400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Қыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпқа арналған "Қыс" тақырыбындағы сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қызығы мол қыс мезгілі

Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға, байланыстырып сөйлеуге түсіндіріп, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Тақырыптың аты жазылған плакат,қыс мезгілінің суреті.

Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, пікір айту,көрсету.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу

  • Тәрбие сағатына оқушылармен бірігіп отырып, мақсат қою.

Психологиялық сәт.

Бір топ бала сырғанап,

Барады әне, жарысып.

Қалды артында қыр алып,

Іздерінен қар ұшып.

ІІ. Сұрақ – жауап.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Балалар, алғаш сабаққа келген күндеріңді естеріңе түсіріңдер. Сонда сендер қалай киініп келдіңдер?

  • Ал қазір қалай кініп жүрсіңдер?

  • Қыс несімен қызық?

  • Қыста біз не жасаймыз?

Қане бәріміз жұмбақ шешеміз бе? Осы жұмбақтарды шешу арқылы, сурет құрастырамыз.

1. Тікен-тікен тік пісте,

Қысы жазы бір түсте.

2. Қыста шыны болып қатады,

Жылыда су болып жатады.

3. Әуеде ақ мамық,

Қалбалақтап ұшады,

Қанаты талып.

  • Қане балалар бұл ненің суреті?

ІІІ.Дидактикалық ойын.

«Қар жинау».

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Ортада екі топқа да бірдей етіп қар үйіледі. Берілген белгі бойынша шелекке қарды толтыру керек. (жеңімпаз топты мадақтау)

ІV. Қорытынды.

Сабақ соңында оқушылар қыс туралы өлең шумақтарын оқиды. Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
558
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі