15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты «Рухани жаңғырудың жарқын жолы: Кеше. Бүгін. Ертең!»
Тақырыбы: «Рухани жаңғырудың жарқын жолы:
Кеше. Бүгін. Ертең!»
Мақсаты: Рухани жаңғыру туралы түсінік беру және патриоттық сананы
ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың
бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген
құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың
кепілі екенін біледі.
Түйінді идея: «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы
Балалар бүгінгі көңіл күйлерің қандай ?
Жан-жағымызға қарап алайық. кімдерді көріп тұрсыңдар?
Апайлар мен қонақтарды.
Ондай болса амандасып алайық.
Сәлеметсіздер ме апайлар !
сәлеметсіздерме қонақтар!
«Шаттық шеңбер » әдісі арқылы бір-бірлеріне сәттілік тілейді.
Біз балдырған тең басқан.
Тілегіміз тыныштық,
Ашық болсын кең аспан.
Мықты болсақ бірге біз,
Болашақта біргеміз.
Балалар бүгінгі іс- шарамыздың тақырыбы:
«Рухани жаңғырудың жарқын жолы:
Кеше. Бүгін. Ертең!»
Сабақты бастамас бұрын мен сіздерге Рухани жаңғыру деген сөзге түсінік беріп кетейін.
Рухани жаңғыру дегеніміз Әр азаматтың өз елінің, жерінің, әдеп –ғұрпын,
салтын сақтап. Экономикасын бүкіл әлемге шығарып, таныстырып, жақсы жағынан көрсету.Бүкіл әлемдік елдермен қатарлас болу.
Яғни терезесі тең-керегесі кең елдер қатарына қосылу.
Олай болса сабағымызды жалғастырайық.
Мұғалім қолына киіз үй макетін ұстап тұрып:
Балалар мынау қазақ халқының бұрынғы баспанасы- киіз үй.
Ал, осы киіз үй туралы не білесіңдер?
Мұғалімнің сөзі
-Ондай болса қазір сыныбымызбен мектебімізге жақын маңда тұратын, көнекөз қарияларымыздың үйіне қонаққа барып, сол кісілерден сұрап көрелік.
Оқушылар ата мен апаның үйіне қонаққа келеді.
Ата мен апа оқушыларды қарыс алады.
Мұғалім: Ата, әже біз бүгін сіздерге бір бұйымтаймен келіп отырмыз.
-А, бұйымтайларыңыз болса айтыңыздар, тыңдап отырмыз.
-Сіздерден киіз үй жайлы білгіміз келіп, қонаққа келіп едік.
Е-е-е-е, шырақтарым келгендерің қандай жақсы болды, өткенді білмей, ертеңге аяқ басу қиынға соғары белгілі ғой.
-Апа- келгендерің дұрыс болған екен бір мақал деп ата бабаларымыз босқа айтпаған.
Ата- ондай болса тыңдаңдар киіз үйдің артықшылығы – тасымалдауға өте қолайлы болып, ірі арбаларды қажет етпейтіндігінде. Оны оңай жинауға, бұзуға және шағын болса, теңдестіріп тасуға болатын.
Киіз үйдің негізгі қаңқасын мыналар құрайды: негізгі тіреуіші (қабырғасы) – кереге, күмбездік сырықтар – уық, жартылай сфера тәрізді төбесі – шаңырақ, және есігі – сықырлауық. Өздері білендерін қосады.
Келген оқушылардың бірі керегеде тұрған қамшыға көзі түсіп,
-Ата, апа ана қамшыны неге керегеге іліп қойғасыз?
Атасыңы жауабы: Қамшы — атқа мiнген адам ұстайтын, Қамшы құрал болумен қатар қару ретiнде қолданылған. Қамшы әрқашан оң қолға ұсталады.
Сондай-ақ халық қамшыны өлшем есебінде де қолданған, мысалы: қамшы сабындай, қамшы бойындай, қамшы жетер жерде. деп жақын жерлерді айтқан.
Қамшыны
емдік қасиеттері де бар. Мысалы
кішкентай баланың бесігін аластауда,
қазақ бақсылары жын -шай танды қуатын,
ауруды жазатын
магиялық
зат ретінде де қолданған.
Қамшы іліп жүретін заман өтті,
бірақ
қамшыны
атадан қалған мұра, қазақ мәдениетінің
киелі сыйының бірі деп білуіміз керек.
Оқушы:
-Ал, көйлек не себептен керегеде ілініп тұр?
Әжесінің жауабы: Бала бұл менің немеремінің көйлегі еді, мерекелерде киетін. Ия, қазір сендер бұл көйлекті мерекелерде ғана киесіңдер, бұрын біздің жас кезімізде киген едік. Бұдан басқа да киімдері көп шапан, мәсі, бөрік камзол, тақия, жаулық, малақай, сәукелі, саптама етік, шапан,ішік, тон, т.б
Әжесі: - Жандарым, сендер шаршаған шығарсыңдар. Жол жүріп, ата мен әжелеріңнің әңгімесін тыңдаймын деп.
Оқушылар. –ия
Ондай болса, сендер қазір қандай ойын түрлерін ойнайсыңдар?
Оқушылардың жауабы
Ал, қазақ халқының қандай ойын түрлерімен таныссыңдар?
ия, қарақтарым ондай болса мен сендерге айта кетейін
қазақ халқының ойын түрлері өте көп.
тақия тастау, асық ойыны, ақ сүйек, қазақша күрес, сақина жасыру, сақыр теке, орамал тастау т.б жетіп жатыр.
Олай болса қазір біз «Шертпек.» ойынын ойнайық.
Ойын ережесімен таныстыру
Шертпек.
Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізушісі орамалды иығына салып алып ойнаушылардың артында жүреді де, кез-келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды.Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді.Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» - деп, арқасынан тартып қалады.Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруы мен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады.Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.
Бүгін:
Осы балалар біздің Қазақстан Республикамыздың астанасы қалай аталады?
мына шал екеуміз таппай отырмыз. Біріміз Алматы, біріміз Астана деп дауласып отырмыз.
Оқушылардың жауаптары
Мұғалім: - Ия балалар ҚР астанасы Астана қаласы
"Өткен күн, келмес -тарих. Келер күн, Ертең сыр. Ал бүгінгі күн- үлкен сый деп " Төле би атамыз айтқандай Астана қаласы бүгінгі күнің үлкен сыйы, жетістіктерінің бірі. Қала Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласы елордамыз болғандықтан өте әдемі қала.Ол жерде үлен зәулім үйлер мен демалатын орындар өте көп.
Қаланы салу идеясы Елбасымыз Нұрсұлтан Ә.Н.
Балалар сіздер Астана қаласында қонақта болдыңдар ма?
Ондай болса Астанаға бейнесаяхат жасайық.
Слайд көрсету
Ән: Жарқын « Сәлем, Астана»
Ертең:
Балалар қазіргі заман талабына сай сіздер үш тілде мектепалды даярлық тобынан бастап оқып жатырсыңдар.Ендеше сол алған білімдеріңді тексеріп көрелік.Мен сендерге жұмбақ жасыраман . Ал, сендер жұмбақтың шешуінің жауабын үш тілде айтасыңдар. Келістік қой
Тыңдаңдар!
1.Жұмбақ жасыру:
1. Қар астында қыстады, жасылмен бөркін тыстады. (Жер, земля, ланд)
2.Жағалай-жағалай тас қойдым.
Жирен атты бос қойдым. (тіл, язык, Лангуа)
3.От басында құмған, Екі көзін жұмған. (мысық, кошка, кәт)
4.Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. (Қой, баран, чип)
5.Отқа жанбас, суға батпас. (Мұз, лед, икл)
6.Екі бала қатар тұрса да, бірін- бір көрмеді (Көз, глаза, ейас)
7.Үй үстінде ұсақ тас. (жұлдыз, звезда, ста)
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында латын тіліне көшу туралы нақты міндет қойылған. Соған байланысты болашақта біз латын тіліне көшейік деп отырмыз.
Латын тіліне көшу бізге болашаққа жол ашады. Дамыған елдердің қатарына қосылуға мүмкіндік береді. Апайлармен бірігіп дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Балалар мен қазір латын әріптерін үстелдің үстіне қоямын. Сендер өз есімдеріңнің бірінші әрпән тауып алып, есімдіеріңді атап, әрпін көрсетесіңдер.
2.Өз есімдерін бірінші әріптерін латын әріптермен көрсету.
А,Е,S,A,B,D
Баларар өте жақсы бұл тапсырманы да жақсы орындадыңдар.Бәрекелді!
Алдағы уақытта да біз әлі латын тілінде жұмыстар жүргізетін боламыз.
3.Қазір біз үстел үстіндегі конфеттердің ұнағанын бір – бірден таңдап аламыз.
Енді қызыл түсті қабы бар конфетті алған балалар бір топ, сары түсті конфетті алған балалар екінші топ болып тұра қалымыз.
Топтарға құрастырма беріледі сол құрастырмаларды құрастырып жапсырып Қазақстан картасын шығарамыз
3.Менің Отаным Қазақстан құрастыру/карта құрастырады./
Оқушылар өздерінің жапсырған жапсырмаларын жоғары көтеріп,
Менің Отаным Қазақстан!
Біз, Қазақстанның болашағымын!
Кері байланыс
Бүгінгі сабақта сіздерге не ұнады?
а)Киіз үй туралы берілген түсінік ұнады.
ә) Қамшы туралы атаның айтқаны ұнады
б)Астанаға саяхат керемет ұнады!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген