Материалдар / Тәрбие сағаты: «Республикам-мақтанышым!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: «Республикам-мақтанышым!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу..
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2024
385
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы











25 - қазан Республика күніне арналған тәрбие сағаты тақырыбы:



«Республикам-мақтанышым!»





















6 «Б» сыныбы

Сынып жетешісі: Гизатова Айзада Нурболатовна



2024-2025 оқу жылы



Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Гизатова Айзада Нурболатовна

Күні:

21.10.2024

Сынып:

Қатысушылар саны: 26

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Республикам-мақтанышым!»

Құндылық

Ұлттық мүдде

Мақсаттары

Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу..


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар


-Саламатсыздар ма құрметті оқушылар !

Біз бүгін «Республикам-мақтанышым!» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз.

Мемлекеттік Әнұран айту

- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?

- Қазақстан

- Қазақстан жері қандай?

- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.

- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.

- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.

Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы - туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.


Ұлы ағартушы, халқымыздың рухани көсемі А. Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан өссін»деген екен. Біз сіздерге тек перзентіміз емес, еліміздің ертеңі, нұрлы болашағы деп қараймыз. Мұхаммед Пайғамбарымыз «Жастық шақта алған білім - тасқа ойылған нақыш» деген екен. Ендеше сендер бала кезден бастап терең білім меңгеруге тиіссіңдер. Туған еліміздің биікке ұшар сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болыңдар дегім келеді.


Қазақ поэзиясының хас шебері

Қ. Аманжолов «Не деген бақытты едің, келер ұрпақ» деп жырлағандай, сендер тәуелсіз елдің азаматысыңдар, сендерді мемлекеттік мереке Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын.



Мемлекеттік ту - алтын күн алаулаған зеңгір көк аспан түстес. Сол зеңгір аспанның аясында баяу қалықтаған дала бүркіті. Арман арқалаған алтын бүркіт қазақтың қыран көңілін шырқау биікке алып шыққандай көрініс береді. Мемлекеттік туды даралайтын тағы да бір белгісі - оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті қошқар мүйіз жолақ. Ол - көшпелі әлемнің, дарқан дал рухының тынысы.

Ту ортасындағы алтын күн - халқымызға нұр болып шапағатын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан ақиық қыран құс - ерліктің белгісі.

Туымызды қастерлеу - халқымызды қастерлеу.


Елтаңба - әлемде сирек кездесетін Елтаңба. Қазақ өмірінің ұлы белгісі шаңырақтан тараған. Таң шапағындай уықтар арасындағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар халқымыздың болашаққа ұмтылған асқақ арманының бейнесіндей болып көрінеді. Қос пырақ ортақ шаңырақты қанатымен қорғап тұр. Қанат - асқақ арман нышаны. Ел белгісінде көк аспан, шаңырақ, жарық жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген. Аспан көк - кеңшілік, тыныштық, биіктік белгісі.

Мемлекеттік Әнұран - еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды төл құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат сынды.


«Авторлар» категориясының сұрақтары:


1. Мемлекеттік Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

2. Мемлекеттік Елтаңбаның авторларын атаңдар (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)

3. Мемлекеттік Гимннің әнін жазған әйгілі композитор кім? (Шәмші Қалдаяқов)

4. Мемлекеттік Гимннің сөзінің авторларын атаңдар (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)

Талай тағдыр тауқыметіне ұшырап, қазақ халқы бүгінгідей бақытқа қол жеткізу үшін қаншама қиын бұралаң жолдардан өтті десеңізші?! Қазақ елін, қазақ жерін білектің күшімен, алмас қылыш ұшымен, өткір тілімен, қасиетті қанымен қорғаған ұлы тұлғаларымыз тарихта аз емес.

Осы тұлғаларды жас ұрпаққа таныту мақсатында журналдың келесі бетін «Еліміздің ұлы тұлғалары» деп атадық.


1. Ахмет Яссауи - ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы. «Диуани Хикмет» кітабының авторы, дүние жинамай адамдарды азғындық жолынан сақтауда қызмет еткен адам, жаны таза болған.


2. Әз Жәнібек хан - қазақ халқының хандығын құрып, халықтың өз алдына еркін өмір сүруіне ат салысқан, жау қолында қалған қазақ жерін азат еткен.

3. Мұхаммед Хайдар Дулати - тарихшы, «Тарихи рашиди» атты еңбек жазған, қоғам қайраткері.


4. Төле, Қазыбек, Әйтеке - билеріміз, халықтың ұлттық бірлігін нығайтып, халықтығын сақтауға басшылық жасаған данышпан ақын, шешен, ойшыл гуманист көсемдер.

5. Абылай хан - халық мақтанышы, ХVІІІ ғасырдағы бүкіл қазақ елін еркін билеген, елдің тұтастығын қамтамасыз еткен қайраткер, елші, мәмлегер.

Қауіпсіздік сағаты.

Су айдындарының мұзда болуы әрдайым қауіпті, әсіресе мұз қату кезеңінде, өзендер мұзбен жабыла бастаған кезде. Бұл уақытта мұз ең жұқа, ол кез-келген уақытта құлап кетуі мүмкін, ал мұзды су мен жылдам ағын, әдетте, қашып кетуге мүмкіндік бермейді.


Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында кәмелетке толмағандардың ата-аналарын осы уақыт кезеңінде су айдындарында болу қаупі туралы балаларымен әңгімелесуге шақырамыз. Есіңізде болсын, бұл ересектер өз балаларына жауап береді және оларға қауіпсіздік ережелерін уақтылы енгізуі керек.


Күн суытып,мұз қату мерзімі келді. Балалар коньки киіп,бірер сағат мұзға шығуға шыдамсыздық танытады. Бірақ тоған,өзен,көл бетіне шығуға асығуға болмайды;


1.1.Мұз өте қауіпті. Біздің облыста қараша-желтоқсан айларында мұз қата бастайды.


Тыйым салынады:

-Қалыңдығы 7 сантиметрден жұқа болса, мұз үстіне шығуға;

-Дұрыс қатпаған, бетін қар басып қалған мұз үстінде сырғанауға және топталып тұруға ;

-Мұз үстіндегі білмейтін жерлерге жағажайдағы жардан сырғанап түсуге;

-Тез су ағымы бар жерлерде, бұлақты жерлерде ойнауға;

-Мұз үстінен қауіпсіздік белгілері жоқ жерден өтуге;

-Мұздың қалыңдығы 25 сантиметрден аспайтын болса,мұз айдының жасауға;

-Егер де тәулік бойы ауаның температурасы құбылып тұрса,мұз үстіне шығуға,әсіресе түңгі уақыттарда шығуға тыйым салынады.


Балалар!

1.Мұз қатар кезінде су айдындарында сақ болыңдар!

2.Жұқа мұздың үстінде шаңғы және коньки теппеңдер!

3.Өмірлеріңе қауіп төндірмеңдер!

4.Жұқа,толық қатпаған мұз үстіне шықпаңдар!

   Қорытынды:

Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!

Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.


Бүгінгі сабаққа қатысқан оқушылварға рақмет айтамын!





Әнұран орындайды.

Бір-біріне сәттілік тілейді.



Молдір:

Мақтансаң мақтан елім деп,

Тани біл, елдік таңбаңды.

Елтаңба, Туың, Әнұран -

Шырқатты биік арманды.

Тәуелсіздікке тән белгі -

Қасиетті осы рәміздер -

Еліме рух, мән берді,

Иесі оның – мына біздер.





Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?


Туған жер - тұғырың

Туған ел - қыдырың.


Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.


Туған жер – алтын бесік.

Туған жердің топырағы да ыстық.


Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!


Отан – оттан да ыстық.













«Не деген бақытты едің, келер ұрпақ» деп жырлағандай, сендер тәуелсіз елдің азаматысыңдар бірін-бірі құттықтайды.















Рәміздердің құрылысымен танысып, пысықтай түседі.



































Сұрақтарға жауап береді





















Қазақ елін, қазақ жерін білектің күшімен, алмас қылыш ұшымен, өткір тілімен, қасиетті қанымен қорғаған ұлы тұлғаларымызбен таныс болады.















Қауіпсіздік сағатымен танысы, мұз қату туралы, одан сақ болу жолдары туралы танысты.
















Плакат








слайдтар



Рәміздер






ту
















«Республикам-мақтанышым!»


Shape1


Shape2




Shape3

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!