400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жыры – ерліктің дастаны

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Ата-бабамыздан қалған өшпес мұра «Алпамыс батыр» жырын жаттау, батыр туралы әңгімелей отырып, топпен жұмыс жасау, қызығушылықтарын арттыра отырып, сөздік қорын, таным-ықыласын дамыту. Оқушыларды батылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, сурет көрмесі, слайдтар, шашка, ойыншық аттар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жыры – ерліктің дастаны.

Сабақтың мақсаты: Ата-бабамыздан қалған өшпес мұра «Алпамыс батыр» жырын жаттау, батыр туралы әңгімелей отырып, топпен жұмыс жасау, қызығушылықтарын арттыра отырып, сөздік қорын, таным-ықыласын дамыту. Оқушыларды батылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, сурет көрмесі, слайдтар, шашка, ойыншық аттар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Батыр болып жүректі,

Батыр болып білекті,

Қарсыласқан дұшпанды

Қайратымен жасқапты.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Топқа бөліну. «Байбөрі», «Алпамыс», «Жәдігер» (түрлі түсті конфет арқылы)

Топ ережелері:

Белсенді қатысу, тыныштық сақтау, бірін бірі тыңдау, ынтымақтастық.

ІІ. Негізгі бөлім.

А) «Тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып, батырлар жырын айтамыз»

Оқушылар жаттаған жыр шумақтарын оқиды.

Ә) Сурет көрмесіне шолу (ата-ата баласының салған суретін әңгімелеп береді, баласы толықтырады)

Б) Топтық жұмыс

Тапсырмалар:

  1. «Мықты болсаң, тауып көр» әріпжұмбақ шешу

  2. «Атадан қалған асыл сөз» мақал-мәтел сайысы

  3. «Ханталапай» блицтурнир, «Жекпе-жек» жұмбақ шешу

  4. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» балалар шашка ойнайды, ата-аналар ермексаздан бес қару жасайды.

  5. «Шұбар атпен сайыс» ойыншық атпен жарысып барып, тақтадағы мысалдарды шығару.

Мұғалім:

Сендерге артар міндет көп,

Көтерген биік ата салтын құрметтеп.

Ақтай білсең ата-баба үмітін

Әрбір сөзі тәлімі мол бір мектеп.

  1. «Мықты болсаң, тауып көр» әріпжұмбақ шешу.

Сөзжұмбақтар: берілген торға сөздер жазу (зат есім)



Б







Б







Б







Б







Б









  1. Мақал сайысы

Батырлық, ерлік туралы айту.

Балалар мен ата-аналар жатттап келген мақалдарын айтады.



  1. 1-деңгей «Ханталапай» Блицтурнир сұрақтары:

  1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991ж16желт)

  2. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын (Абай)

  3. Қазақша жылдың басы? (тышқан)

  4. Алпамыстың ұлы кім? (Жәдігер)

  5. Шаршының ауданын қалай табамыз?

  6. Рақымжан Қошқарбаев тапсырманы қашан орындады? (30-сәуір, 6 сағат 30 минут, 1945жыл)

  7. Ақжолтай Ағыбай батыр әкесінен неше жасында айырылды. (екі)

  8. Күндіз көрмейтін құс? (жапалақ)

  9. Алпамыстың әкесіне отын тасытқан кім? (Ұлтан)

  10. Үш биді ата (Төле, Қазыбек, Әйтеке)

  11. Жақсылардың жақсысын ата (өрмек, ұршық, кітап)

  12. Қазақстан тұңғыш президентін қашан сайлады? (1991ж1желт)

  13. Екі ақынның жарысы қалай аталады? (айтыс)

  14. Ең кіші төрт таңбалы сан? (мың)

  15. Алпамыс зынданда жатқанда үстіне не түсіп кетеді? (екі серке)

  16. Алпамыстың атасының аты, жөні (Байбөрі)

  17. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?

  18. Алпамыстың қарындасы кім? (Қарлығаш)

  19. Абай қай жылы туылды?

  20. Байбөрі кіммен құда болды? (Сарыбай)

  21. Ыбырай қай жылы туылды?

  22. Бөгенбай батыр неше жасында қолбасшы болған? (отыз)



2-деңгей «Жекпе-жек» Жұмбақтар шешу (топ басшылары шығады)

Тұратұғын әр үйде,

Жайлы орын сәбиге.

Шаңғы табан үйшік ол,

Тербететін, әрине. (бесік)

Тоғыз белбеу, қос жібек,

Екі мұрын, бір шүмек. (домбыра)


От ішінде үш таяқ,

Үшеуі де күшті аяқ.

Ортасында ілгегі,

Ілгегінде ілгені.

(мосы, шәугім)


  1. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» балалар шашка ойнайды, ата-аналар мен қыз балалар ермексаздан бес қару жасайды. (садақ, айбалта, қанжар, найза, шоқпар)

  2. «Шұбар атпен сайыс» ойыншық атпен жарысу (ұл балалар )

Мәре сызығындағы математикалық тапсырманы орындап келу.

ІІІ. Қорытынды бөлім. Ұпайларды санау, мадақтау.

Ұлтымыздың батыр жырын қадірлейік,

Жастарды иманды етіп әзірлейік.

Тәрбие мен білімді тең игерген,

Болашағы қазақтың деп тілейік.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
1267
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі