жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты Сарайшық - киелі мекен
Авторы: Кенжеғалиева Раушан Жалғасқызы
Атырау қаласы №4 облыстық шипажайлық мектеп-интернаты Тәрбиеші
Тәрбие сағаты 7 сынып
Тақырыбы: «Сарайшық – киелі мекен»
Мақсаты: Оқушыларға Сарайшықтың Алтын Орда дәуірінде Шығыс пен Батысты байланыстырған керуен жолы бойындағы саяси, діни орталық және қазақ ордасының астанасы болғандығы туралы мағлұмат беру.
Барысы.
І.Ұйымдастыру.
ІІ. Тәрбиеші сөзі:
- Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, ата мекені, өз елі ғой. Ал біздің туған өлкеміз Атырау қаласы. Бұл қала мұнаймен дүниежүзіне танымал. Атырау өлкесіне көршілес жатқан көне қала бар. Бұның аты Сарайшық деп аталады. Тау шайқалса да, тарих шайқалмайды деген екен.
Қазақ хандығының алғашқы астанасы – көне Сарайшық қаласы Жайық өзенінің жағасында Атырау қаласынан елу шақырым қашықтықта орналасқан.
– Бұл
жерде үш жүзге мойындалған 12
əулие жерленген. Кезінде
Сарайшықта
жүзден аса хан билік құрған. Келушілер
менен «хандар жерленген бе?»
деп сұрайды. Мұнда ешқандай сүйек
жоқ. Бұл тек Сарайшық қаласында жеті
хан жерленген деген символдық
мағына береді. Мына жеті құлпытас сол
жеті ханға қойылған. Мөңке Темір,
Тоқтағу, Жəнібек – Алтын Орданың
хандары. Шыңғыс ханның бірінші баласы
Жошыдан тараған ұрпақтар. Қасым хан
əз Жəнібек ханның баласы. Əмір Оқас
атақты батыр Едігенің немересі. Ал
Ших-Мамай
Қасым ханның күйеу баласы. Əр
құлпытастың астында көрсетілген
цифрлар хандық құрған жылдары.
ХІV ғасырдың Сарайшық қаласының жалпы сəулеттік құрылысы осы кешеннің мұражайында тұрған макеттегідей болған. Сарайшық туралы алғашқы дерек жазған атақты араб саяхатшысы Ибн-Батута. Ол 1334 жылы келіп, шаһарды аралап, «Өмірлік саяхат» атты кітабында мынадай естелік жазып қалдырыпты:
«Сарайшық
– Бағдаттан кейінгі ірі қала. Жер
бетінде Бағдаттан кейінгі екінші жүзбелі
көпір осында екен. Қалада қазақ ханның
сарайы мен төрт мешіт бар. Қонақүйлерді
санап үлгере алмадым, есебіне сан
жетпейді. Менің таңғалғаным, мұнда
су əр үйге өзі барады екен». Судың
əр үйге өзі барады деп тұрғаны – ХIV
ғасырдың ортасында Сарайшықта
кəріздер
салынып, əр үйге су
қыштан жасалған құбырлар арқылы жүріп
тұрған.
«Бұл қала жер бетінен қалай жойылған?»
– Сарайшықты 1580 жылы орыстың патшасы Иван Грозный казактарды жіберіп, қиратқан. Қаланы басып алған казактар оны алған, бірақ еш жерін қиратпаған. Бұны естіген Грозный қалаға арнайы келіп, 12 күн болады. Кетерінде қаланың көркіне қанша тамсанғанмен: «Біз жаулаған жерде Мəскеуге ұқсайтын қала тұруға тиіс емес. Қаланы тас-талқан қылып қиратып, молаға айналдырыңдар», – деп бұйрық береді. Сөйтіп төрт ғасырға жуық уақыт өмір сүрген салтанатты Сарайшық сексенінші жылы жиырма екінші сəуірде жермен-жексен болады. Бір ғасырдан астам уақыт бойы тоналады. Грозныйдың қаланы бұлай ыждағаттықпен қирату себебі – өзіне дейін билік құрған Юрий Долгорукий Мəскеудегі Қызыл алаңды Сарайшықтан көшірген. Ал Кремльдің келбетін Алтын ордадан алған. Орыстардың: «Мəскеу шығыс стилінде салынған», – деп сөйлейтіні осыдан. Грозныйдың əуелі Қазанды, одан кейін Сарайшықты құлатып тынғандағы негізгі себебі – «ұрлықтарын» жасырып қалу болған.
Қасиетті кесе мен құбылмалы құмыра
1999 жылы жердің астынан екі қабатты, 45 бөлмелік қонақүйдің екінші қабаты шығарылған. Ал 2000 жылы соның бірінші қабаты қазылған. Қазба кезінде алтындалған моншақтар, алтындалған өңіржиектер, тіпті ХІV ғасырдағы тарының тұқымына дейін шығады. Сондай-ақ шаһардан көне құдық табылған. Археологтар құдықтың жеті метр тереңдігіне барғанда, құмыра мен кесе шығыпты. Құмыраның қасиеті таңертеңгі бояуы бөлек, түс мезгіліндегі бояуы басқа, кештегі бояуы мүлде бөлек болып құбылып тұрады. Бір жақ бүйірінде «Бұған адамның көз жасы құйылмасын» деген арабша жазу бар. Ал кесенің қасиеті сол ішіне салынған тамаққа у қосылса, түсін өзгертеді. Бұл – дүние жүзінде табылған екінші осындай жəдігер. Бірі – Мысырда табылыпты. 2000 жылдың1қыркүйегінде Президенттің мұражайына жіберіліпті.
Әулие ағаш
Биік
мұнара ортасында орамал байланған
ағаш тұр. 1999 жылы мұражай алдындағы
ескерткіш құрылысы жүріп жатқанда
Сарайшық ауылында бір қайғылы оқиға
болып, бір жазда 12 адам суицид
жасапты. Ауыл адамдары үрейленіп қалады.
Молдаш ата Маңғыстау қаласынан қайтар
жолда тоқсан төрт жастағы
Төремұрат ақсақалмен пойызда
бірге келіпті. Əңгімеден əңгіме
туып, ауылдағы оқиғаны түгел баяндап
берген. Көпті көрген абыз ақсақал:
«Халқың бір қасиетті орманды
өсіріп, рақатын көрген екен. Бұл орманды
жазықсыз өздерің жойыпсыңдар. Халық
рақатын көрген заттың иесі болады.
Иесі есесін алып отыр. Сол
орманның
ең көне ағашын жұмыс орныңа апарып
қой. Халқың өткен өмірін көз алдына
елестетіп, тəубаға келер. Сонда
əруақтардан кешірім болар. Болмаса
бұл қайғының жеті жылға созылар түрі
бар», – депті. Молдаш ақсақалдың
бір таңғалғаны, қарияның сөзі негізсіз
емес-ті. Ауылдың екі шетінде аумағы
сексен гектар болатын алма бағы
болғаны рас. Кеңес дəуірінде бүкіл
Атырау халқын алмамен қамтамасыз еткен
бақты тоқсаныншы жылдардағы
жекешелендіруде жұртшылық бірінен
бірі қызғанып, қараусыз қалдырған. Кейін
қураған ағашты халық отын еткен. Тек
ең көне ағашты қалай таппақ?
Төремұрат ақсақал Хақтан бір
белгі болатынын айтыпты. Ауылға келгеннен
кейін Молдаш ақсақал бір айдан аса
уақыт бақтан көне ағашты іздеп,
таба алмайды. 1 қыркүйек күні ескерткіш
құрылысы аяқталып, жұрт екі күннен
кейін ашылуына келетін Елбасын күтіп
жүреді. Сол күні жұмыстан кеш шыққан
Молдаш атаға ескі бақта мал жаятын ауыл
баласы келіп, үш күннен бері бір
талдың астынан қояндар шығатынын,
олардың өзінен қашпайтынын айтады. Ал
еріп барған иттер қоянды көрсе
қыңсылап, қарасын көрсетпей кетеді
екен. Ит қорқатын қоянның қандай
екенін көрмек болып барған Молдаш
ақсақал бала көрсеткен талдың
түбінен қоян емес, аю сыятындай
үлкен апанды көреді.
«Ой,
балам-ай, мынадан қоян емес, қасқыр
шыққан ғой. Иттің қашып жүргені
содан болар», – деп едім, балам: «Ата,
мен бұл жерден жарты сағат бұрын
кеткенде бұндай апан болған жоқ еді»,
– деді. Ал жарты сағатта бұндай апанды
бала түгілі үлкен адамның өзі қаза
алмайды. Бір кереметі, түп-түзу
қазылған шұңқырдың айналасында топырақ
жоқ. Топырағы қайда кеткен деп үңіле
беріп едім, əлгі бала арқамнан
қағып:
«Ата, жүрші, кетейікші.
Ішінде адамдар отыр ғой», – деді дауысы
дірілдеп. «Қой, қайдағы адам?» – деп
бұрылып қарап едім, бала қалшылдап тұр
екен. Баланы үйіне апардым. Ертеңіне
əлгі талға барсам, кешегі шұңқырдың
ізі де жоқ», – дейді Молдаш ақсақал.
Оның айтуынша, əулие ағаш келгеннен
кейін кісі өлімі кілт тыйылыпты. Қатты
ауырып келген адамдар ағаш басына
бір күн түнеп, сауығып кетіпті.
ІІІ. Шығармашылық тапсырма. «Сарайшық» сөзжұмбақ құрастыру, шешу.
IV. Қорытынды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген