Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Спорт-өмір серігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатына байланысты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты: «Спорт-өмір серігі»

Мақсаты:

                  Ата-ана мен балалардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Қимыл-қозғалыс элементтерін қолдану арқылы ата-аналар мен балалардың дене қабілеттерінің жануарларға сәйкес ширақ болуын дамыту.

Осы қимыл-қозғалыс түрлері арқылы ата-аналардың,  балалардың ширақ та, шымырлы, жылдам да тездік қасиеттерге тәрбиелеу.

 

Барысы:

Армысыздар ата-ана, құрбы-құрдас!

Бармысыздар, жанкүйер, әз қауымдас!

Бүгінгі спорт жарысын біз бастайық

Жарыста көңілменен қол соғайық!

Біздерде спорт жарысы басталады,

Тамаша ойын ойналып, асыр салады.

Қошеметтеп, қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні  бойы шаршағанды.

Топтан 5 бала ата-анасымен екі командаға бөлініп, ойналады. Ойын жануарлар жарысы есебінде жүргізіледі.

Әділ-қазы береді,

Өздеріңе сыйлықты

Бізге айтып береді,

Кім спортшы, кім мықты?

Ата-аналар арасынан әділқазы мүшелерін сайлап алу.

Ерке өсіп, ен жайланған ұл мен қыз,

Асыға сәлем жолдап, жүректен біз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз.

Спорттық қыздар биі

  1. Эстафеталық ойын. «Көңілді старт»

Қатысатын ата-аналарды тұрғызып, екі топқа бөлемін.

Топ аттары үй жұмысы ретінде беріледі..

  1. Әр топ өз аттарын, девизін айтып таныстырады.

  2. «Өрмекші жарысы» ойыны. Берілген қашықтыққа дейін отырып, допты алдына салып, өрмекші сияқты жүріп көрсетеді. Ата-аналар ойнайды.

Спортшы боламын болашақта Бақтиярдай

Төземін мен қиын жолға қарамай.

Ренжімеймін өтпей қалсам байқаудан

Қалып жатса шартына мен жарамай.

  1. «Құрбақа жарысы» . Құрбақа сияқты отырып, секіріп, әр секірген сайын «ква-ква» деп айтып отырып, берілген қашықтыққа дейін секіріп, кері секіріп орнына келуі тиіс. Бұл ойынды балалар ойнап көрсетеді.

  2. «Тасбақа жарысы» Ата-аналар берілген тасбақа киімін киіп, берілген қашықтыққа дейін тізерлеп, кері осы қимылмен келіп, келесі ойыншыға киімін береді..

Дәлдеп түсіру нысанаға қиын емес,

Мақсатқа жет мейлі сен күн-түн егес.

Мерген бол көздеп тұрып түсіретін,

Сені ешкім ешқашанда олқы демес.

  1. «Қояндар жарысы» Берілген қашықтықтағы шелекке кәрзеңкедегі сәбізді алып лақтырып, дәл түсіруі керек. Балалар ойыны

  2. «Әтештер сайысы». Шеңбер ішінде екі әтеш шығып, иықтарымен соғып бір-бірін шеңберден шығаруы тиіс. Егерде бір ойыншы шығып кетсе, жеңілгені. Ата-аналар ойыны

  3. «Кірпілер жарысы». Әр ойыншы көздерін байлап, жерде шашылып жатқан жеміс-жидектерді, жаңғақтарды өз кәрзеңкесіне жинайды. Берілген музыка біткенше. Ата-аналар ойыны

  4. «Маймылдар жарысы». Арқанның ортасына байланған бананды екі команда тартып алулары тиіс. Арқаннан емес, бір-бірінен ұстап тұрулары керек. Ата-аналар ойыны.

  5. «Кенгуру жарысы». Қатысқан ата-ана өз балаларын көтеріп, берілген қашықтыққа дейін, орнына  көтеріп әкелулері тиіс.

«Достық» әні орындалады.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.,- деп әділқазы мүшелеріне сөз беріледі. Қай топ тез бітірсе, сол топ мадақтамамен марапатталады..

«Қош» демейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдай берсін, қалыспаңдар.

Спортсмен әке-шеше көбейсін күннен-күнге,

Бола берсін жарыстар бақшамызда,- деп жарысымызды аяқтаймыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
2152
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12