Материалдар / Тәрбие сағаты: "Саналы ұрпақ- жарқын болашақ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: "Саналы ұрпақ- жарқын болашақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2019
8491
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: Саналы ұрпақ- жарқын болашақ
"Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз".
(А. Байтұрсынұлы)
Тәрбие сағатының мақсаты: Биік шыңдарға біліммен.
Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлеріңді тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрену.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтау
Сабақтың көрнекілігі: слайд - шоу
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі,
бейнелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.

1. Кіріспе сөз.
Оқысаң — озарсың, Оқымасаң — тозарсың.
Білімдіні бала болса да, аға деп біл.
Адамның көркі киімі емес, білімі.
Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір - бірін құрметтеуге үйренуіміз керек. Топтағы оқушылар түсінбегенін бір - бірінен сұрап, сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыру, жұмыс істеу нәтижесінде өзінің және топтағылардың намысын қорғау, бірлесіп еңбек ету, шешім қабылдау сияқты кұндылықтармен бірге, күнделікті сабақтан хабардар болып отыруға тиіссіздер.
Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар?
1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу,
4. Ұлт жанды азамат болу.
5. Атамекенді, туған жерді сүю.
6. Денсаулығы мықты азамат болу.
— Өздерің айтқандай, туған жерін, ата мекенің, тілін, дінін сүйіп, жақсы білім алып, халқына адал қызмет еткен кімдерді білесіңдер?
Отан намысын қорғаған Әлия, Мәншүк сынды әпкелерімізді, ел Тәуелсіздігі үшін жас жандарын пида еткен Қайрат. Ләззат. Сәбира, Ербол тағы басқа аға - апаларымызды білеміз.


Құр оқи білгенмен, ештеңе шықпайды, әлсін - әлсін ойыңды қозғап қой, пайдаланылмай қалған ақылды тот басады. 
Көп адам өзінің не тындырып жүргенін, өзінің ақыл – қабілетінің қай деңгейде екенін біледі. Көп білген сайын адам білім – танымға тойымсыз келеді. Мұхаммед пайғамбар мен дана Шәкәрімді тау - тас кездіріп ойландырған – сол білім – танымға асықтық. Осыған керісінше ,кейбір адам аз білген сайын, өзіне - өзі риза болады, көңілге тоқ келеді. 
Білім де талпынсаң қонады. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - деген Әл –Фараби бабамыз. 
- Білім артық, өйткені ол Пайғамбарлардан қалған мирас, байлық – бақылдардан қалған мұра. 
- Білім сені бағады, байлықты сен бағасың, сондықтан білім артық.
- Білім артық оны ұрыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді ұрыдан күнде қорғау керек.
- Білімің көп болса сені құрметтейді, бай болсаң сені қызғанады. 
- Білімің көп болса да іріп - шіріп бүлінбейді, ал дүние болса бүлінеді.
- Білім артық ол жаныңды байытады, ал байлық жан дүниеңді шектейді, өзіңді тура жолдан тайдырады.
Білімнің артықшылығын бұдан артық дәлелдену қиын. «Білім өмірде - таяныш, жолда - дос, жалғыздықта - жолдас, қуанышта – бастаушы, қайғыда – медет, күресте – құрал, зұлымдыққа қарсы айла» деп діни хадистерде бекерге айтылмаған.қараңғылық бар бәленің бастауы, тасырлық та, тоғышарлық та содан қараңғылықтың бұғауы мен надандықтың кісенінен азат ететін жалғыз күш – оқу. «Білген адам өкінбейді, мейірбан адам – мазасызданбайды, батыр адам қорықпайды», - дейді Конфуци

Дүниенің сырын білуге есік ашатын алтын кілт - білім. Дана бабаларымыз «Күш – білімде, білім - кітапта» немесе «Мұхит басы - бұлақ, білім басы - кітап» деп бекер айтпаған. Ел болып еңсесін көтерген егеменді еліміздің ертеңі – жас ұрпақ. 
Ерінбей оқу мен талмай іздену арқылы рухани жетіліп білім нәрімен сусындаған адам қашанда халқының ықыласына бөленеді. Асыл мұратына, арман мақсатына білім арқылы жетеді. Жас жеткіншектер білімді тәрбиелі, өнерлі болып өсуі үшін данышпан бабаларымыз жазып қалдырған ғибрат пен өнегеге толы кітаптарды, ақын жазушылардың шығармаларын көп оқу керек





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!