400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

тәрбие сағаты. "Қыз - еркем, кестесімен көркем" қыздар байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие жұмысы бойынша дайын тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: «Қыз - еркем,кестесімен көркем» атты қыздар байқауы 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру. «Қазақ қызы» деген атқа лайық ойы әсем, тәні әсем, ісі әсем болып қалыптасуына баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эститикалық талғамын, шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік: Көпшілік алдына өзін-өзі ұстай білу, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулықққа, шебер болуға, ісмерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: шарлар, плакаттар, суреттер, гүлдер, үнтаспа т.б.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: Н

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, сайысқа қатысушы арулар. Сіздерді көктем мерекесі 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Көктемнің шуақты күніндегі сан-алуан гүлдердей құлпырып жайнап жүре беріңіздер!

Жүргізуші:  М

Армысыз, әлеумет, кеш қонағы
Бүгін бізде мереке аса мәнді!
Қуанып зер салайық, ей халайық!
Аруларды қошеметпен қарсы алайық!

Жүргізуші:Н
Мың бұралған арулар билей басып.
Келеді міне ортаға толқып-тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің
Көңілді қошеметпен қол соғайық!

-байқауға қатысушы аруларымызды ортаға шақырамыз.

2 «а» сынып аруы: Орынбасар Еркенез Даниярқызы

2 «а» сынып аруы: Серік Таңнұр Олжасқызы
2 «а» сынып аруы:  Мейірхан Нұрсара Азизқызы
2 «а» сынып аруы:  Саруар Шырайлым Ерболқызы
2 «а» сынып аруы:  Қайратбекқызы Жанерке
2 «а» сынып аруы:  Жарылқасын Інжу Мақсатқызы
2 «а» сынып аруы:  Сатыбалды Динара Берікқызы
2 «а» сынып аруы:  Әбдіманап Мадина Бағдатқызы
Жүргізуші: М

Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ай аруды талдап бүгін алуға,-деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасынмен таныс болайық.

Әділ-қазылар:

1

2

3

Сайыс 6 бөлімнен тұрады:Н

1. Таныстыру «Тегімді менің сұрасаң»
2. Білгенге маржан (сұрақ жауап).
 3. «Қыз еркем- кестесімен көркем» ою ою
4. Түйме қадау

5. Өнерлі өрге жүзер (ән, би, мәнерлеп оқу).
6 Сән үлгісін көрсету

1-бөлім.

Жүргізуші: Н

Баурап алар бір-ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.
Жүргізуші:М

Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті

Әдеппенен, ізетпенен танысуға,-дей келе сайысымыздың 1-бөлімі «Тегімді менің сұрасаң» (Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт келбеті, жүріс-тұрысы сынға түседі).

2-бөлім.

Жүргізуші: Н

Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ-жауап сайысында.
Сыналар білімі мен парасаты,-дей отырып,келесі кезекте сұрақтарға жауап береміз

3-бөлім.

Жүргізуші:

Арусыздар таудай биік талабың
Қызысыңдар еркін-өскен даланың
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында
Ою ою қыздар үшін қиын ба?

  • Қыздарымыз ою ойып өз шеберліктерін көрсетеді.
    4-бөлім.

Жүргізуші:

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада, 
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі. 

  • Қыздарды түйме қадау сайысына шақырамыз
    5-бөлім.

Жүргізуші:

Өнер-білім тапқырлықтың тарланы
Еңбектегі әріптестер мақтаны
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет құрбылармен жарыста,-дей келе өз өнерлерін ортаға саламыз.

-сайысқа қатысушы аруларымызды ортаға шақырамыз.

2 «а» сынып аруы: Орынбасар Еркенез Даниярқызы ____________________________

2 «а» сынып аруы: Серік Таңнұр Олжасқызы _________________________________
2 «а» сынып аруы:  Мейірхан Нұрсара Азизқызы _______________________________
2 «а» сынып аруы:  Саруар Шырайлым Ерболқызы______________________________
2 «а» сынып аруы:  Қайратбекқызы Жанерке___________________________________
2 «а» сынып аруы:  Жарылқасын Інжу Мақсатқызы_____________________________
2 «а» сынып аруы:  Сатыбалды Динара Берікқызы______________________________
2 «а» сынып аруы:  Әбдіманап Мадина Бағдатқызы______________________________






6- бөлім

Жүргізуші: 

Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айнамен таласатын
Өнерлеріне сәні сай келіп тұрған
Аруларға қызығып ел қарасын – деп келесі сайысымыз сән үлгісі.


Жүргізуші: 

Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын
Қазылар берсін енді шын бағасын.
Жүргізуші: 

Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Өнерлі, Білімділер жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
- Әділ-қазылар сөз береміз.

Номинациялар:

  1. Бас жүлде «Көктем ханшайымы»

  2. 1-орын

  3. 2- орын

  4. 3-орын

  5. «Көрермен көзайымы»

  6. «Өнерлі қыз»

  7. «Сән әлемі жұлдызы»

  8. «Шебер қыз»


Жүргізуші:

  • Құрметті көпшілік қауым, бүгінгі 2 «А» сыныбы қыздары арасында өткен «Қыз – еркем, кестесімен көркем» атты қыздар сайысы осымен аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға рахмет!




























Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қарақұр ауылы

«Қарағұр» жалпы орта мектебі









Сабақтың тақырыбы:

«Қыз – еркем, кестесімен көркем» атты қыздар байқауы



Сыныбы: 2 «А»



Сынып жетекші: Досыбаева Қарлығаш Аліханқызы
















2018- 2019 оқу жылы






«Бекітемін»

Мектеп директоры: Т.Р.Малбағаров

6 наурыз 2019 жыл


«Келісемін»

Мектеп директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары: Қ. Қ. Смайл

6 наурыз 2019 жыл



«Қарағұр» жалпы орта мектебінің 2018- 2019 оқу жылындағы 2 «А» сыныбы оқушыларымен өтетін «Қыз – еркем, кестесімен көркем» атты ашық тәрбие сағатының іс- шара жоспары

Атқарылатын жұмыстар


мерзімі

жауапты

1

Сынып оқушыларына «Қыз – еркем, кестесімен көркем» қыздар байқауының іс – шара жоспарымен таныстыру

01.03.2019 жыл

Сынып жетекші

2

Бағдарлама бойынша оқушыларға тапсырмаларды бөліп беру

02.03.2019 жыл

Сынып жетекші

Сынып ұжымы

3

Оқушылармен дайындық жүргізу


  1. 06.03.2019 жыл

Сынып жетекші

4

Сахнаны безендіретін көрнекіліктерді дайындау


05.03.2019 жыл

Сынып жетекші

Сынып ұжымы

5

Қосымша берілген тапсырмаларды қадағалау


1-06.03.2019 жыл

Сынып жетекші

6

Сынып ата- аналарына хабарлау және өтетін орынды дайындау


05.03.2019 жыл

Сынып жетекші

Сынып ұжымы

7

«Қыз – еркем, кестесімен көркем» қыздар байқауын өткізу


06.03.2019 жыл

Сынып жетекші

Сынып ұжымы



Сынып жетекші: Қ.Досыбаева































Қыз сыны сценарий(Көктем аруы)

Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.
Бүгінгі «Көктем аруы -2016 » атты арулар сайысына қош келдіңіздер.
«Көктем аруы- 2016» байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтар, құрметті ақ жаулықты аналар, әжелер, қыз-қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар сіздерді қар астынан қылтиып бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болған,8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз.
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада, 
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі. 

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Аруы деп мектептің жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға сәттілік тілейікші
Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық
1.Жақсылық Аяулым Әділетқызы
2. Бекқожа Меруерт Мирұланқызы
3.Тайжанова Аяулым Аскатовна
Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық, 
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен тан
1.
2.
3.

Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1. Өзін -өзі таныстыру.
2. Өз өнерін көрсету
3. Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
4. Сән үлгісі
5. Қолөнер
Қатысушылар әділқазы алқасының алдынан нөмер алады да , кезекпен өздерін таныстырады. 
I кезең.Таныстыру
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
II кезең өз өнерін көрсету.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты, 
Ас мәзірін әзірлеп, ал біреулер ән салыпты би билеп
Бүгінгі көктем ару байқауынан бәйге алуға 
Арулар аянбай-ақ жан салыпты
( әділқазылар алқасының бағаларын білу)
III кезең. Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.
( әділқазылар алқасының бағаларын білу)
IV кезең. Сән үлгісі
Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қара біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.

V кезең. Қолөнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын.

( әділқазылар алқасының бағаларын білу)
Жүргізуші: «Қыз –ұлттың жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт –береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.







Құрметті әріптестер, ақ жаулықты аналар, кішкентай бүлдіршіндер бүгінгі «Көктем аруы!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Бүгін үлкен мереке. Бұл халықаралық әйелдер күні, көктем мерекесі. Наурыз айы – үлкен мерекелер айы. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп - өніп келеміз. Күллі адамзат абзал да, асыл жандардың алдында бас иеді. Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты аналар.

Құттықтау сөз балабақша меңгерушісіне беріледі.

Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Рұқсат болса бастайық!

Жүргізуші:
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

Ортаға аруларымызды біздің топтың жігіттері алып шығып таныстырады.
1 - аруымыз: Құсайын Гүлназ – Ерсайын Айдар.
2 - аруымыз:
3 - аруымыз:
4 - аруымыз:
5 - аруымыз: 
6 - аруымыз: 

Вальс: Ару қыздарымыздың орындауында.

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

Жүргізуші:
Уа, арулар, арулар!
Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын,
оны қазың бағалар – деп,
әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, сайыстың атқаратын міндеттері мен таныстырып өтейін.
1. Өздерінің реттік санын алу.
2. Өздерін таныстыру.
3. Сұрақ - жауап.
4. Арулардың өз өнерлерін көрсетуі.
5. «Анамның сүйікті асы».
6. Сән үлгісін көрсету.

Жүргізуші:
Білім, ғылым, өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Ата - салтын ертеңге,
Жеткізетін өздерің. – деп сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз.

І кезең. Реттік сандарын алу.
Ән: «Үкілі кәмшат»
ІІ кезең.
Бүлдіршін арулар келді танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.

Ән: «Қуыршақ»

ІІІ кезең.
Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне – дей келе кезекті сұрақ - жауапқа берейік.

1. Көктемнің қай айында аналарымыздың мерекесі болады?
2. Ана - туралы тақпақ білесіңдер ме?
3. Анаң сені үйде не деп еркелетеді?
4. Қандай мақал - мәтелдерді білесің?
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің?
6. Төрт түлік малды ата?

Би: «Жігіттер»

ІҮ кезең.
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.

Арулардың өз өнерлерін көрсетуі:

1 - аруымыз: ---------- ән: «Балалық шақ»
2 - аруымыз: «Үнді халқының биі»
3 - аруымыз: Көркем сөз: «Отан»
4 - аруымыз: Ән: «Анашым»
5 - аруымыз: би: «Қамажай»
6 - аруымыз: – «Өзбек биі»

Би: «Көңілді күн»
V. кезең. «Анамның сүйікті асы».
Арусыңдар таудай биік талабың,
Қызысыңдар еркін өскен даланың
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында
Ас әзірлеу, қыздар үшін қиын шаруа болып па?

(тамақ дайындау, дайындалу жолдарын айтып түсіндіру).

VІ. кезең. Сән үлгісін көрсету.
Ал, халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
(Арулар реттік номерлері бойынша бірінен кейін бірі сән үлгісін көрсетеді.)

Жүргізуші:
Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

1. Әділ қазыларға сөз беріледі.

2. Сайысқа қатысушы бүлдіршін арулар марапатталады.
«Көктем Аруы»- Құсайын Гүлназ
«Білімді Ару» - Аманкелді Еркежан
«Өнерлі Ару» - Меңдеш Адия
«Шырайлы Ару» - Ерсайын Әнел
«Сәнғой Ару» - Егеш Жайнар
«Іскерлі Ару» - Маратқызы Аружан
3. Қорытынды сөз.
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
3041
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі