
Көрнекіліктер: Альбомдар,
суреттер, интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер,нақыл
сөздер.
Әдісі: әдеби - монтаж, түсіндіру,
ойын.
Барысы:
«Құстар - біздің досымыз!»
«Құстарға ұя жасайық!» ойыны (Жұмбақтар шешу)
«Артық болмас білгенің» (Халық болжамдары,мақал- мәтелдер)
«Оқушы шығармашылығы»
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті ата-аналар,ұстаздар ,оқушылар
!
«Көк құрақ –көлдің сәулеті,құс пен аң ердің
сәулеті» дегендей,адамдардың хайуанаттар ішінен ең жақсы көретіні
құстар . Сонымен құстар мерекесіне арналған ашық тәрбие сағатымызды
бастауға рұқсат
етіңіздер.
Құстардың мың құбылтып салған әндері біздерді сүйсіндірмей қоймай-ды.Қанатты достарымызды республикамыздың қай жеріне барсақ та, кездес-тіреміз.Өйткені,туған өлкенің климат пен жер жағдайы құстардың алуан түр-лерінің тіршілік етуіне, мүмкіндік жасайды. Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі – құстар.Халық ежелден –ақ құстарға әуес,оларға деген сүйіспеншілігі шексіз ,ең жақсы көретін адамның құсқа теңеу арқылы ықыласын білдіріп отырады.
Қазақстанда қанаттылардың 481 түрі мекен етеді. Ал бүкіл жер шарында 9000 жуық түрі бар. Әр құстың өз «кәсібі» бар. Біреулері ән айтса ,екіншілері –құрылысшы. Құстар сонымен бірге «дала дәрігері» деп те аталады екен. Құстардың келтіретін пайдасы көп екен.
- Балалар жоғалып бара жатқан құстарды қандай кітапқа енгіземіз?
-Ал мүлдем жоғалып кеткен құстарды қандай кітапқа енгіземіз?
-Құстардың жалпы өмірі туралы не білесіңдер ?
У.Алина :Олар ұрпақ өрбітеді.
Дана: Балапандарын қанаттандырып, жауларынан қорғайды.
Алдияр : Құстар табиғатқа сән береді.
Альмира: Олардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйін көтереді.
Мұғалім:- Құстардың түрлері өте көп.(слайд көрсету)
Құстар – біздің досымыз,
Шырқап әнге қосамыз.
Құстар - біздің досымыз,
Көктем сайын тосамыз.
Аида:
Сәлем, достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда.
Шат шадыман көктеммін,
Шаттық болсын әманда.
Ән құрадым үніммен,
Сән құрадым гүліммен.
Қуантамын бәріңді,
Құт-береке күніммен.
Сабина :
Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек - қаз қонды
Мұғалім: Құстар туған жерге топ - тобымен ұшып келіп жатыр. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады. Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.
Ал балалар қандай жыл құстарын білесіңдер?
(қарлығаш, шымшық, көкек, қара
торғай т. б. )
- Оларды не үшін жыл құстары дейміз?(Олар алысқа ұша алады. Суық
түсісімен алыс жақтарға ұшып кетеді де көктемде біздің жаққа
тіршілік етуге қайтып оралып, ұя салады, балапан
шығарады)
- Қыстап қалатын құстарды
білесіңдер ме?( қарға, тоқылдақ, сауысқан,
сары шымшық, көгершін)
- Дұрыс. Олар ешқайда кетпейді. Жыл бойы біздің жақта тіршілік
етеді. Бұл құстар суыққа төзімді келеді. Қандай аяз болса да өз
қоректерін тауып жейді екен
Ерген:
Ауылдың шығып алып қыр
бетіне,
Аймақтың көз жіберші келбетіне.
Сансыз құс алуан ырғақ, алуан үнімен
Сайрайды гүлді көктем
құрметіне.
Айнара:
Құс анасын атпаймыз,
Қыста жемдеп баптаймыз
Бауырмал боп бәріңе,
Қорғау заңын сақтаймыз .
Нұралы:
Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек - қаз қонды
Мұғалім: Қарлығаш адамның досы. Үйге ұшып кіреді,шыбынды құртады.
Ел аузында санитар-тазалықшы деп атайды .Бір қарлығаш бүкіл жаз бойы 1 миллион құрт жейді деп ғалымдар зерттеген.
Қарлығаш (Альмира)
Адамзаттың жақыны
Қарлығаш та ақылды
Көгершін мен екеуі
Жайлайды бір шатырды
Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады.
Мұғалім; Қараторғай - өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып, шырқаған. Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен бірге 22 тонна шегірткені азық етеді.Қараторғай –орман қорғаушылары.
Қараторғай (Рафхат)
Мен қараторғаймын
Шегірткедей жұртыңды
Қырғи болып қиямын
Егістікке жайылымға
Қорғаушы боп тұрамын
Жәндіктерді зиянды
Құртатұғын батырмын.
Мұғалім: Халық көктем келсе көкек келді дейді. Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен. Не деген ғажап, көкек деген. Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады. Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған. Өз ұрпағына ұқыпсыз болса да көкек пайдалы құстың біріне саналады.Көкектің балапаны бір күнде 39 шегіртке,43 жұлдызқұрт,4 өрмекші және басқа және басқа жәндік тердің жұмыртқаларын қорек етеді екен.
Көкек:
Бексұлтан
Он екі айдың
біреуі
Сірә менің
атымда.
Өзге ұяға із
тастап,
Атымды айтып жар
салам,
Білесіңдер
бәріңде.
Көктемнің алғаш
қонағы
Көкек деген мен
болам.
Мұғалім:
Тырна:
Инабат
Жылы жақтан бір
хабар
Әкеледі
тырналар.
Тырау-тырау
Көктем-мынау
тырналар.
Қатар
түзеп,
Көкте жүзіп
тырналар.
КӨРІНІС:
Автор: Ертеде бір бұлбұлдың балапаны болыпты. Балапан өсе келе мінез
шығарады.
Автор :Бірде ол: Неге ұяны жерге емес, басқа құстардай биікке салмайсыңдар? Неліктен алып құстадай ірі болмайсыңдар?– деп ата-анасының мазасын алады.
Оны естіген ата бұлбұл:
– Саңқылдап сұңқар, қарқылдап қапға, тыраулап тырна бола алмайсың, шырағым. Ақылың болса өз сәніңмен, өз әніңмен ата жолын жалға, – деп өсиет айтады.
Автор: Ерке бұлбұл ата сөзіне құлақ аспайды. Өзінің қандай құс екенін білмейтін ол әсем дауысымен баурап алар серік іздеп, ұясын тастап ұшып кетеді.
Ерке бұлбұл құстар әлемін ұзақ аралайды.
Сөйтіп ерке бұлбұл келе жатып қарғаға кездеседі.
–Қарға : Мен қарғамын, қарғамын,
Көп қой менің арманым.
Қарқ-қарқ, келе ғой бұлбұлжан.
–Бұлбұл: Өзі қап-қара , даусы қандай жаман еді. Ұнамайды маған.
–Сауысқан: Кел бұлбұлым,
Сауысқанмын саңқылдаған,
Қонақжаймын аңқылдаған.
–Бұлбұл: Қалай дауыстайды? Даусы нашар екен.
–Торғай: Бұлбұлжан келе ғой.
Мен торғаймын, торғаймын,
Ағаштарды қорғаймын.
– Бұлбұл: Қызық қой мынау өзі, шамаңа қарашы.
– Бүркіт: Мен бүркітпін, бүркітпін,
Құстың бәрін үркіттім,ха-ха-ха.
–Бұлбұл: қорқыныштысын-ай, үлкенін-ай.
–Қарлығаш: Келе ғой бұлбұл.
Қарлығашпын қалықтаған,
Ұшудан ешбір жалықпаған.
–Бұлбұл: Қандай әдемі құс еді, бірақ неге құйрығы айыр? Ұнамайды маған.
