400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Тәрбие сағаты "Республика күні-жүрегімізде"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты Республика күніне
Материалдың қысқаша нұсқасы

КАСПИЙ ӨҢІРІ «БОЛАШАҚ» КОЛЛЕДЖІ





«БЕКІТЕМІН»

БТЖО ________Г.Б.Джакаева

«____» _____________2025 ж







Тақырыбы: «Республика рухы - жүрегімізде»

(Концерттік бағдарлама)


Дайындаған: Жақыпова А.Ж

Абдрахманова М.Я

Ахметова Д.Ж

Нурпеийсова А

Қабылова А.Р

Орымбеков Ғ.Қ.

Тобы:А- 22-2,А-24-1

Қ-24-2,СД-24

БҚ-23-4, Қ-23-1/2

ПиМНО-24-2с/о



Ақтау 2025ж

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА СЦЕНАРИЙІ

Тақырыбы: “Республикам- менің мақтанынышым”

1-бөлім. Кіріспе

(Сахнада мемлекеттік ту ілінген, фондық музыка “Көк тудың желбірегені”)

1-Жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар мен студенттер! Бүгінгі тұғырлы тәуелсіздігіміздің,

айбарлы азаттығымыздың айғағы, ұлттық мерекеміз Республика күні құтты болсын!

2-Жүргізуші:

1993 жылдың 25 қазан күні ҚазССРнің мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация

қабылданып, 2001 жылы Республика күні деп жалпақ жұртқа жария еткен болатын.

8 жыл өткен соң мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталып, арада 13 жыл өткен

соң мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен бұл мейрам

ұлттық мереке ретінде қайта тойланатын болды.


1-Жүргізуші:

Отан, Отан!!! Сен болмасаң нетер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем!

Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі мереке кезінде қалай

болса да шалқитындай реті бар. Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен

Тәулсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз талай – талай асқарлы асуларды бағындырды.

2-бөлім. Ән Ұран

1-Жүргізуші:

Салтанатты шарамызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен

бастаймыз.

Барлықтарыңызды тік тұрып, Әнұранды орындауға шақырамыз. (Әнұран орындалады)

2- Жүргізуші:

Тәуелсіздік халықтың арман қанаты.

1991 жылы біз қанатымызды байлап тұрған құрсауды бұзып,биікке құлаш сермедік,

әлемге Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде жарияладық. Біз, өз Отынымздың жаңа

дәуір тарихын бірге жаздық, негізін бірге қаладық. Халықтың ынтымағы бізді мызғымас

тәуелсіз мемлекетке айналдырды, береке мен бірлік, татулық пен келісім бұл біздің

тәуелсіз мемлекетіміздің жетістігі және өркениет көшіне ілесуінің кепілі болып табылады

1-номер.Домбыра

1-Ж:

Домбыра қазақ халқының қасиетті мұрасы. Оның қоңыр үні талай тарихты, талай

тағдырды шерткен. Біз сол аспаптың үні арқылы еліміздің еркін рухын сезінеміз.

Сахнада: Абат Еркебұлан, Усманова Сабина

“жеңіс” жәнеде “ерке сылқым” күйімен,қарсы алыңыздар!

2-номер. Мәнерлеп оқу.

2-Ж:

Елімізге деген сүйіспеншілікті сөзбен жеткізудің бір жолы - өлең.

Келесі кезекте көркем ән шумақтарымен Тезекбай Ерасыл.

3-номер.Көрініс.

1-Ж:

Егеменді елдің еңсесін көтерген, рухын асқақтатқан мереке Республика күні!

Сахнада БҚ23-2 топ студенттерінің “тәуелсіздік оңай ма екен?” көрінісін қабыл алыңыздар!

4-бөлім.Сұрақ жауап ойын.

1-Ж:

Қазір біз барлығымызды ортақ білімге, ел тарихын білуге шақырамыз. Келесі бөлім -

”Білгірлер сайысы”! Дұрыс жауап берген қатысушыларға шағын сыйымыз бар. Жауабын

білсеңіз алдымен қол көтеріп содан кейін жауабын айтасыз.

( сұрақтарды кезекпен оқимыз )

1. Мемлекеттік туымыздың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларация қашан қабылда

нды? (1990 жылы 25қазан)

3. Әнұранның авторлары кім? (сөзі: Н.Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденов

әні: Ш.Қалдаяқов)

4. Қазіргі қолданыстағы Қонституция қашан қабылданды? (1995жылы 30тамыз)

5. Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын орган қалай аталад

ы? (Парламент)

6. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қандай? (Ту, Елтаңба, Әнұран)

7. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қашан енгізілді? (1993жылы 15қараша)

8. Қазақстанда неше облыс бар? (17облыс бар)

9. Парламент неше палатадан тұрады және олар қалай аталады?

(2палата Мәжіліс және Сенат)

10. Жәнеде сонғы сұрақ, жалпы республика сөзі нені білдіреді?

(Халық билігі, мемлекетті сайлап басқаратын ел)

5-номер. Хор.

1-Ж:

Тәуелсіз елдің әр азаматы туған жерін, туған елін қастерлей білу керек.

Ендеше, келесі номер - туған жерге деген сүйіспеншілікті паш ететін әсем ән.

2-Ж:

Сахнада - А-24-1, Қ-24-2 , СД-24 , БҚ-23-2

топ студетенттерінің орындауында “Туған ел” әні ! Қарсы алыңыздар !

(Хор айтылады)

Соңғы бөлім:

1-Ж:

Құрметті ұстаздар, студенттер!

Біз бүгін азат елдің асқақ рухын сезіндік. Республика бұл бірліктің ,бейбітшіліктің

және тәуелсіздіктің нышаны! туған елімізідің көгінде әрдайым бейбітшілік орнасын!

Әр жүректе отанға деген махаббат, әр үйде шаттық пен береке болсын!

2-Ж:

Қазақстан – туған Отан алтын бақ, Қазақстан – мейірлі ана, дос қымбат.

Қазақстан – бізді туған Ұлы Отан, Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.

1-Ж:

Бүгінігі Республика күніне арналған концертімізіді осы жарқын тілекпен аяқтаймыз!

Бірге: Баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

























Shape1

Видеоролик колледж инстаграм желісіне жүктелді

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.02.2026
15
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі