Алдашова
Жеңісгүл Әуелбайқызы
МКҚК«Айналайын»Тоқмансай
бөбекжай –бақшасы
тәрбиешісі
Білім
саласы:
Таным
Бөлімі:
Экология
Тақырыбы:
«Құстар біздің досымыз»
Мақсаты:
Табиғат байлығын қорғау, құстардың
тұрмыс - тіршілігімен таныстыру, көркем
сөздермен сөздік қорын молайту.
Әдіс
- тәсілдері:
сұрақ - жауап, сергіту жаттығулары,
көрсету, әңгімелеу,қимылды
ойын.
Көрнекілік:Әртүрлі
құстардың суреттері,слайд көрсету
түсінік беру.
Іс
- әрекет кезеңі:
Ынталандырушы
оятушы
Тәрбиеші:-
Балалар, біздің тобымызға қонақ апайлар
келіп отыр, олай болса қонақтармен
сәлемдесейік.- Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Табиғатым
тамаша,
Көз
тоймайды қараса.
Табиғатты
аялап,
Жүрейікші
жараса.
Сәлем
саған Жер Ана!
Сәлем
саған Нұрлы Күн!
Аман
есен болайық
Табиғатты
қорғайық!
Тәрбиеші:
-Бәрекелді балалар жарайсыңдар,тілектеріңіз
қабыл болсын отыра қойыңыздар.
Тәрбиеші.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:
- Көктем
Көктем
мезгілінде ауа –райында қандай
өзгерістер болады?
Балалар
:
- Күн жылынады,қар еріп жер қараяды,
құстар ұшып келеді.
Тәрбиеші:
- Дұрыс айтасыңдар балалар
(Құстың
дауысы естіледі)
-
Балалар бұл кімнің дауысы?
Құстардың
дауысы.
Дұрыс
таптыңдар балалар.
-
Балалар, бүгін бізде құстар жайлы
әңгімелесеміз.
1
- сәуір десе, ойымызға Күлкі күні оралатыны
анық. Сонымен бірге бұл күні әлем
жұртшылығы Құстар күнін де атап өтеді.
Міне сол мереке биыл да келіп жетті.
Өлкеміз,сай мен көлдеріміз,аула мен
бақшаларымыз құстардың қиқуына
бөленді.
Балалар,
құстардың бізге қандай пайдасы бар?
-
Құстар ағаштарды құрт - құмырсқалардан
тазартады.
Құстар
туралы қандай ертегілерді білесіңдер?
Тырна
мен түлкі, шұбар тауық, ұсқынсыз балапан,
айлакер қарға.
-
Құстар немен қоректенеді?
дәндермен,
жәндіктермен, құрт - құмырсқалармен,
Тосын
сәт.
/қолындағы рогаткасы бар Санжар келеді/
-
Балақай сенің атың кім? Қолындағы не?
-
Мен,Санжармын. Қолымдағы рогаткамен
құстарды атайын деп едім.
-
Балалар, құстарды атуға бола ма?
-
Санжар, көрдің бе, біздің балалар дұрыс
айтады. Ал сенің әрекетің дұрыс емес.
Қазір сен біздің оқу қызметіміздің
барысында бұған көзіңді жеткізесің.
-
Балалар сендер қандай құстарды
білесіңдер?/слайд
көрсету/
Қазақстанда
құстардың 481 түрі мекен етеді. Әр құстың
өз «кәсібі» бар. Біреулері ән айтса,
екіншілері – құрылысшы. Құстар сонымен
бірге «дала дәрігері» деп те аталады
екен. Құстардың келтіретін пайдасы өте
көп екен.
-
Балалар құстар бір - біріне немен ұқсайды?
Құстардың денесін не жауып тұрады?
-
Құстың денесін мамық жүн мен қауырсындары
жауып тұрады.
-
жүнімен, қанатымен, құйрығымен, тұмсығымен,
жұмыртқасымен, аяғымен ұқсайды.
Құстар
не арқылы көбейеді?
-
жұмыртқа арқылы көбейеді.
Құстар
туралы тақпақтар айту:
Жангүл:
Құстар
келсе көктемде
Қуанамыз,
қолдаймыз
Ұя
жасап, деп-демде
Біз
оларды қорғаймыз
Қайрат:
Қарға,қарға,
қарғалар,
Қар
үстінде жорғалар.
Боран
соқса қар болар,
Бұтаға
қонар қарғалар.
Фариза:
Қос
қанатын иіп ап,
Жарға
келіп қонады.
Қара
киім киіп ап,
Балшықтан
үй соғады.
Наргиз:
Үйге
кірші торғайым,
Мен
аяздан қорғайын.
Жем
шашамын жегейсің,
Үйшік
жасап берейін.
Тәрбиеші:
- бәрекелді жарайсыңдар балалар жақсы
айттыңдар тақпақтарды.
Ал
балалар құстар жайында кім қандай тиым
сөздер біледі кәне кім айтады екен?
Тыйым
сөздер.
1.
Құсты атпа
2.
құстың жұмыртқасын жарма
3.
құстың ұясын бұзба
4.
Аққуды атпа, досыңды сатпа.
Тәрбиеші:
- бәрекелді жарайсыңдар балалар жақсы
біледі екенсіңдер тиым сөздерді.
Құстар
туралы ырымдар:
Құс
төмен ұшса жаңбыр жауады,
Жоғары
ұшса күн жылынады.
Сауысқан
шиқылдаса,жақсы хабар естиміз.
Құстар
туралы көп мағлұмат білдік.
Жұмбақ:
Шарлап
келіп даланы,
Үйіме,
үйін салады. (Қарлығаш)
Су
бетін сүзіп,
Ақ
құман жүр жүзіп.
(Аққу)
Тақылдатып,
мазаны ап,
Ағаштарды
тазалап,
Ормандарды
емдейді,
Зиянкесті
тазалар. (Тоқылдақ)
Сергіту
сәті.
Қане
қанат жазайық
Қарлығаш
болып ұшайық
Ұшып,
ұшып алайық
Сауысқан
болып секіріп
Торғай
болып қонайық.
Қ/о
«ұшты –ұшты » ойыны.
Тәрбиеші:
- Санжар, көрдің бе, біздің балалар құстар
туралы көп біледі. Оларды қорғайды, ал
сен болсаң бұзақылық жасайсың.
Санжар:
-
Кешіріңдер балалар, мен енді құстарды
атпаймын, бұзақы болмаймын.Сау болыңыздар
балалар мен әдепті бала боламын.
-
Балалар Санжарды кешіреміз бе?
-
Ия кешіреміз.
Қортындылау
сұрақ – жауап.
Құрметті,
балалар және қонақтар бүгінгі «Құстар
біздің досымыз» атты ашық оқу қызметімізді
аяқтаймыз.