Автор: Деп ұша жөнеледі.Қанша құстардың сан алуан түрлері мен тіршіліктерін көреді. Бірақ жүрегіне жақын үн , жанына жайлы ұя таба алмайды. Шаршап-шалдығып өз ұясына оралады. Балапанын көріп қуанған ана бұлбұл құбылтып ән салады. Сазды әуеніне табиғат тамсанады. Ән тербеген ерке бұлбұлдың бойы балқып, ұйқыға кетеді.
Ертеңіне таңмен бірге оянып:
Туған жерім – қымбат мекен,
Өскен ұям ыстық екен.
Бұлбұл үні – өз тіліме,
Ешбір әуен жетпейді екен, – деп сан алуан ырғаққа салып сайрайды.
Мұғалім:
Құстардың көбі ұя құрып, оған жұмыртқа салады. Ақ қабықтың астында
балапан өседі. Сонан соң ол аққабықты тесіп, сыртқа шығады.
Көптеген құстардың балапандары жалаңаш және әлсіз болып дүниеге
келеді.
Азамат:
Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз қолдаймыз.
Ұя жасап құттықтап,
Біз оларды қорғаймыз.
Алдияр
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Тамағы егер кездессе,
Екі шоқып бір қарар
Мұғалім
:Үйіміздің маңайында жүретін кіп-кішкентай
торғайдың өзі 1 жылда 4 млн.-ға жуық жәндіктерді жеп
құртады.
Дана:
Мен торғаймын,торғаймын
Суықтан да тоңбаймын.
Құрт-құмырсқа шіркейден,
Бау-бақшаны қорғаймын.
Мұғалім :Ақ көгершін-бейбітшілік құсы.Қолға үйретілген,ақ қанатты нәзік құс.
Ж.Алина
Бейбітшілік құсы менмін
көгершін,
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін,
Аспан тынық шат көңілді болайық,
Ақ ниетті адал жандар көбейсін
«Халық
болжамдары»
Мұғалім :Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне
қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала
кетейік.
Дана:
Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал
төмен ұшса жаңбыр жауады.
Елнұр:
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су
тасқыны болады.
Альмира:
Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу
болады.
Жасұлан:
Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады. Ауа-райы бұзылады.
Сабина:
Шағала келсе
сең бұзылады.
Рахат:
Жыл құсы қаптап
келсе, көктем ерте келеді.
У.Алина
Егер торғай
дыбыс шығармай, бұтақта қонақтап
отырса, жел
болмайды.
Рафхат:
Ал қарғалар топтанып қарқылдаса,аяз болады.
Ж.Алина
Бозторғай ән салса,күн ашық
болады.
Ерген:
Торғай шаңға аунаса,жаңбыр
жауады.
Аида:
Сары шымшық ысқырса, шынымен күз болады.
Алдияр:
Үйрек бір аяғымен тұрып басын қанатының астына тықса, аяз болады.
Мұғалім: Қазақ халқы құстарды ерекше бағалаған. Шебер әншісін - бұлбұлға теңеген. Азаматын - сұңқарға, сұлуын – аққуға теңеген.
Қ.Айару
Мен еркін бақытты бұлбұлмын,
Бұлағын тасытқан ән жырдың.
Тамаша тамылжып шырқаймын
Шаттығың таусылса алмай әр күннің
Мұғалім: Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт - құмырсқадан тазартады.
Рахат:
Құртты іздеп інінен,
Қарағайды үңгіген,
Тоқылдақ құс- дәрігер
Қашанда ол әбігер
Мұғалім: Аққу - 30 - 40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған. Ол киелі құс. Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.
У.Алина
Құс сұлуы аққумын.
Табиғат көркін сыйлаған.
Мылтығын кезеп еш мерген,
Атуға көз қыймаған.
Сұлулыққа паш етіп,
Жырлаған талай ақындар.
Нәзік үнді көл көркі,
Құс патшасы мен болам.
Би : Аққу. Альмира.
Аида
Мұғалім:
Бүркіттің біздің елімізде жеті түрі бар.
Олардың арасындағы ерекше ғажабы –қыран бүркіт.Құс бегілері аң
аулау үшін, құс салған,құс аң алған.Бүркіт қыран
құс.
Жасұлан:
Мен бүркіт көк күмбезде қалықтаған,
Қияға қанат қағып шалықтаған.
Құс ішінде қырағы болғандықтан,
Атандым қыран бүркіт жалықпаған.
Мұғалім:
Аққу -300 жыл,тау қыраны 150-170 жыл.,бүркіт
пен тоты 120 жыл,қарға 100 жыл, жабайы қаздар 80жыл,әнші құстар
20-30 жыл,бозторғай 13-14 жыл.ал тырналар 40 жыл өмір сүреді
екен. Құстардың ішіндегі ең жүзгіші –пингвин.Ол
сағатына 3 шақырым жерге дейін жүзе
алады.
Ж.Айару
Ей, балалар, балалар,
Аман болсын аналар,
Құстарда да ана бар
Құстарда да бала бар
Кім сүймейді баласын
Осылар еске түскенде.
Бір ойланып қаласың.
Аяна:
Өсіруге баланы,
Құстар ұя салады.
Жасауға жұмсақ ұяны
Жабағы жүнді жияды.
Жайлы қып жасап ұяны
Жұмыртқасын салады.
Бір қуанып қалады.
Ерасыл:
Тырнақтай құстың жауы көп,
Құрулы ажал ауы көп,
Балалық қып қызбайық,
Құс ұясын бұзбайық
Жұмыртқасын алмайық,
Обалына қалмайық.
Мұғалім :Біздің міндетіміз қанатты достарды қорғау. Құстардың ұясын бұзып,жұмыртқа-сын жаруға,жазықсыз жәбірлеуге ,рақымсыздық жасауға ,өлтіруге жол бермейік.
Ән: Қос қарлығаш
Мұғалім:Ал енді балалар құстар жайлы қандай мақал- мәтел білесіңдер
Азамат:
Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.
Мадина:
Аққу
құссыз - көл жетім, айтылмаған сөз жетім.
Бексұлтан:
Өлеңге енсе - сөз сұлу, аққу жүзсе - көл сұлу.
Инабат:
Қарға баптанып, сұңқар болмас,
Есек мақтанып, тұлпар болмас.
Нұралы:
Бұлбұлға бау жақсы,
Кекілікке тау жақсы.
Ер жігітке бәрінен,
Туып - өскен ел жақсы.
Дана:
Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе, қатқақ келер.
Аяна:
Қарға қарғаның көзін шұқымас.
Алдияр:
Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.
Мұғалім: Құстарға арналған көптеген
жұмбақтар да бар. Енді осындай біраз жұмбақ шешіп көрелік.
Көктемде құстар қайтқанда,
Ең алдымен келетін.
Өзіміз күтіп алатын,
Ұя жасап беретін,
Бұл қандай құс, балалар?
(Қараторғай)
Маң - маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісі.
Қашанда құстай ұшпайды,
Қуғанын бірақ ұстайды. (Түйеқұс)
Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылдақтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала,
Бұл қандай құс? (Сауысқан)
Көңілдің көркі сән екен,
Ұшқанда сазды ән екен.
Айқындар оны байқаған,
Адамдар оны сақтаған.
Бұл қандай құс? (Аққу)
Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап. (Балапан)
Мұғалім: Енді балалар, құстар жөнінде
викторина сұрақтарына жауап берейік.
1. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?(Бүркіт)
2. Қандай құс хат тасушы атанған?(Көгершін)
3. Қандай құста мүлде ұя болмайды?
(Көкек)
4.Қай кішкене құс жемін ұшып жүріп аулайды? (Қарлығаш)
5.Қай құс өзінің атын қайталайды? (көкек)
6.Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)
7.Құстың негізгі мекені? (Ұя)
Мұғалім:
Өте жақсы балалар. Олай болса көктем жаршысы,
адамзаттың досы болған құстарды аялайық.оларға қамқоршы болайық.
Қалықтап ұшқан құсты елестетші көз алдыңа. Еліміздің болашағы
–білімді ұрпағында.
Білім аспанында қалықтап ,құсша шарықтап
ұшайық.
Ән:Ақ көгершін
Елімізде бейбітшілік болып,бейбітшіліктің ақ
құсы аспанымызда шарласын
!
Білімге қарай
талпынған балапан қанаттарың талмасын
!
Қорытынды

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген