400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Тәрбие сағаты "Сен агрессияны қалай жеңесің?" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге агрессияны қалай жеңуге болатыны туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ата - аналар жиналысыМЕКТЕП: Астана қаласы, №61 орта мектеп
ТАҚЫРЫБЫ: «Сен агрессияны қалай жеңесің?»
КҮНІ: 22.02.2019жМҰҒАЛІМІ: Жұмағалиева Томирис Нұрланқызы

СЫНЫП: 6

ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ: 24ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ: 1
МАҚСАТЫЖаман әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
ӨЗЕКТІЛІГІАгрессияға анықтама беру және оны қалай жеңу.
МІНДЕТТЕРІОқушылардың агрессивті күйін қауіпсіздендіру;Баланың бойындағы агрессивті мінездің ғылыми тұжырымдамасымен танысу, түрлерін талқылау;Ой бөлісу, проблемалық сұрақтарды ортаға салып талқылау;
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕБаланың жағымды “Мен” бейнесін қалыптастыру;Психокоррекциялық жұмыстар арқылы баланың сенімділігін арттыру;
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР««Мини - дәріс», «Қалай танимыз?» , «Өз ойымды айтамын»
РЕСУРСТАРСуреттер, АКТ, презентация, стикер, кері байланыс
ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАУЛУАзаматтық жауапкершілік, құрмет, парыз, ынтымақтастық, ашықтық, құндылықтарды бойына сіңіру
Жиналыстың жүру барысы
УақытыКезеңі ТапсырмаОрыналу шарты, мақсаты Ресурс көзі
2 минут Ұйымдастыру Сәлемдесу,   Сәлеметсіздер оқушылар, бүгінгі таңдағы қоғамдағы ірі өзгерістер мен күрделене түскен экономикалық жағдайлар жас ұрпақ психологиясына айрықша әсер етіп қана қоймай күн сайын күшейе түскен мұндай қолайсыз факторлар жеткіншектердің қылмыстық жолға түсуіне де үлкен септігін тигізуде. Сол себепті біз бүгін сіздермен бірге өздеріңізге және қоршаған ортаға зиянкестік жасамай ғана агрессивті мінез - құлықты қалай игеруге болатыны жөнінде сөз қозғап, талдау жасаймыз.
2 минутТопқа бөлуТанысу, амандасуЕң алдымен жұмысымызды бастамас бұрын оқушылар 3 топқа бөлінсін. Әр топ өздерінің тобын таныстырады.Мінез, Жауакершілік, Қоғам
15 минут Психология-лық ахуал«Мини - дәріс»

Ал құрметті оқушылар дәрісімізді бастамас бұрын мынадай сұрақтарға жауап беріп көріңіздерші:● Агрессия дегеніміз не?● Ол қай жастан басталады?Агрессия (латынның «agressio» – тиісу, ұстама деген сөзінен) шыққан. Қоғамдағы адамдардың өмір сүру нормасы мен ережелеріне қарама - қарсы бағытталған объектіге қатерін тигізіп тиісу (жанды және жансыз нәрселерге), адамдарға дене зорлығын тидіруші (жағымсыз күйзеліс, іштей қысым, қорқыныш, басқындық жәнет. б.) мотивацияланған деструктивті мінез - құлық.Агрессия әрине, кенеттен пайда болмайды. Ол жеке адамдар арасындағы әртүрлі қарым - қатынастар, қорқытып - үркітуден пайда болады. Адамның түскен ортасының ерекшелігі агрессиялық әрекеттің жоғары немесе төмен болуына әсерін тигізеді. Мысалы: ауасы ауыр, темекенің иісі бар бөлмедегі агрессиялық әрекет, ауасы таза бөлмедегілерге қарағанда күштірек болады. Адамның жеке басының тәртібіне қатысты болады. Айталық, «дұрыс» адамдардың арасында басқаларға қарағанда ашуланшақ, өзін - өзі ұстай алмайтындар агрессивті көрінеді. Жеке тұлғалардың ішінде ең агрессивті болып келетіндерге мыналар жатады: қызғаншақ, көре алмайтын, шыдамсыз т. с. с. болып келеді.Әсер етуші факторлар ● Отбасындағы жайсыздық (түсінбеушілік, тұрмыстың төмендігі, әке - шешенің ажырасуы, ішкілікке салыну т. б)● Дағдарысты күйге тап болу● Проблеманы ашып көрсетуден гөрі үндемей қалуды жеңіл көреді.● Қоршаған ортаға, болашаққа деген сенімді жоғалту.Ежелден белгілі қағида - адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып, қалыптасуында отбасылық ықпалдың алатын орны ерекше. Отбасының рухани тірегі – Ата - ана. «Ерекше» оқушы әр сыныпта кездеседі: агрессиялық балалар, өте белсенді балалар, мазасыз балалар. Агрессиялық балалардың ата - аналары да агрессивті болуы жиі кездеседі, олар өздері оны сезінбей бой бермейді, сондықтан да олармен тіл табысу өте күрделі болып келеді.Агрессивтілік бірнеше феномен арқылы түсініп білуге болады. Сол сияқты агрессивті мінез - құлықты көбінесе шетелдік ғалымдар зерттеген. Мысалы, А. А. Реан агрессивтілікті 5 базалық бағытқа бөледі: агрессияның инстинктілік теориясы, агрессивтілік мінез - құлықтың когнетивтік моделі деп. Психолог - ғалымдар агрессияны бірнеше түрге Э. Фромм екі түрлі, яғни «зиянды», зиянсыз» деп бөлген. Ал З. Фрейд пен К. Лоренц адам баласы агрессияны бағындыра алмайды, сондықтан оны керек бағытқа бұру керек деген. Ал А. Басс пен А. Дарки агрессияны төмендегі 5 түрлі түрін схема түрінде ұсынған. Агрессияның бұл түрі барлық жастағы адамдарға тән, ал кейде ерте кезеңнен басталады. Агрессия ми бөліктерінің әр түрлі ауруға шалдығуы немесе әлеуметтік жағдайларға байланысты пайда болуы мүмкін.(слайдтан көрсету)
3 минут«Қалай танимыз?»Дөңгелек үстелге арналған сұрақтар және оны талқылау, пікір алмасу

Агрессиялық баланың портретін салу, қорғау.Сыныптарыңызда агрессивті балалар барма? 1. Сыныбыңызда тәртіп бұзушылық болса, Сіз оны жасырасыз ба, жоқ әлде дер кезінде психологқа, мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшіге хабарлайсыз ба?2. Екі оқушы көшеде келе жатып бірін - бірі қағып кетеді. Екеуі біраз кикілжіңге барды. Соңында төбелеске ұласу қаупі туындады. Төбелісті болдырмау үшін не істеу керек.3. Оқушы сабақта қандай болу керек..А 4 қағаздар
8 минут «Өз ойымды айтамын»

Жағдаятты талдау.Сен агрессияны қалай жеңесің видеосын көрсетуВидео

5 минут«Бәрі жақсы болады» Психологтың көмегімен жүргізіледі

Валеологиялық тренинг:1 - кезең. «Мен сабырлымын», «Мен тынышталамын», «Бәрі жақсы болады» деп іштей қайталап өзімізді сендіреміз.2 - кезең. Сабаңа түсіп көңіл - күйің қалпына келгенше 10 - ға дейін сана.3 - кезең. Құлақ қалқанын жеңіл қимылмен айналдыра сипала, басыңды қолыңмен қаусыра құшақтап, алақаныңды құлағыңа тигіз, мойныңды сипап иығыңды ысқыла.

3 минутТәрбие сағатын аяқтауОқушыларға тәрбие сағаты жақсы көңілмен аяқтау.Бүгінгі сабақты осы өлең жолдарымен аяқтағым келедіЕділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа.Жолдасыңа жау тисе, Жаныңды аяп тұрыспа.Ердің құны болса да, Алдыңа келіп қалған соң, Қол қусырып барған соң, Аса кеш те қоя бер, Бұрынғыны қуыспа.Ақың болса біреуде, Айыбын тап та ала бер, Ерегісіп ұрыспа.Сенікі жөн болса да, Атың шықпас дұрысқа.Мінезі жаман адамға, Енді қайтіп жуыспа.Тәуір көрер кісіңмен, Жалған айтып суыспа.Өлетұғын тай үшін, Көшетұғын сай үшін, Желке терің құрысып, Әркімменен ұрыспа.Ашу - дұшпан, артынан Түсіп кетсең қайтерсің, Түбі терең қуысқа?!Презентация
2«Ой толғаныс» әдісіКері байланысТренингтің басталуында сіздерге бағдарлама берілді. Сол бағдарламаның артында күн, гүл, жапырақ бейнесіндегі жапсырмалар бар. Осы белгілер бойынша ата-анаға, оқушыға, мұғалімге өз ұсыныстарыңызды немесе ой-пікірлеріңізді жазуыңызға болады.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
2887
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі