400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Тәрбие сағаты сабақ «Ынтымағы жарасқан туған өлкем-Қазақстан»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Отанын сүйе білуге, бірлікке, ауызбіршілікке, татулыққа тәрбиелеу. Көп ұлтты еліміздің тарихын білуге, өзге ұлттар рәміздерін қастерлеу, елімізді өркендету жолында білімді де, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы,

Сырым ауданы Қосарал ауылы

Жалпы білім беретін Сырым

орта мектеп-балабақша кешені

Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі

Сахан Гауһар Құлсарықызы


Тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан туған өлкем-Қазақстан»

Мақсаты: оқушыларға Отанын сүйе білуге, бірлікке, ауызбіршілікке, татулыққа тәрбиелеу. Көп ұлтты еліміздің тарихын білуге, өзге ұлттар рәміздерін қастерлеу, елімізді өркендету жолында білімді де, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

1-жүргізуші:

Ұлыстармыз тамыр болған ежелден,

Кімдер қашсын қазақтай ер елден.

Достығымыз ғасырларға жалғасқан.

Туған елім, шарықтай бер кемелден!

Олай болса бүгінгі халықтар бірлігі күніне арналған «Ынтымағы жарасқан туған өлкем - Қазақстан» атты мерекелік салтанатты шарамызға қош келдіңіздер.

2-жүргізуші: Салтанатты шарамызды ашпас бұрын мерекелік құттықтауға кезек берелік.

Құттықтау сөз кезегі. ЖББ Сырым орта мектеп балабақша кешенінің директоры Супуғалиев Есмағзом Жүсіпұлына береміз.

1-жүргізуші: Өздеріңізге белгілі біздің елімізде жүз отыздан аса ұлттың өкілі ынтымағы жарасып, Қазақ елінде тату-тәтті өмір сүріп, ана тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін мойындап отыр. Қазақстан Халқы Ассамблеясының басты міндеті-еліміздегі қоғамдық келісім - Қазақстан халқының келісімі. Ең алдымен, Қазақ елі екенін мықтап есте ұстау абзал. Татулық пен тұрақтылықтың иесі ретінде өзге елге алтын бесік болуы шартты. Елдің ынтымағы мен тұтастығы болмаса мемлекет келбетін сақтау мүмкін емес.

2-жүргізуші: Қазақстан 130-дан астам халықтың мекені болып отыр. Барлығының бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасы екені даусыз. Сіздер бұл кеште Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің өнеріңе, куә боласыздар.

1-жүргізуші: Қазақ елі қашанан да жыр елі,

Тарихында тұлғалар көп киелі.

Қазақстан аясында бұрынан,

Бірнеше ұлт бірлесе өмір сүреді.

Қазақ халқы қашанан да басқа ұлттармен, Ұлыстарға пана болған бауырмал халықпыз. Олай болса қара шаңырағымыз қазақ халқының өнеріне қол соғайық қошеметтеп қарсы алайық!

Алдарыңызда Аудандық Балдәурен байқауының жеңімпазы «Нұр-ай» би тобы.

2-жүргізуші: Тәуелсіз елімізде жас ұрпақ берілген бар мүмкіндікті пайдаланып білім алып, еліміздің осы бақытты күндерін аңсап өткен ата-бабаның ұрпағына қалдырған мұрасын тереңнен зерттеп, өнеге алып, терен оқып, қандай қажыр-қайратпен еңселі ел болып жатқанымызды білуіміз керек, бағалауымыз қажет.

Өз шығармасымен аудандық, облыстық Қадыр оқуларының жеңімпазы

7-сынып оқушысы Халит Әли «Тәуелсіздік-тірегім»

1-жүргізуші: Тілі басқа, діні басқа, тілегі бір киелі қазақ жерінде жиналған әр ұлт пен ұлыстың ынтымағы мен ырысы, байлығы мен берекесі жарасқан. Олардың жарасымдылығы жүрекке сенім, көңілге қуаныш орнатады.

Ортада Грузин биімен 2-сынып оқушылары. Қошеметеп қарсы алайық.

2-жүргізуші: Бірлігі мен ынтымағы халықтың,

Көгімізде жарқырайды жарық күн,

Ырыс, дәулет, бақытты үшін халықтың

Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн.

«Елім -ай» әнімен алдарынызда Астана қаласында өткен «Золотая легенда» 2- халықаралық байқауының лауреаты Кенжеғали Мейрамбек балаларыңыз және Орынбасар Береке

1-жүргізуші:Орыс ұлты табысқан,

Бір шаңырақ астында.

Ұсынам ән биімді

Қазағыма арналған . Орыс халқының биімен ортаға 8-сынып оқушыларын шақырамыз.

2-жүргізуші: Тілім басқа тілегіміз біргеміз,

Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз,

Мақсат ортақ, бейбітшлік ұран боп

Татулықтан бұзылмасын іргеміз.

Аудандық Балдәурен байқауының жеңімпаздары: Төлеген Айзере мен Қуанышкерей Толғанай «Бейбіт ел тұрғыны» әнімен

1-жүргізуші: Елордамыз Астанада «Бейбітшілік пен келісім» сарайында Қазақстан Ассамблеясының жиынында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:Тұрақтылық –біз табан тірейтін тұғырымыз, бірлік –баға жетпес басты байлық, жаңару келер күнге, кемел келешекке жетелейтін жарқын жолымыз. Осы үш ұғым біздің мызғымас мемлекетіміздің тұрақтығына тірек болып тұр,- деп атап айтқан болатын келесі кезекті тағы да басқа ұлт өкілдерінің биіне берелік.

Алдарынызда Испан биімен 6-сынып оқушылары. Қошеметпен қарсы алайық.

2-жүргізуші: Қазаққа жақын өзбек,

Өзбек, қазақ бір туыс

Еңбек сүйген халықпыз,

Ынтымақты ту қылып

Ортада өзбек биімен 10-сынып оқушылары.

1-жүргізуші: Қазақстан-сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан - бұл озат ел, танысандар.

Көк байрағым, елтаңбам, әнұраным,

Қазақ елім егеменді, сан ұлтым бар.

«Дос болайық бәріміз» әнімен Байғали Кәусарқарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:

Таңғажайып атың да дәл табылды,

Табылды да талай жұртқа танылды.

Қазақ елі, көкке жетті көк туың,

Сен - тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі!

Ортада Қазақ биімен 5-сынып оқушылары.

1-жүргізуші: Қазақстан-ұлан байтақ мемлекет. Өз бауырына әр ұлт өкілдерін сыйғызып отыр. Олар Қазақстан Республикасының Ата-заңы бойынша тең құқықты, тәуелсіз адамдар. Әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы -туған тілі болып саналады.

Ән: «Мой Қазақстан» орындайтындар Кенжеғали Аружан, Есболсын Гүлназ.

2-жүргізуші:

Біз украин халқымыз,

Жақынбыз қашаннан.

Еліне қазақтың

Қарызбыз әрқашан! –деп, украин халқының, ұлтық биімен 9-сынып оқушыларын қарсы алайық.

1-жүргізуші:

Қуаныштан желпілдейді түндігім,

Бар Халықтың бірлік тойы күн бүгін,

Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты.

Бір тамырмен байлап қойған кіндігін.

Ұйғыр биімен 7-сынып оқушылары.

2-жүргізуші: Биік болсын тәуелсіздік тұғыры,

Таза болсын тіл мен дәстүр тұнығы.

Ұрпақтарың биік ұстап елдікті,

Уысынан шығармасын теңдікті.


Рахметолла Аңсарым, Серікқали Айдана, Габдуллина Әсем орындауында «Достық жыры»

1-жүргізуші: Биылғы жылы Тәуелсіздігімізге 25 жыл толғалы отырғанын ескере отырып, Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылында еліміміз тыныш, халқымыз аман сау, күніміз ашық, түніміз жарық болсын деп бүгінгі салтанатты мерекелік шарамызды аяқтаймыз.

2-жүргізуші: Олай болса көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп көп рахмет. Келесі кездескенше аман, саушылықта болайық ағайын!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
4442
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі