400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Сабақ тақырыбы: "Қайта пайдалануға болатын қолдорбаны қолданамыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Күнделікті тұрмыста аса мән бере қоймайтын қатты тұрмыстық қалдықтарды ұтымды жолдармен жою және оларды қайта пайдалану мүмкіндігін де қарастыру, Атмосфераға зиянды қалдықтардың тасталуын азайту мен қоршаған ортаны сақтау үшін жасыл технологияларды қолдануға баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сынып мұғалімі: Калтаева Г.А.

3 «В» сынып

Жасыл сабақ

Сабақ тақырыбы: Қайта пайдалануға болатын қолдорбаны қолданамыз

Сабақтың мақсаты:

Күнделікті тұрмыста аса мән бере қоймайтын қатты тұрмыстық қалдықтарды ұтымды жолдармен жою және оларды қайта пайдалану мүмкіндігін де қарастыру, Атмосфераға зиянды қалдықтардың тасталуын азайту мен қоршаған ортаны сақтау үшін жасыл технологияларды қолдануға баулу.

Сабақтың міндеттері:

А) Балалардың экологиялық сана сезімін тәрбиелеуге жәрдемдесу

Ә) Экологиялық тұрақты әрі қауіпті өмір стилінің дағдыларын тәрбиелеуге жәрдемдесу;

Б) Энергия мен ресурстарды, қоршаған ортаны қорғауға назар аудару;

В) Мектепте алған білімдерін іс жүзінде қолдануға қызығушылық ояту;

Сабақтың түрі: құрамдас

Әдістер мен тәсілдер: әңгімелесу, СТО, ой талқы, ашық сұрақтар

Сабақ көрнекіліктері: презентация,компьютер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

А) Психологиялық ахуал

Ә) Топқа бөлу

2. Қызығушылықты ояту

А) «Автор орындығы»

- Жасыл сөзі орысша қалай айтылады? (зеленый)

-Ал ағылшынша қалай айтылады? (green)

-Осы сөзбен сөз тіркестерін құрыңдар(жасыл өскін, жасыл (көк) шөп, жасыл планета және т.б.

3. Сабақ тақырыбын ашу

А)«Миға шабуыл»

-Дүкеннен алған керекті затттарыңды сатушы неге салып береді?

-Дүкенге жиі барасың ба?

-Қалай ойлайсың, сол пакеттер қалай аталады?

-Жиі барсаң пакеттер көп жиналады деген сөз.

-Пакеттерді қайда қоясың?

Б) Бейнеролик «Сен білесің бе?» Shape1

Shape2

4. Мағынаны тану

А)Топтық жұмыс « Постер қорғау»

1-топ «Полиэтилен пакет қалай жасалады?»

2-топ «Полиэтилен пакеттердің пайдасы мен зияны»

3-топ «Кедергіден қалай шығамыз? (Басқа пакет қолданамыз)

Ә)«Мини - диспут»

-Қандай пакет қолданамыз?

-Неліктен?

(Диспутты өткізу барысында балалар екі негізгі сұрақтың жауабын табады.)

«Оқыңыз ,бұл қызық!» айдары

Бүгінгі  таңда әлемнің 40-тан астам елі пластик пакеттерді өндіру мен қолдануға   тыйым салып отыр. Бір реттік дорбаларды пайдалану мәселесінің өзектілігі артқаны соншалық, оларды қолдануға тыйым салатын заңнамалық актілер қабылдаған мемлекеттер саны күннен-күнге көбейіп келеді. Олар полиэтилен пакеттің орнына экологиялық тепе-теңдікті бұзбайтын, тірі ағзалардың тіршілігіне залал келтірмейтін қағаз пакеттер ұсынып отыр. Кейбір елдер оны заң жүзінде  бекітіп те алған.

Бір жолғы  қалталар жер қойнын ластап, жегі құртша топырақ құнарын жейді  екен. Түскен  ортасына зиянын тигізеді, өртесең – жану кезінде ауаға аса улы органикалық қосындылар бөліп шығарады. Ал күлінде ауыр металдар қалады. Әуелі шөпке, шөптен – малға, малдан – адам ағзасына түскен ауыр металл қатерлі ісікке себепкер деседі. Мамандардың айтуынша, әлемдегі әрбір құстың жемсауында пластикалық қалдық бар  екен. Бір жылда бір миллионға жуық құс полиэтилен қалдығын жеп өлетін көрінеді.

Егер бір қазақстандық полиэтилен пакеттерді қолданудан бас тартса, жылына 50 литр мұнай үнемдеуге болады екен…

Ғалымдардың дерегінше,  20 минут қана кәдемізге жаратылатын полиэтилен пакеттер жер астында  1000 жылға дейін шірімей жата беретін көрінеді.

5.Сабақты бекіту

Бейнеролик «Қайта қолдануға болатын қолдорбаны өзіміз жасаймыз»

Дүкенге қайта пайдалануға болатын қолдорбанмен барыңыз, сонда сізге жасау барысында, табиғатта қиын және ұзақ ыдырылатын көмірқышқыл газ шығаратын полиэтилендік қалташа қажет болмайды

6.Рефлексия

-Дүкенге қайта пайдалануға болатын қолдорбанмен барыңыз, сонда сізге жасау барысында, табиғатта қиын және ұзақ ыдырылатын көмірқышқыл газ шығаратын полиэтилендік қалташа қажет болмайды


-«ББҮ кестесін» толтыру

7.Үй тапсырмасы

Қолдорба жасау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
8173
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі