400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Қыс" А. Құнанбаев 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қыс» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу. Балаларға табиғат көріністерін сипаттауды, қыс қызықтарын айтқызып үйрету. Өлең шумақтарын жаттату, сөздік қорларын молайту. Табиғаттың әдемілігін сезіне білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 25.01.2022ж

Тәрбиеші: Калдыбаева Н.Ж.

Тәрбие бағыты: Сыныптан тыс сабақ

Тақырыбы: «Қыс». А. Құнанбаев

Мақсаты: «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу. Балаларға табиғат көріністерін сипаттауды, қыс қызықтарын айтқызып үйрету. Өлең шумақтарын жаттату, сөздік қорларын молайту. Табиғаттың әдемілігін сезіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қыс мезгілі туралы суреттер, слайд, бейнеролик.

Шаттық шеңбері:

Бақыт толы шеңберге,

Шаттық толы шеңберге,

Қол ұстасып келдік біз,

Жан достармыз енді біз.


Жұмбақ жасыру:

Шанамен зырғап, желдетіп,

Шаңғы, коньки тебемін.

Аққала жасап, ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?


- Балалар суретте қай жыл мезгілі берілген?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыста неше ай бар?

-Ай аттарын атайықшы?

- Қыста ауа райы қандай болады?

- Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?

- Несімен ұнайды?

-Бүгін біз А. Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен танысамыз. (А. Құнанбаевтың өмір жолына суретін көрсете отырып, шолу жасау)

-Енді, балалар, Абай атамыздың «Қыс» өлеңін бірге жатайық

Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

Сұрақтар:

-Балалар бұл өлең жолдарыңда қай жыл мезгілін суреттеп тұр?

- Ақын қысты кімге теңеді?

-Өлеңдегі кейіпкердің киімі қандай?

-Киім деп отырғаны не деп ойлайсыңдар?

- Ақын балаларды қалай суреттеген?

Сергіту сәті

Боран соқты оң жақтан,

Боран соқты сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ

Су өтеді қолғаптан.


Тіл ұстарту жаттығуы:

-Ыс, -ыс,-ыс далаға келді қыс.

-Ар, -ар, -ар жерге түсті қар.

-На, -на, -на біз тебеміз шана.

-Ла, -ла, -ла қардан соқтық аққала.

Рефлексивті – түзетушілік:

-Бүгін біз кімнің өлеңімен таныстық?

-Өлең қай мезгіл туралы айтылған?

-Қысты қалай суреттеген?

 Өлең жолдарын бірге қайталайық

Балаларды мадақтау.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.01.2022
570
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі