400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты. "Құстар - біздің досымыз" сайыс 3- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне, тәрбие сағатын қалай өтуге болатынын жас мамандарға көмек, тәрбиелік мәніне көңіл бөлгізу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз.

Мақсаты:

Білімділігі: Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы құстардың пайдасы жайлы мағұлмат беру, барлық тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, құстарды қорғау қарсы алу.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту, құстар өмірінің беймәлім тұстарын айту, жыл мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес, тіршіліктің де әртүрлі болатынын дәлелдеу.

Тәрбиелік: Отанын жерін, орманын, көлін- табиғатты сүюге, ақ – құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреті, үнтаспа, интерактивті тақта, қанатты сөздер, шар, гүл, көктем көрінісі.

Барысы: Көрнекіліктер ілініп, музыка ойналып тұрады, қонақтар жайғасады.

Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!

« Құстар – біздің досымыз » атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Мен баршаларыңызды көктем мерекесімен құттықтаймын. Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оятуын танытатын кішкентай ғана табиғаттың бір бөлігі, көктем жаршысы құс мерекесі. Жер бетінде 9000 мыңға жуық құстардың түрі бар десек, біздің елімізде 500 – дей түрі кездеседі екен. Ал өзіміздің жергілікті жерімізде қыстап қалатын құстар қарға, сұр қарға, торғай, сауысқан, кептер, ала қанат, шымшықтар кездеседі.

Жыл құстарын атайтын болсақ қарлығаш, тырна, үйрек, қаз, аққу, нәурізек, көкек сияқты көптеген құстарды білеміз.

Біздің халық ежелден аң – құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы адамдарды құсқа теңегені белгілі.

Мысалы: Саңылақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгіле ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үшін, отан үшін жанын қиятын батырларын қыранға, елден асқан сұлуын аққуға теңегені белгілі.

-Жылы шуағымен гүл өсіріп,

Жыл құстарын ілестіріп,

Ару көктем келді, міне

Самалынан нұр есіп

( Көктем киімін киген оқушы ортаға шығады. )

Көктем: -Сәлем, достар аман ба?

Мынау бейбіт заманда.

Шат – шадыман көктеммен

Шаттық болсын әманда.

Ән құрадым үніммен,

Сән құрадым гүліммен.

Қуантамын бәріңді

Құт – мереке күніммен

Мұғалім: - Балалар сендер білесіңдер ме бақыт құсы қай құс?

-(Аққу)

- Адамға дос қай құс?

-( Қарлығаш )

- Бейбітшілік құсы қай құс?

-( Көгершін )

Олай болса біз «Аққу», « Қарлығаш » және « Көгершін » болып 3 топқа бөлінейік.

Сайысымызды бастамас бұрын әділ – қазылар алқасын сайлап алайық.

Сайысымыздың бағдарламасы 8 бөлімнен тұрады.

1.Таныстыру.

2.Топ басшылар сайысы.

3. Құстарға арналған тақпақтар айту.

Жарнамалық үзіліс.

4. Мақал – мәтелдер сайысы.

5. Кім көп құстарды біледі?

6. Жұмбақтар сайысы.

Жарнамалық үзіліс.

7. Өнер сайысы.

8.Ойын « Бұл қай құстың дыбысы? »

Әр бөлімге берілген ұпайды 3 топтың қоржынына салып отырыңыздар.

Олай болса сайысымызды бастайық.

1.Таныстыру.

Көгершін - достықтың символы. Әділеттің, бейбітшіліктің құсы. Бақыт құсы, әлемді шарлап хат тасушы құс болған. Бірлікті, татулықты білдіретін құс.

Қарлығаш – киелі құс. Ол адамның досы. Қарлығаш ұясын асханаларға, үйлердің кіре беріс жеріне салады. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген. Ол кішкентай сәбиді айдаһардан қорғап қалған.

Аққуды- қазақтар киелі құс деп қастерлейді, оны атпаған. Ол кез келген шалшық көлде кездесе бермейтін аса талғампаз, тәкаппар құс деп қастерлейді. «Құс падишасы» -деп те атайды, тазалық пен сұлулықтың симвалы деп біледі. Қазақтар жақсы көрген адамын «аққуым» - деп еркелетіп, аққу құсқа теңеген.

( Әділ қазылар әр топтың ұпайын береді )

2.Топ басшыларының сайысы. ( Сұрақтарға жауап.)

Көгершін тобы.

1.Көктем айларын ата? ( наурыз, сәуір, мамыр )

2.Құстар балапандарын қайда өсіреді? ( Ұяда )

3.Қандай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? ( Көкек )

4. Киелі құс? ( Аққу )

5. Ең алғаш шығатын гүл? ( Бақбақ )

6.Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? ( Бүркіт )

7. Қандай құстың құйрығы айыр ? ( Қарлығаш )

8.Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады? ( 260 рет )

9. Үй құстарын ата? ( тауық, үйрек, қаз, күркетауық )

10.Өте сақ, ұзын сирақты, ұзын мойынды жыл құсы? ( Тырна )

Қарлығаш тобы.

1.Адамдар көктемде қалай киінеді ? ( Жұқа киінеді )

2.Түнде ұшатын құсты ата? ( Үкі )

3.Өз атын өзі шақыратын құс? ( Көкек )

4.Сөйлейтін құс? ( Тоты құс )

5.Наурыз айында ең алғаш ұшып келетін құс? ( Нәурізек )

6.Бейбітшілік құсын ата? ( Көгершін )

7.Орман дәргері? ( Тоқылдақ )

8.Еліміздің рәмізіндегі құс? ( Бүркіт )

9.Бауыры қара, маңдайының үстінде ақ белгісі бар қара құс? ( Қасқалдақ )

10. Әнші құс? ( Бұлбұл )

Аққу тобы.

1.Қазақстанда құстардың неше түрі бар? ( 435 түрі)

2.Құстар мерекесі қай күн? ( 1 сәуір)

3.Жыл құстарын ата? (қаз, үйрек,тырна, аққу, көкек, қарлығаш, нәурізек, бозторғай, қараторғай)

4.Қыстап қалатын құстарды ата? (Қарға, сауысқан, көгершін, торғай, тоқылдақ, шымшық )

5.Неге бұл құстарды «Жыл құстары» деп атайды?

6.Олар немен қоректенеді?

7.Құстар елімізге қандай пайда келтіреді?

8. «Қызыл кітапқа» құстың қанша түрі қорғау үшін енгізілді? (56 түрі)

9.Құстар неше топқа бөлінеді? ( 2 топқа )

10.Жер бетінде құстардың қанша түрі бар? (9000 – дай түрі бар)

( Әділ қазылар әр топтың ұпайын береді. )

3.Құстарға арналған тақпақтар айту.

Аққу тобы.

1 оқушы. Қуаныш Әділет

-Құстар тойын құттықтап,

Қуанамыз қолдаймыз.

Ұя жасап, үй салып,

Біз оларды қорғаймыз.

2 оқушы. Амина

-Мен қараторғаймын

Шегірткедей жұртыңды

Қырғи болып қиямын

Егістікке жайылымға

Қорғаушы боп тұрамын

Жәндіктерді зиянды

Құртатұғын батырмын

Дайындайтын ұямды

Достарға келе жатырмын.

3 оқушы. Айым

-Білегіндей жас баланың.

Аққудың имек мойыны.

Басады көңіл алаңын,

Жас аққулар ойыны.

4 оқушы. Байсенгиров Д

-Үй салдым құстың алдынан

Болсыншы ол өмір панасы.

Өзімдей сәби балдырған

Өссінші құстың баласы.

5 оқушы. Балауса

-Ала қанат сауысқан

Құртты көрсе жабысқан

Бір томардан, томарға

Секең – секең ауысқан.

6 оқушы. Бағдат

-Үкі едім түнде ұшып қалықтаған,

Құртуға зиянкесті жалықпаған

Жүнімнен үлпілдеген киелі деп

Бұрыннан- ақ адамдар тағып алған.

7 оқушы. Нәліба Әділет

-Мына біз – ақ шағала

Қонақтаймыз жағаға

Шағаланың шабақсыз

Тамағы тоқ болама?



8 оқушы. Айбек

-Биік шыңда тұрағым

Қалықтаймын төбеңде.

Көз тастаймын қырағы,

Көп қонбаймын төменге.

9 оқушы. Дәурен

Жыл құстары келді деп,

Балдырғандар мәз болды.

Қос қантты желпілдеп,

Көлге үйрек қаз қонды.



Қарлығаш тобы.

1 оқушы. Ақылбек

-Жаршысымын көктемнің

Көкек дейді мені жұрт

Өз ойын айтар құс менмін

Көктемді күтсең мені күт.



2 оқушы. Мерей

-Қарлығаш қарағанда өзге құсқа,

Барынша жұмысына тым-ақ ұста

Балшықтан бөбегіне бесік жасап.

Өзгеге өрнегімен болған нұсқа



3 оқушы. Диана

Мен еркін бақытты бұлбұлмын

Бұлағын тасытқан ән жырдың,

Тамаша тымылжып шырқайтын

Шаттығын тауса алмай әр күні.





4 оқушы. Айсұлтан

Құс сұлуы аққумын

Табиғаттың көркін силаған

Мылтығын кезеп еш мерген

Атуға көз қимаған.

Сұлулықты паш етіп жырлаған талай ақындар

Нәзік үнді,көл көркі.

Құс патшасы мен боламын.



5 оқушы. Салыбек Диас

Құртты іздеп інінен

Қарағайды үңгіген

Тоқылдақ құс дәрігер

Қашаннан ол әбігер.



6 оқушы. Думан

Мен торғаймын, торғаймын

Суықтан да тоңбаймын.

Құрт – құмырсқа, шіркейден

Бау – бақшаны қорғаймын.



7 оқушы. Нигина

Бейбітшілік құсы мекенім – көгершін,

Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.

Аспан ашық, шат көңілді болайық,

Ақ ниетті адал жандар көбейсін.

8 оқушы. Мақсат

-Келіп көктем құстары

Бау-бақшада ән салды

Оларды жас достары

Ұя жасап қарсы алда.



9 оқушы. Нұрғазы

-Үйге кірші торғайым,

Мен аяздан қорғайын.

Жем шашамын, жегейсің.

Үйшік жасап берейін.

Нан қиқымын шашпаңдар.

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып, қастерлеп

Торғайларға тастаңдар.

Таспен атып торғайды

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді.

Бақшамызға қонбайды



Көгершін тобы.

1 оқушы. Жанару

Ұшпайды онша аспандап,

Қасқа дейді ел,

Дұп- дұрыс.

Қара бауыр қасқалдақ

Суда жүзгіш,

Сүңгіш.



2 оқушы. Атабек

-Тырау, тырау тырналар

Жем іздесең қырға бар

Қырда бірақ, түлкі бар,

Сақ болмасаң жұлмалар.



3 оқушы. Сухраб

-Қарға, қарға қарғалар,

Қар үстінде жорғалар,

Боран соқса қар болар,

Бұтаға қонар қарғалар.



4 оқушы. Шұға

-Құс ұясын бұзбаңдар

Балапанын алмаңдар

Құстар біздің досымыз,

Обалына қалмаңдар.

5 оқушы. Боран Жарқынбек

Ой, балалар, балалар,

Жылы - жылы, жел соқты.

Жылғалардан су ақты,

Қаңқыл- қаңқыл қаз кепті.

Жер қарайды жас кепті.

6 оқушы. Шұғыла

-Құстар, құстар келеді,

Жерді шуға бөледі.

Көктем келді деп бізге,

Жақсы хабар береді.

7 оқушы. Нұрасыл

-Мен жапалақ қалыспаспын жарыстан

Қорегімді іздеймін мен алыстан.

Іннен басы қылт етсе-ак тышқанның,

Жүз елуін әр ай сайын жанышамын

8 оқушы. Анеля

-Жақын түгіл шалғайды

Оятудан талмаймын

Төбелеске келгенде

Алдыма жан салмаймын.

Басқа қораз 2 елі

Жақындаса жетеді

Қауырсыны үрпиіп

Шыршаланып кетеді.

9 оқушы. Ерну

-Сай-салада тарғыл тас

Бір- бірінен айнымас,

Тастан-тасқа секіріп

Ұшып- қонар кекілік



( Әділ қазылар әр топтың ұпайын береді )

Жарнамалық үзіліс:

3 « А » сынып оқушыларының орындауында « Көктем келді » әні хормен.



« Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады » дегендей халқымыздың асыл қазынасы мақал- мәтелге кезек берейік.

4. Мақал – мәтел сайысы.

1.Ер жаңылып қолға түсер, Құс жаңылып торға түсер.

2. Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ.

3. Қаз келсе, жаз келер.

4. Сәуір болмай, тәуір болмас.



5. Кім көп құстарды біледі?

Үш топ өздері білетін құстың аттарын параққа жазады, қай топ көп құстарды біледі атайды да әділқазыларға тапсырылады.



6. ( Ал ендігі кезек жұмбақтар сайысына , бұл сайыста топтар бір- біріне жұмбақтарын жасырады. )

  1. Сайрайды бір талмайды, Әнші құс бұл таңдайлы. ( бұлбұл )

  2. Қараңғыда ұшады құбылады, Жарық қөрсе қашады, тығылады. ( жарқанат )

  3. Балапанын басатын басқа құс, Бар осындай қасқа құс. ( Көкек)

  4. Орманда жоғары Ағашқа қонады, Тұмсығын балға қып Тоқ – тоқ соғады. (Тоқылдақ )

  5. Күндіз соқыр недеген Түнде сондай көреген. ( Үкі )

  6. Шарлап келіп даланы Үйіме үй салады. ( Қарлығаш )



( Әділ қазылар әр топтың ұпайын береді )



Жарнамалық үзіліс:

3 « А » сынып қыздарының орындауында « Көктем » әні.

  1. Өнер сайысы.

Аққу тобы: « Құстар биі»

Көгершін тобы: « Көбелектер биі »

Қарлығаш тобы: « Жау, жау, жаңбыр биі »





  1. Ойын « Бұл қай құстың дыбысы ? »

( Әр топқа құстардың дыбысын жасырамын )



Жарнамалық үзіліс:

3 « А » сынып оқушылары көрініс көрсетеді.



9.Қортынды:

- Балалар, соншама алыс жерден, қиында қатерлі жолдарды артқа қалдырып, зорға жеткен құстарға қалай көмек көрсетуіміз керек?

- Ия балалар біз ата- аналарымызбен бірлесе отырып жасаған ұяны, жемсауды үзілісте мектеп маңындағы ағаштарға ілеміз. Бұл біздің құстарға жасаған кішкентай көмегіміз болсын.



  • Оянып бар табиғат ұйқысынан

Жадырап құтылғандай құс қамынан

Көктемді шуға бөлеп, әнге ораған

Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.



-Қымбатты балалар көктемнің жаршысы, адамзаттың досы жыл құсын жақсы қарсы алайық, оларға қамқор болайық. Әр қашан аспанымыз ашық болсын деген ниетпен

« Ақ көгершін » әнімен аяқтауды жөн көрдік.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
23.03.2019
6387
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі