Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Құт дарып, кие қонған Қаратөбем...»
Өтетін уақыты,
орны: 16 ақпан, сағ: 16:00-де, Алаш
және Қайыржан Хасановтың тарихи-өлкетану
музейі
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларға өзінің кіндік қаны тамған жерінің
ерекшелігін, ауылының тарихы, мәдениеті, өмір салты, танымал
тұлғалары мен тарихи орындары, көрікті жерлері туралы тереңірек
зерделеп, насихаттап, таныстыру.
Бағыты: патриоттық
тәрбие.
Жүргізушілер:
1-жүргізуші – сынып жетекшісі:
Кыдыргожина Лаззат Ескендировна 2-жүргізуші – оқушы: Наурызбекұлы
Әділбек
Сабақтың
барысы:
1-жүргізуші. Армысыздар, құрметті қонақтар,
ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі оқушылардың кіндік қаны тамған туған
жерінің ерекшелігін, тарихы мен мәдениетін, өмір салты мен танымал
тұлғаларын, тарихи орындары мен көрікті жерлерін тереңірек
зерделеу, насихаттап, таныстыру мақсатында ұйымдастырылып
отырған «Құт дарып, кие қонған
Қаратөбем...» атты тәрбие сағатымызға қош
келдіңіздер!
2-жүргізуші. Туған жер қашан да жанға жылы,
жүрекке ыстық. Әр бір елін сүйген патриот әу дегеннен өзінің кіндік
қаны тамған киелі өлкесін мақтан тұтары
һақ.
1-жүргізуші. Тарихыңды білмесең, бүгініңді
бағамдап, болашағыңды болжай алмайсың. Адамның жастық шағы өткен
жерде жүрегінің жартысы қалады деп те тегін айтылмаса керекті.
Балдырған шақтан боз бала шағымызға дейін ес жиып, ер жеткен әрбір
адамның тұлға болғанға дейінгі естеліктері туған жер атты алтын
сандықта құлыптаулы болмақ. Сол алтын сандықтардың құлыпын бірге
ашып көрсек қайтеді?
Ендеше қойнауы күй мен жырға
тұнған киелі туған өлкеміздің тарихы мен елімізден шыққан белгілі
тұлғаларымыздың өміріне шолу жасайық.
Басқыншыға қас, Сырымға дос
болған Қаратау Өмірзақұлы туралы деректермен таныстыру үшін
Санжарды шақырамыз.
Қаратау Өмірзақұлы туралы
өлкетанушы Қайыржан Хасанов аталарын көп жылдар бойы ізденіп, ақыры
БҚО, Қаратөбе ауданы , Жусандой ауылы округі «Бекмағамбет» қыстағы
жағында орналасқан құлпытасы мен биік төбеге айналған құлпытасын
тапты.
2-жүргізуші.
О, туған жер, қадіріңді кім
білген,
Мен қырыңнан теруші едім
бүлдірген.
Сенде өткізген артық екен бір
күнім,
Басқа жерде той тойлаған мың
күннен.,
Ендігі
кезекті Қаратөбе ауданының
тарихи жерлері, Аққұм жері мен Құныскерей ұңгірі жайында баяндамаға
кезек берсек.
Алдарыңызда (Каримов Али,
Амангельдина Асинат, Беркинова Ақтілек )
1-жүргізуші.
Көкірегімнің үміті мен
тілегі
Күй боп түлеп, күн боп шығып
күледі.
Күн астында көк төбелер түледі
–
Менің елім, менің елім – гүл
елі, -
Алдарыңызда Қажырлы
қаламгер,академик,абайтанушы, ғалым, Қажым Жұмалиев аталырыңыз
туралы құнды деректермен Ақбота мен Асылжанды
шақырамыз.
2-жүргізуші.
Өлкемізде бай тарихы мен терең
тамыры сырға толы қасиетті тұлғаларымызда аз емес. Олар Құли
бабамыз , Дәуқара Қарақожаұлы және емші әулие Едіге
Шымырұлы.
Алдарыңызға Едіге атамыздың
ұрпағы Анесов Мерекені шақырамыз .
Құли бабамыз туралы тереңірек
білу үшін Исатайдың әңгімесіне зер
салайық.
1-жүргізуші.
Уа, дариға, алтын бесік -
туған жер,
Қадіріңді келсем білмей кеше
гөр!
Жата алмас ем топырағыңда
тебіренбей,
Ақын болмай тасың болсам мен
егер
Жүрғали Ертілесовтың әні
«Қасиетті Қаратөбем
қарсы
алыңыздар!
2-жүргізуші.
Кез келген мемлекеттің, елдің
өзіңдік ерекшелігінің негізі өнермен, мәдениетпен тікелей
байланысты. 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырда өмір сүрген күйші Ұзақ
Мырзабайұлына Қаратөбе ауданы Аққозы ауылдық округіне қарасты
Ақтұлым мекенінде бабамызға арнап кесене
тұрғызылды.
Бабамыз туралы көбірек
мағлұмат алу үшін алдарыңызға Наурызбекұлы Әділбекті
шақырамын.
Құрмаңғазының күйін орындайтын
Қыдырнияз ағаларыңды қошеметпен шақырайық.
1-жүргізуші.
Тыртығы бар тарихтың
денесінде
Туған жердің ырқына көнесің
де.
Көне етіктің ұлтарын жұлып
алар
Көктемдегі көк сазың әлі
есімде. – деп Қадір ақын жырламақшы Қаратөбе ауданы еліміздің
мақтанына айналған ер тұлғаларынан да, том-том болған тарихтан да
ада еместі.
Мерей мен
Мадина
1-жүргізуші.
Өз ауылының намысын боз
кілемде қорғап, белдесіп жүрген палуандар әр жерде де болған ғой.
Олардың өздері өмірден өтседе, есімі, күрескендегі айла-тәсілдері,
қара күші күні бүгінге дейін әңгіме болып , ауыздан ауызға тарап
келеді. Бір кездегі барша қазақ даласында қарсылас шыдатпаған түйе
палуандар Қаратөбеден де шығыпты....
Алдарыңызға Шағырай мен
Ерұланды шақырамыз.
2-жүргізуші.
Ел тағдырын өз тағдырынан биік
қойған, жұртының амандығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ
тарихының тұлғалары ұлт тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге
көтеріліп отырған. Тұлға дегеніміз кім? Осы биік азаматтық
мәртебеге, халықтық бағаға кімдер қандай істер арқылы лайық
болған? Ендеше
кезекті Қаратөбе ауданының
белгілі тұлғалары туралы мағұлматқа
берейік.
(Мұратжанова Толғанай,
Аманжолова Қарақат) Қарсы алыңыздар!
Сенен ешкім таба алмайды
кінәрәт,
Мәңғі орнаған бір басыңа сірә
бақ?!
Арда атыңды аспандатқан
әлемге,
Сал Мұхиттың «Айнамкөзі» бір
ән-ақ!
1-жүргізуші.
Туған жерде бақыт деген бар
құсың.
Туған жерсіз –
бейшарасың,
Жарлысың.
Аңсаудайын аңсап келдім
алыстан.
Ауыл – ана,
аманбысың,
Армысың?!
2-жүргізуші.
Кім білер кімдер болар мейірім
қанар,
Рухым сөнген менің қайта
жанар,
Еңіреп Мұхит бабам өтіпті ау
деп,
Кейіңгі ұрпақтарын есіне
алар.-деп Мұхит бабам жырлағандай, шырқау биікке самғаған сұлу ән
кім кімнің де жүрек қылын шертіп, жанға дәру, жабырқаған көңілге
медеу болатыны сөзссіз. Ендігі әңгімеміз Мұхит мектебінің өкілі,
қазақ халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, ұлағатты ұстаз
Ғарифолла Құрманғалиев жайыңда болмақ.
Алдарыңызға Шахназ бен
Мадинаны шақырамыз.
Қасиетті топырақ, құт мекен
қашан да өнер адамдарының шабытына шабыт қосып, жігерін шыңдары
ләзім. Сондай өнер иелерінің бірі облыстық, республикалық
байқаулардың лауреаты, мәдени саласының үздік төс белгі иесі Нұршат
Исламғалиев ағамызға кезек берсек.
2-жүргізуші.
Туған жер – ай, күнім де сен,
дінім де сен,
Тағдыр сендей сүйсе, сүрінбес
ем.
Керегі жоқ басқа
атақ,
Басқа
абырой,
Жетіп жатыр тек өзің ұлым
десең.- деп жырлаған ақын Қадыр Мырзалиев.
қарсы
алыңыздар!
1-жүргізуші.
Ауылға барам, бәрі де туыс ел
жақта
Аңқылдайды олар, қарамайды
олар бар жоққа.
Ауылым жайлы, бауырым жайлы
жыр жазам
Сүйеніп тұрып анам сүйенген
шарбаққа
Ендеше, қазақтың біртуар
тұлғасы әнші, композитор Ескендір
Хасанғалиевтың «Атамекен» әнің бірге
шырқайық.
1-жүргізуші.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер
едің,
Нендей күйге жүрегімді
бөледің?!
Сенде тудым, сенде өстім,
сенде өлсем,
Арманым жоқ бұл өмірде дер
едім!
Сөз кезегі мектеп директоры
Утегалиева Мираш Спортқызына
беріледі.
2-жүргізуші.
Тарих қойнауын ақтарып,
тұлғалардың тағылымды өткенін дәріптеп, көнекөз жәдігерлері бар
мұражайларды аралатып, ән салдырып, тамсандырып
бүгінгі «Құт дарып, кие қонған
Қаратөбем...» атты танымдық іс-шара да өз
мәресіне жетті. Жақсы күндерде жолыққанша!