Тақырыбы:Салауатты өмір-ата салтымыз
Мақсаты:оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру; оқушылардың салауатты өмір туралы ұғымдарын кеңейту; жеке бас гигиенасын сақтау және жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:мақал-мәтел, даналық сөздер, суреттер.
Барысы:
Мұғалім: Адам денсаулығы-қоғам байлығы.Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыруы керек.Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып,еңбекке әрқашан құлшына кіріседі.Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, өркендеуі сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан таңдауларың-салауатты өмір салтын сақтау.Сіз қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады.Көп қызыл гүлдің ішінен,бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздіңде өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар:Денсаулық.
Мұғалім:Оқушылар денсаулығымыз жақсы болу үшін не істеуміз керек?
Иманғали:Шынығып, спортпен дос болып, тазалық сақтауымыз керек.
Бейбіт: Денсаулық –зор байлық. Денсаулық болса бәріде болады.Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты.
Жәнібек:Жан –адамның ішкі дүниесі, ішкі жаратылысы. Олай болса дені саудың жаны да сау.
Алдаберді:Денсаулық ол- шыныққан
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық ол –тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Айтжан:
Денсаулық ол –күлуің
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.
Моншақ:Әртүрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және микробтардың кір-қоқысты жерлерде өсіпөніп, шаң тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі. Сондықтан тұрмыста тазалық сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай екенін естен шығармаған дұрыс.
Ерасыл:Адамның десаулығы, еңбекке қабілетті болуы көбінесе үйдегі тұрмыс жағдайына байланысты,белгілі саитарлық –гигиеналық талапқа сай болуы қажет.Үй ішіндегі бөлмелер тұратын адам санына сай және әрқашан құрғақ та жылы, күн сәулесі жақсы түсетін, кең болуы керек.
Абылай:Ән: «Атамекен»
Мұғалім:Балалар, біздің арамызда кейде тазалықты сақтамайтын оқушылар болса, олар туралы не айтамыз?
Нұрай:Күнде бетін жумайды,
Жу-десең –ақ тулайды.
Өз-өзіне өкпелеп,
Жатып алып тұрмайды.
Дейді ақырып «Жолама»,
Сондай бала бола ма?!
Рахима:Беті қандай кір еді,
Айниды адам жүрегі.
Көрсе осы бір кескінін,
Күледі –ау жұрт, күледі.
Сондай бала болат ма,
Сендер оған жолама.
Мұғалім: Ал тазалықты сақтайтын, жақсы, ұқыпты балалар туралы не айтамыз?
Перизат:Жақсы бала құлақ сап,
Айтқаныңды ұғады.
Төсегінен тұра сап,
Таза ауаға шығады.
Жақсы бала ол анық:
Істемейді шалалық.
Тап-таза боп жуынып,
Алады өзі таранып.
Барлығы: «Дені саудың жаны сау»
«В здоровом теле- здоровый дух»
«А sound mind in sound body»
Ақниет:Спортпен шұғылдану , күн тәртібін сақтау, жаман қылықтардан аулақ болу, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болу.
Мұғалім:Сонымен ішімдіктің, темекінің, нашақорлықтың денсаулыққа зиян екенін білдік.
Олай болса қазір денсаулыққа байланысты мақал –мәтелдерді айтайқшы.
Азамат,Нұрқадір, Мадияр,Нұрайым.
Жүргізуші:Мектебіміздің дәргері келіп отыр ортамызға. Дәрігер Жібек апайға «Қош келдіңіз » дей отырып сөз кезегін береміз. Мына жыр шумақтарын сізге арнаймыз.
Іңкәр:Қарсы алып жылы сөзіңмен,
Ем жасадың аянбай,
Бауыр боп кеттік өзіңмен,
Жақсы бір көріп анамдай.
Иманғали: Нәр алып жылы сөзіңнен
Жақсарып келем жалындай,
Шипалы сөзің, еміңмен,
Көктемгі жасыл жайлаудай.
Нұрай:Адалдық ақ жол сеніммен
Алғысын көптің ала бер.
Ақжарқын адал көңілмен
Сырқаттың жайын таба бер.
Күш қуат алып өмірден,
Қартайма, лаулап жана бер.
Рахима:Тірлік керек сәбиге де, кәріге,
Тірлік керек кең әлемнің бәріне.
Денсаулықтың ұлы досы- дәрігер,
Мен сіздерді жырлай берем әліде.
Нұрай: «Үнді биі»
Жүргізуші:Балалар, денсаулыққа зиян жаман әдеттерден аулақ болу үшін өзіміз білетін накқыл сөздер мен мақалдар айтып берейікші.
Нұрғиса:Темекіден түтін сорсаң құлайсың,
Өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың.
Ақниет:Болар бала кісілікке үйір,
Тозар бала ішімдікке үйір.
Жәнібек:Есірткіге жолама,
Жетелейді молаға.
Ерасыл:Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
Рамазан:Денің сау болса, жарлымын деме.
Жолдасың көп болса ,жалғызбын деме.
Айтжан:Тәні саудың жаны сау.
Моншақ:Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
Көрініс: «У мен дерт»
Қатысушылар:Темекі,есірткі,ішімдік, милиционер, дәрігер.
Темекі:Абылай,Есірткі:Ақниет,Ішімдік: Жәнібек,Милиционер:Алдаберді,Дәрігер:Перизат
Жүргізуші:Осы өлкеде өмір сүріп жатқан әзәзілдер-Темекі,есірткі,ішімдік үшеуі жасырын айтысқа түседі.Әуелі сөзді емін –еркін ғұмыр кешіп үйренген Темекі алады:
Абылай:Бөлініп кетсе дағы жер екіге,
Кезек бер жасы үлкен Темекіге.
Табылам езуінен адамдардың,
Айналып ермегіне балалардың,
Қалтасын қоқым қылып қағам әр күн.
Күні –түні күркілдетіп сарғайтқанмын,
Қаусаған кәрі тісін ағалардың
Жүргізуші:Темекінің кеуде соғып көпіргенін Есірткі көріп отыра қалып, өз әніне басады.
Ақниет:Ежелден темекі едің, шылым едің,
Ашылмай жатқан әлем ғылым едің,
Осылай айтарыңды біліп едім.
Кеңейтіп жеңісімді, өрісімді,
Мәз болып миығымнан күліп едім.
Жүргізуші:Осы сәтте тапырақтай басып, иісі аңқып кердең-кердең аттап Ішімдік келеді.
Жәнібек-Ішімдік:Мен, мен едім, мен едім,
Қай жерде де өр едім.
Дастарханнан, көңілден,
Ылғи түспей келемін.
Ынжықтард ысқылап,
Бойына күш беремін.
Арыстанға тышқанды,
Сүйреп әкеп теңедім.
Жүргізуші:Моншақ:Үшеуі бәйгеге таласып тұрғанда сырттан дауыс естіледі.Милиционер ішке кіреді де:
Алдаберді:милиционер:-Шуламаңдар, түге!-деп үшеуін ұстайды.
Жүргізуші. Моншақ: Дәрігер келеді.
Перизат:Дәрігер:Сендердің мақсаттарың адам өміріне өрт, көңіліне дерт салу болатын.Ал мен олардың қамқоршысымын,- дейді.
Қолқа қауып, қыжылдатқан асқазан,
Жүрек лобып, асқа тәбет ашпаған.
Шылым шегу денсаулыққа зиянды,
Азаматтар өзгеше бір бас қадам.
Меруерт тіс пен таңдайды ыстаған,
Өкпені улап,көк жөтелі қыстаған.
Шылымыңды жолатпастан өмірде,
Темекіні ақыл ойлы, таста, Адам!
Жүргізуші:Оқушылар, бүгін бізде қонақта денешынықтыру мұғалімі Қаналиев Нұрбақыт ағайға қоятын сұрақтарымыз бар.
-
Қандай атақты спортшыларды білесіз?
-
Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз және сіз қайсысын ұнатасыз?
-
Келесі олимпиада қай жерде болады.?
-
Қандай спорт түрімен шұғылданасыз?
Жүргізуші:Ендігі кезекті даналық ақыл сөздерге берейік.
Жәнібек:П.Ф.Лесгафть: «Дене жұмыстарының жалпы әдісін меңгергенде ғана, сол әдістерді біздің әрекеттерімізге қолдана білгенде ғана дене тәрбиесінің болуы мүмкін»
Алдаберді:Әбуғали ибн Сина: «Дене шынықтыру жаттығулары әр адамның жасына, әл-қуатына сәйкес әрі қилы болуы қажет. Орта жастағыларға салт атпен қыдыру тиімді болса, күш қуаты кеміген кекселерге жаяу жүрген пайдалы.Сондай –ақ бозбалаға қолайлы тағам қарттарға зиянды болуы ықтимал».
Мадина:А.Н. Радишев: «Дене қимылындағы жаттығулар дене қуатын қалай нығайтса, ойлау жатитығуы да ақыл-қуатын солай нығайтады.»
Рахима: О.Б.Лепешинская: “ Дене шынықтыру мен спорт ағзаның жалпы іс қабілеттілігін көтереді, адамның шат көңілді болуына жәрдемдеседі. Ал бұл -ұзақ жыл өмір сүрудің міндетті шарттарының бірі»
Нұрай:М.Горький: «Денесін жаттықтыру арқылы адам дені сау, төзімді, епті болмақ.Өз ақылыңды, өз еркіңді осылай шыңдау керек».
Ерік:А.В.Луначарский: «Спорт үміттену мәдениетін, сергектік мәдениетін қалыптастырады».
Нұрайым:В.В.Вересаев: «Түзу жүрсең, түңілген жаныңды, еңсеңді көтерер. Сары уайымды ойыңа алмасаң, санамен де сарғаймайсың».
Моншақ:
Ата –анамыз, ұстазымыз
Бір тілек айтарымыз:
Берекелі заман болсын,
Балаларың аман болсын!
Нұрқадір:
Бүгігі тәрбие сағаты
Денсаулық жайлы сөз еткен,
Көп нәрсені ұғып алдық
Кетпейтұғын мәңгі естен.
Мұғалім:Қымбатты ұзтаздар, оқушылар көңіл қойып тәрбие сағатымызды тамашалағаныңызға көп-көп рахмет.
Хор: «Қазақтай ел қайда»
А.Өтепбергенов атындағы орта мектеп
Ашық тәрбие сағат
«Салауатты өмір – ата салтымыз»
Өзін-өзі тану пәні
3а сынып
Орындаған: Нурбосинова А
2016-2017 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты: Салауатты өмір-ата салтымыз

шағым қалдыра аласыз