жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты "Сүйіспеншілік өмір негізі"
Сабақтың тақырыбы: Қызыққа толы бұл әлем
Сабақтың мақсаты: Тәрбиеленушілерге сүйіспеншілік құндылығы бойынша әлем,табиғат,туған жер туралы ұғымын кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
Қоршаған орта әлемінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
Табиғат әлеміне қамқорлық жасау,әлемді жағымды қабылдай білу сезімдерін дамытуға,өмірдің мәнін түсініп,өз орнын таба білу іскерліктерін дамыту
Әлем,табиғат ғажаптарын тани білуге және онымен үйлесімді өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу
Көрнекі құралдар:Слайд, смайликтер, мозайка, желім, қайшы
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Қайырлы күн балалар. Бүгінгі біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіпті. Ендеше балалар біз бір – бірімізбен амандасып алайық. Барлығымыз ортаға шығып шаттық шеңберге тұрып ыстық лебізімізді айтайық.
Бізге ашық күн керек
Аспан керек мөп – мөлдір
Қуанышқа тұр бөлеп
Бақытты өмір төккен нұр.
Балалар осы сәтті пайдалана отырып топқа бөлінейік:
І топ «Жылулық»
ІІ топ «Достық»
ІІІ топ «Игілік»
ІІ.Мозайка Балалар әркім өз тобына отырсақ. Алдарында мозайка тұр, осы мозайканы құрастырамыз. Қандай сурет шықты. Осы сурет жайлы не айтасыңдар.
ІІІ. Тапсырма. Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сол жерде қандай керемет болатынын айтып бересіңдер.
Ол ғаламшардың ішіндегі ең өзгешесі, өзгешілігі онда тіршілік бар?
Сұрақ – жауап:
І топ – 1. Әлемнің ең кереметі?
2.Өзін – өзі тану не үйретеді?
ІІ топ – 1. Қазақстанның табиғаты қандай?
2.Достық деген не?
ІІІ топ – 1.Жылулық деген не?
2.Әлемнің қандай ғажаптарына куә болдық?
IV. Постер жасау.
Ендігі кезекте слайдқа назар аударайық.
Балалар бұдан не түсіндіңдер?
Балалар әлемнің неше түрлі ғажаптары болады, мысалы тастан жасалған ана мен баланың мүсіні, әдемі көптеген туындылар көресіңдер көздерің тоймайды.
Олай болса әлемнің ғажайыптарына постер құрып оны таныстырамыз.
Балалар , бүгінгі сабаққа белсенділік танытып, жақсы қатыстындар.
Әлемнің кереметтері туралы материалдар жинап келіндер ендігі сабаққа.
Қорытындылау Жүректен жүрекке әні шырқалып сабағымыз аяқталады.
Сабақтың тақырыбы: «Өзін – өзі тану еліне саяхат»
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Балаларға өзін-өзі тану пәнінен өткен білімдерін қайталау, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жақсы мен жамандықты айыра білуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың қуанышты қөңіл күй сыйлау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, сүйіспеншілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті
«Өзін-өзі тану» сабақтарында алған білімдерін, іскерліктерін қорытындылау.
Балалар бойындағы жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, дәптер, слайд, суреттер, домбыра.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1-слайд: Шаттық шеңбері
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Кел, балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Күлкі көңілді ашады,
Күліп өмір сүрейік!
2-слайд: Саяхат
Мұғалім: Балалар,
біз бүгін өзін-өзі тану әлеміне саяхатқа
барамыз.Балалар, саяхатқа шыққанды
ұнатасындар ма?
Балалар :
Ия, саяхатқа шыққанды ұнатамыз.
Мұғалім: Саяхатқа
немен шыққанды ұнатасыңдар?
(Балалардың
жауабы)
Мен
мотоциклмен шыққанды ұнатамын.
Мен
ұшақпен шығар едім.
Ал мен түйемен
саяхатқа шыққанды ұнатар едім.
Мұғалім: Ал
мен сендерге автобуспен шыққанды
ұсынамын. Бүгін біз сендермен саяхатқа
автобуспен барамыз. Ал еңді автобусқа
жайғасып отырайық. Автобус жүргізушісі
мен боламын. Саяхатта бізді көгілдір
аспан, мейірімді күн қарсы алады. Балалар,
біздің саяхатымызда көптеген аялдамалар
болады, сол аялдамаларда бізге арналған
тапсырмалар бар екен, сол тапсырмаларды
орындайық.
3 слайд: 1-ші аялдама «Тіл табысу»
Мұғалім: «Тіл табысу» аялдамасында біз «Құрмет-ізет» деп аталатын ойын ойнаймыз.Тақтаға жапырақсыз ағаштардың /үлкен-кіші/ суреті салынған плакаттар ілінеді.Жапырақ пішінді қағазға жазылған құрметті ,ізетті сөздерді оқушыларға беріледі.Оқушылар жапырақтарды дауыстап оқып,осы сөздер үлкендер айтатын болса үлкен ағашқа кішілер айтатын болса,кіші ағашқа апарып ілу.Жапырақтағы сөздер үлгісі : өтіңіз,жолыңыз болсын т.с.с.
Мұғалім: Ал, балалар, автобусқа отырып келесі аялдамаға барайық.
3 слайд: 2-ші аялдама «Достық».
Мұғалім: «Достық» аялдамасы. Балалар, достық деген сөзді қалай түсінесіңдер?
(Балалардың жауабы)
*Достық деген ол екі адамның бір-бірімен қарым қатынасы.
*Достық деген қиналған сәтте бір-біріне қол ұшын беруі.
*Достық деген отбасында тату-тәтті болуы.
Достық туралы мақал айту.
Коллаж «Достық»
Мұғалім: Барлығымыз достығымызды білдіріп «Достық» әнін айтайық.
4- слайд: 3-ші аялдама «Жақсы мен жаман».
(Балалар көрініс қояды, слайдтан суретін көрсетіп тұрады).
Ойын: «Жақсылық жасау үшін не істеу керек?»
Мұғалім: (Балаларға адамдардың, құстардың , жануарлардың, өсімдіктердің суретін береді де, оларға қандай жақсылық жасайтындықтары туралы әңгімелеп беруді ұсынады).
Балалардың жауаптары:
*(Құс суреті) Мен құстарға жақсылық жасау үшін, оған ұя жасап, жем шашып, қамқорлық көрсетер едім.
*(Ағаш суреті) Мен ағашпен, гүлмен дос болу үшін, оған су құйып, топырағын қопсытар едім.
*(Адам суреті) Мен барлық адамдармен дос болар едім.
*(Жануар суреті )Мен төлдерге шөп, су беріп,күтер едім.
Мұғалім: Балалар, саяхаттап жүріп шаршап қалдық. Сондықтан демалып алайық.
Сергіту сәті:
Мынау -менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды.
Бәрін осы басқарған.
Мынау-менің оң колым,
Мынау-менің сол қолым.
Барлық істі атқарған.
4 – ші аялдама . «Өнерлі ел».
Сурет салу .Бастап бір оқушы кез-келген пішін салады.Қалған оқушы бір элементті жалғастыра сала отырып,бір бейне шығарады.
Ойын
«Жарнама» ойыны.Әр оқушы өзінің оқитын мектебін,тобын және бір оқушыны жарнамалайды.
«Егер мен....»деп аталады.Онда ер балалар мен қыз болсам,қыз балалар егер мен ұл болсам деп пікірін білдіреді.
5-ші аялдама «Ризамын саған, «Өзін-өзі тану әлемі»
Мұғалім: «Өзін-өзі тану әлемі» аялдамасына келдік.
Өзін-өзі тану әлемі бізді кеңпейілділікке, мейірімділікке, жақсылыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Балалар, барлығымыз назарымызды тақтаға аударайық. Балалар, тақтада не көріп тұрсыңдар? (балалардың жауабы).
Тақтада картаның суреті бейнеленген. Бұл Қазақстанның картасы.
Мұғалім: Қазақстан өзін-өзі тану әлемі секілді кең байтақ, мейірімді. Қазақстанның жері ұлан-байтақ. Табиғаты өте әсем. Мұнда биік таулар да, көгілдір өзен-көлдер де, қалың ормандар да бар. Біздің еліміз қандай көрікті! Бәрінен де біздің елімізде көптеген ұлттар тату-тәтті өмір сүреді. Балалар, біз өзін-өзі тану пәніне ризамыз ба?
Балалар: Ия!
Мұғалім: Ендеше, балалар, біз сендермен осы пәнге ризашылығымызды білдірейік.
Ризамын саған, «Өзін-өзі тану әлемі».
Ризамын саған, Отаным менің әдемі.
Ризамын саған, «Өзін-өзі тану әлемі».
Сүйеміз біз, қоршаған бар әлемді.
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!
Қорытынды: Балалар, біз бүгін сендермен қайда бардық? (балалардың жауабы - саяхатқа.Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау). Қандай аялдамаларға тоқтадық? Бұл саяхаттан өзімізге не алдық?
Мұғалім: Менің қолымда домбыра. Қазақ халқы домбыраны әрқашан қастерлеген. Домбыра арқылы өздерінің көңіл-күйлерін, қуанышын да, қайғысын да жеткізе білген. Ал бүгін біз домбыраны қолға алып, Отанға деген жүректен шаққан тілектерімізді білдірейік. Отанға не тілер едіңдер?
Жүректен жүрекке (Тілектер)
Қонақтарға сыйлық.
Тәрбие сағаты
Сыныбы: 5
Тақырыбы: Өзіңді тану – өмірді тану
Мақсаты: Балаларға
өмір құндылықтарын түсіндіре отырып,
өмір туралы тереңірек білім беру, өмірге
құштарлығын дамыту, өмірдің мәнін
түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекіліктері: суреттер,
даналық сөздер.
Техникалық жабдық: интерактивті тақта
Сабақтың барысы :
Өмір
деген - ол бір нәзік тіршілік,
Таң
сыйлайды
Нұр сыйлайды күн шығып.
Қадіріне
жете алмасаң желдіріп,
Саған қарсы
ұмтылады жұлқынып.
Өзін-өзі тану адамның өзін-өзі бағалауына , өзін-өзі тәрбиелеуіне және өмірден өз орнын табуына көмектеседі. Адам өзін, өзгені танып, ұғынудан, өзінің жаратылысын түсінуден, өзін – өзі жетілдіруден өмірдің мәні туралы сұрақтарға жауап іздейді. Әр адам өз өмірін ақ ниетпен адал істерге бағыттап, рухани – адамгершілік құндылықтарды өзіне мұрат еткенде ғана оның өмірі үлкен мәнге ие болады.
«Өмір» деген ұғым бар да, өмір сүретін адамда бар. Ол туралы ортақ пікір жоқ , әр алуан көзқарас , әр түрлі түсінік. Бірақ қалай болғанда да өмірден үйренгендерің мен үлгі еткендерің де, үйрене алмай қасірет шеккендерің де, жақсылығың мен жасаған жамандықтарың да, бәрі-бәрі, сайып келгенде, өмірдің өзіндік тағылымдары.
Менің де ол туралы өз түсінігім, өз ұғымым, өз пәлсапам бар.Менің пайымдауымша, «өмір» деген «жақсы» - «жаман» не «жақсылық» - «жамандық» деген екі үлкен әлемнен тұрады. Өмірге келген адамға екі әлемнің екеуі де өзінше ықпал етеді.
Мен өз өміріме қатысты жақсылықтың бір сәні – «парызды ақтау», жамандықтың бір сыры – «пендешілік», өздігіңді танытудың бір жолы «азаматтық тұғырдан көріну» деп түсінемін.
Көрініс көрсету. «Немересі мен атасының өмірді тану туралы әңгімесі»
Сұрақтар.
Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?
Мәнді өмір сүру үшін адамға не қажет?
Сенің мақсатың қандай?
1.Өмірдің мәнін бір-екі ауыз сөзбен айта салу қиын. Өмірдің мәні-өз қалауыңша өмір сүру. Алдыңа қойған мақсатыңа жету. Ата-анаңа қамқор болу. Өмірдің мәні қандай қиындық болса да сағың сынбай жеңе білу,ол үшін мақсатыңа күн сайын ақырындап жылжи беру.Үнемі көңіліңде болған арман ғана іске асады,көңілден кетсе,ол іске аспайды. Сол сияқты спортшы болам деген адам да күн сайын, тек сол спортқа ғана үнемі көңіл бөліп,аздап болса да алға жылжи берсе, орындалады.Қиындықтарға төзімді болып, күдер үзбей, туыстарыңа, маңайыңа қамқор болсаң,оларға керек болсаң өмірдің мәні сол.Өмірдің мәні-өзіңнің елге керек екенің.
2. Алла
тағала бізге бұл өмірді сыйлады. Сондықтан
да біз бұл өмірді мәнді өткізуіміз
керек. Артымызда із қалдырып, тарихта
атымыздың қалуын мақсат тұтуымыз да
қажет секілді. Тіпті сен жақсы жерде
оқымай, дүниеден тапшылық көрсең де сен
туралы жақсы сөз айтылатын болса, ол
сенің өмірді құр өткізбегенің.
3.
Менің мақсатым сабағымды жақсы оқып,
мектепті жақсы бағалармен бітіріп,
жоғары оқу орнына түсу. Содан соң өз
мамандығыма сай дипломымды алып өмірден
өз орнымды табу. Адам кез келген мақсатқа
қол жеткізе алады. Тек соған ерінбей
еңбек етсе болды. Еліме елеулі, халқыма
қалаулы егемен еліміздің ертеңі болсам
деген үкілі үмітімнің үзілмеуін қалаймын,
және сол үшін күресемін.
1 – оқушы.
Өмір
деген ойын да емес,той да емес,
Басқалардан
биік тұрар бой да емес.
Өмір
деген шахмат емес шатасқан,
Өмір
деген ұта қояр дойбы емес.
2 – оқушы.
Өмір
–қатаң емтихан,
Өтпейтіндер
құлайды.
Қадіріне
жетпейтіндер
Өмір
бойы жылайды.
3 – оқушы.
Өмір
оны келе жатыр дәлелдеп,
Өмір
деген - еңбек, еңбек және еңбек.
Өмір
деген бақыттың да құсы емес,
Қарап
жатсаң,қона қалар саған кеп.
4
– оқушы.
Өмір
деген тұрады:таң мен кештен,
Ғұмырлы
екі араны жанмен кешкен.
Құпия,жұмбақ,сырлы
дүниеге,
Адамдар
Армен келіп,Армен көшкен.
5– оқушы.
Өмір
деген екі өзен: Мұң - қуаныш,
Толқыны:
Шындық - Жалған, Күлкі - Намыс.
Бір
таяздап өмірде,бір тереңдеп,
Бір
лайланып,өмірде бір тұнамыз.
6– оқушы.
Күн
десең де,тірлікті түн десең де,
Өмірде
өсімдіктей бүрлесеңдер,
Жолында
жолығатын қос тағдыр бар:
Жусан
- Жантақ, гүл - Тікен,гүл мен Шеңгел.
7– оқушы.
Өмір
дәмі,екі дәм: Ащы - Тәтті,
Таңдайыңа
тиеді: Жұмсақ - Қатты.
Жолында
жолығатын екі тағдыр,
Күтеді
Адам үшін сын сағатты.
8– оқушы.
Өмір
дәмі - екі дәм: улы – усыз,
Тірлік
татып жатады шулы - шусыз.
Кез
келіп тағдырына келеді Адам,
Жұмыр
Жер құрлығында сулы - сусыз.
9– оқушы.
Қолға
түспес дүние жұрт таласқан,
Кітап
- Өмір парағын құнттап ашқан.
Сезінер
жүрегімен,жаныменен,
Өмір
әр кез ашық Күн,Бұлт та басқан.
10– оқушы.
Өмір
деген тұрмайды: қап - қарадан.
Өмір
деген тұрады:ақ - қарадан,
Ақ
- Қара,екі арасын ашып өтіп,
Арымен
өз бақытын тапқан Адам!
11– оқушы.
Өзіңе
сен,өзіңнің күшіңе сен,
Қос
қолыңмен істелген ісіңе сен.
Алысыңда
сыйлайды, жақыныңда,
Өзіңді
өзің төменге түсірмесең.
12– оқушы.
Өз
қайығың, бар болса өз ескегің,
Өмірде
мен сені осал десем едім.
Қимылдай
бер, тарта бер ескегіңді,
Шығады
алдан жап-жарық келешегің.
13– оқушы.
Қозғалмасаң,
тоңазыр көлеңкең де,
Ескегіңді
ес, бір мезет тоқтай көрме.
Өз
қайығың болғаны қандай жақсы,
Қашан,
қайда барсаң да өз еркінде.
14– оқушы.
Өкінсең
де өткенің оралмайды,
Өшкен
отың қайтадан жана алмайды.
Сен
жасаған күнәні бір досың да
Бөліп-жарып
өзіне ала алмайды.
15– оқушы.
Еңбек етсем,ертеңгі
Бақытыма
сенемін!
Мақсатыма
жеткізер,
Уақытыма
сенемін!
Достық
іспен қасты да,
Жеңеріме
сенемін!
Ақыл
сана білім мен
Өнеріме
сенемін!
Арым
таза, ақ көңіл,
Адалдыққа
сенемін!
Абыройлы
ақ ниет
Адамдыққа
сенемін!
Күй. А.Еңсепов «Балбөбек» күйі. Орындайтын: Төлепова Жансұлу
Көрініс: Соқыр ана.
Мәнерлеп оқу сайысына қатысып жүрген оқушыларымыз бізге өмір туралы өлеңдерін оқып береді.
Т. Айбергенов «Өмір» өлеңі
М. Мақатаев «Өмір керек»
А. Шамкенов «Жас өмір»
Қорытынды
Өмір қас-қағым сәтте өте шығатын ағынды өзен секілді. Осы өмірдегі адамдар бір бірінің қадірін біліп, бір біріне қамқор, қайырымды мейірімді болу керек. Өмірдің жақын адамдардың, достарымыздың отбасымыздың, бауырларымыздың құндылығын сезіне білуіміз керек.
Ең
бастысы - жүрегің таза болсын;
Өмір
- сенің мүмкіндігің,пайдалана біл;
Өмір
- сұлулық,сүйсіне біл;
Өмір
- арман,жүзеге асыр;
Өмір
- парыз,орындай біл;
Өмір
- ойын,ойнай біл;
Өмір
- байлық,бағалай біл;
Өмір
- махаббат,ләззат ала біл;
Өмір
- құпия,сырын аш;
Өмір
- қайғы,көтере біл;
Өмір
- күрес,жеңе біл;
Өмір
- бақыт,баянды ете біл.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген