400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

тәрбие сағаты "Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының ұрпағына тән инабатты ,имандылыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет, мейірімділікке баулу, амандасу салт-мазмұны жағынан өте бай ата дәстүр екендігін терең ұғындыру, оқушыларды адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, оны игеруге, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасай отырып, әдет-ғұрпы мол, дәстүрді жалғастырушы қайырымды ұрпақ тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Сәлем түзелмей,әлем тұзелмейді»

Қатысқандар : Diamond тобы

Түрі:Тілдесу сағаты

Мерзімі:13.02.20ж

Мақсаты: Қазақ халқының ұрпағына тән инабатты ,имандылыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет, мейірімділікке баулу, амандасу салт-мазмұны жағынан өте бай ата дәстүр екендігін терең ұғындыру, оқушыларды адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, оны игеруге, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасай отырып, әдет-ғұрпы мол, дәстүрді жалғастырушы қайырымды ұрпақ тәрбиелеу.



Ресурстар

Мақал-мәтел жазылған тірек сөздер,слайд

І.Ұйымдастыру кезең

Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық

Сәлеметсіз бе, амансыз ба?

Бәріміз күндей жарқырайық

Бәріміз тату болайық!


Сәлемдесу адамдардың бір – бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөлену, тілдесу, яғни ізеттілік пен инабаттылық нышанын білдіреді.«Сәлем – сөздің анасы» деп неге айтқан?


(Үлкен адамдарға сәлем беру – кішінің міндеті. Сәлем беру  инабаттылық, имандылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.)


Ал, балалар енді біз кімге қалай сәлем береді екенбіз.

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәрінен де ізетпен

Біздер сәлем береміз

Сәлеметсіз бе, ағай!

Сәлеметсіз бе, әже!

Амансыз ба, атай!

Ұл – қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы жалпы үлкенді сыйлап, алдынан қия өтпей сәлем беру ата – дәстүрімізде бар қасиет.

Тәрбиеші:

Балалар, сәлем беру, әдептілік туралы көптеген даналар өз ойларын айтқан екен. Енді сендердің қаншалықты мақалдарды, нақыл сөздерді білетіндеріңді тексерейік. Ол үшін «Кім ақылды?» ойынын ойнайық.

Шарты: Мен мақалдың басқы бөлігін айтамын, сендер жалғастырасыңдар. Қол көтеріп жауап береміз. Жауап берген әрбір оқушыға белгі беріп отырамын. Соңында белгісі көп оқушыға сыйлық берілетін болады.


1.Үлкенді сен сыйласаң, (Кіші сені сыйлайды)
2. Әдепті елдің баласы (Алыстан сәлем береді)
3.Сәлем беру де –парыз, (Сәлем алу да –парыз.)
4.Алыстан алты жасар бала келсе ( Алпыс жасар қария сәлем берер.)
5. Бір күн тұзын татсаң (Қырық күн сәлем бер.) 
6.Әдепті бала-арлы бала, (Әдепсіз бала-сорлы бала)
7. Әдепті бала ата-анасын мақтатар, ( Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
8. Әдептілік белгісі- (иіліп сәлем бергені)
9. Сәлем беру бір абырой ( Сәлем алу мың абырой)
10. Әдептілік ар-ұят (Адамдықтың белгісі)
11. Сіз деген - әдеп , (біз деген-көмек)
12 .Жақсы сөз- (жарым ырыс)
13. Кішіден –ізет,( үлкенге-па расат)
14.Әдептілік белгісі- (ар-ұят).
15. Кеспе жолын үлкеннің, (шыдамсыздық үлкен мін)

16. Сыйлап үлкен кісіні, (аялаған кішіні)

17. Ана алдында – құрмет, (ата алдында – қызмет).



Енді балаларға әдептілік жайында өлең оқылады, қандай әдепті сөз айту керек екенін айтады.

     «Не деу керек?» әні

 Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін, жақсысын,

Саған таңдап әперді.

- Не деп барып жеу керек? Рахмет!

 Балалар жүр көшеде,

                                                  Естіледі шу-айқай.

        Сен де шықтың көршіңді,

     Қағып кеттің байқамай.

                           - Мұндайда не деу керек? Кешіріңіз!

 Әжең сенің түскі асқа,

 Қант-кәмпит салды мол.

 Жұрттан бұрын ыдысқа,

 Өз бетіңмен салдың қол.

- Жөн еді не айтқаның? Рұқсат па?

                                                Осы келген бетіңде

     Допты қудың, жарыстың.

                                                Көшенің сол шетінде

                                                Кезікті бір танысың.

            Не деу керек? Сәлеметсіз бе?



Енді оқушылардың дайындап келген көрінісін тамашалайық:

Ы. Алтынсариннің Әдеп әңгімесінен көрініс қойылады. Көрініс
Көшеде кездесіп сөйлесіп тұрған әкім мен байдың қастарынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп , бас ұрып сәлем береді, Үлкен әкім одан төмен бас ұрып сәлем алады. Қасындағы бай: 
Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа соша неге бас ұрасыз? – дейді.
Сонда әкім: Ешбір білім- ілім үйренбеген мұжық сонша иіліп әдептілік көрсеткенде , мен одан әдепсіз болып қалайын ба?- депті.
Топтық тапсырмалар: ситуациялық сұрақтар


1. Екі оқушы мектепке келе жатыр еді, алдарынан қарт кезігіп қалды. Ол оқушылардан мектепке дейін жол көрсетуін сұрады. Сонда оқушылар өздерін асығыс екенін айтып, өз жөндерімен кетіп қалады. Егер де сізде осындай жағдай болса сіздің іс әрекетіңіз?


2. Қоғамдық көлікте орында отырдыңыз, бір аялдамадан баласын көтеріп бір апай мінді, ондай жағдайда қандай әрекет жасайсыз?


3. Көшеде жүргенде қандай әдептілік ережелерін сақтау керек?


4. Амандасудың қандай түрлерін білесіңдер? Қыз, ұл балалардың амандасу түрлерін көрсет.


5. Үйде жалғыз отырсыз. Ауылдан туған туыстарыңыз келді. Сіздердің іс әрекеттеріңіз ...




Қорытынды:Әдептілік әліппесі 
Ата маған әманда
Әдепті жан бол деген
Ата сөзі санамда:
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең,
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем...

Анам маған
Анам маған Үлкенді сыйла деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем.


Тәрбиеші:

Міне, балалар осының бәрінен қандай түйін шығарар едіңдер?

Сөздің басы сәлеммен басталады. Сәлемдесе білу де өнер.

Сәлемдесуден жалығуға хақымыз жоқ.

Сәлем беру – кішіліктің белгісі

«Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені»

Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді.

Ешқашан да сәлем беруден шаршамайық


Сәлемдесу – ынтымақ, бірлікке шақырады. Адамдықтың белгісі сәлемдесу екенін ұмытпайық. Сәлемдесуден жалықпайық. Сәлеміміз түзу болсын! Сәлемдесер адамымыз көп болсын!

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 маусым
1091
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі