Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты Рухани жаңғыру.Қасиетті туған жер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, білім алуға деген ұмтылысын, алған білімді қолданысқа түсіру құзіреттілігін, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, әлемдік білім стандартына қол жеткізу, қосымша білім алуды жандандыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні

Тәрбие сағаты

Сынып

Сабақтың тақырыбы

Рухани жаңғыру.Қасиетті туған жер.

Сабақтың мақсаты

Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, білім алуға деген ұмтылысын, алған білімді қолданысқа түсіру құзіреттілігін, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, әлемдік білім стандартына қол жеткізу, қосымша білім алуды жандандыру, мамандық таңдауға бағыттау


Оқыту нәтижесі

Оқушылар рухани жаңғыру болашаққа бағдар -табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі

Түйінді идея

рухани жаңғыру болашаққа бағдар

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


Бағалау

Ресурс

5мин

«Достық торы» әдісі арқылы бір-бірлеріне сәттілік тілейді.

Оқушыларды қағаз қиындылары (үшбұрыш,төртбұрыш ,шеңбер,шаршы) арқылы топқа бөлу.

Топтың ережесін еске түсіреді.

Бір-бірлеріне сәттілік тілейді.

1 –топ Қазақ

2-топ - ӨЛКЕТАНУ

3-топ- АЗАМАТ

4-топ Қазақстан!


Бас бармақ


5 мин

Әр топқа берілген атаудың мағынасын ашу

Мысалы:

Қ-

А-

З-

А-

Қ-

С-

Т-

А-

Н-

Оқушылар берілген атаудың әр әрпіне сөздер ойлап табады.

бағдаршам


7мин

Таныстырылым

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты.Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі,ол-әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі,яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

І.ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы

Күллі жер беті біздің көз алдымызда өзгеруде.Халқымыздың тағлымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып,әрбір қадамын нық басуын,болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын

1. Бәсекелік қабілет

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

2. Прагматизм

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.

Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

4. Білімнің салтанат құруы

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетед

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды.

6. Сананың ашықтығы

Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «от басы, ошақ қасы» аясында қалуынан туын­дайды. Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпей­тіндей. Еуропалық Одақтың 400 миллионнан астам тұрғыны ана тілдері – неміс, француз, испан, итальян немесе басқа да тілдерді  сыйламай ма? Әлде 100 миллиондаған қытай мен индонезиялықтар, малайлар ағылшын тілін еріккеннен үйреніп жатыр ма? Бұл – бәзбіреулердің әншейін қалауы емес, жа­һандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің бас­ты шарты.  
 

Оқушылар сабақтың тақырыбын қорғайды.



 https://egemen.kz/article/nursultan-nazarbaev-bolashaqqa-baghdar-rukhani-zhanhghyru

7 мин

Тапсырма

-Отаным -тағдырым

- ӨЛКЕТАНУ

- САНАЛЫ АЗАМАТ

-Тәуелсіз Қазақстан

Әр топ постер дайындайды, қорғайды.

Бас бармақ


7 мин

Мұғалім: Оқушылар енді туған жер туралы мақал-мәтел білеміз бе?

Мұғалім мақал-мәтелдің басын айтады ,дайын топ қол шапалақтап ,жауап береді.
1. Әркімнің өз жері м-Мысыр шаҺары.
2. Ел іші алтын бесік
3. Жері байдың елі бай
4. Елің – панаң, жерің - анаң
5. Ел жаусыз болмас, жер таусыз болмас
6. Өз елің - алтын бесігің
7. Бақа көлінде патша.

Балық сынада патша.

Жігіт елінде патша.
8. Туған жердің түтіні де тәтті.
9. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне
10.
Туған елдей ел болмас
Туған жердей жер болмас.


Оқушы қол шапалақтап жауабын айту.



5мин

Бекіту:

Бес жолды өлең-синквейн

Әр топ өз тобының атынан шығып бес жолды өлеңді қорғайды.

смайлик


3мин

4.Қорытынды.

Тәрбие сағатымызды төмендегі Ж.Аймауытовтың сөзімен қорытындыласақ:

Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?

Сүймесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз... демекші, балалар, бүгінгі ашық тәрбие сабағында айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.


Сабақты аяқтау

Бір –бірлерінің болашағына тілек айту.

Бір –бірлеріне тілек айтады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2018
582
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12