Материалдар / Тәрбие сағаты Шығыс биі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты Шығыс биі

Материал туралы қысқаша түсінік
: Би билеу, би сабағы арқылы мынадай мақсаттарды іске асырады. Бала денсаулығын нығайтуды; Музыкалық ырғақты қарқынды сезінуді, биді мәнерлі орындауды, олардың жекелеген элементтерін меңгеруді; Әдемі жүріс-тұрыс, дене сымбаттылығын, ептілікті қалыптастыруды, мәнерлі дене қозғалысы мен қалпын ұстауды; Балаларды ұялшақтықпен бұйығылықтан арылтуды; Басқалардың жетістігіне қуануды, ортақ табысқа өз үлесін қоса білуге үйретуді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2019
1276
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Шығыс биі

Көрнекілік құралдар: Үнтаспа, дискілер, проектор, тақта, көрнекіліктер.

Мақсаты: Би билеу, би сабағы арқылы мынадай мақсаттарды іске асырады.

Бала денсаулығын нығайтуды;

Музыкалық ырғақты қарқынды сезінуді, биді мәнерлі орындауды, олардың жекелеген элементтерін меңгеруді;

Әдемі жүріс-тұрыс, дене сымбаттылығын, ептілікті қалыптастыруды, мәнерлі дене қозғалысы мен қалпын ұстауды;

Балаларды ұялшақтықпен бұйығылықтан арылтуды;

Басқалардың жетістігіне қуануды, ортақ табысқа өз үлесін қоса білуге үйретуді.

Міндеті:

Бидің қимылдарын үйрену.

Денені дұрыс ұстай білу.

Қимылдарды жеңіл жасауды үйрену.

Аяқ –қолды , денені жаттығулар жасау арқылы сабаққа дайындау.

Балалардың ойлау қабілетін, зейіндерін, дамыту

Сабақтың жоспары

Кіріспе бөлім.

Балаларды шақыру, сабаққа дайындау, сәлемдесу Балаларды сапқа тұрғызу.

Сабақтың тақырыбы: Шығыс би элементтері

Мақсаты: Шығыс билерінің түрлерімен танысу, элементтерін және қимылдарын үйрену.

Би залымен танысу

(Қауіпсіздік ережесін сақтау:

айна алдына өте жақын тұрмау

тренаж темірге асылмау

мүғалімнің рұқсатынсыз үнтаспаны пайдаланбау)

Билердің түрлерін еске түсіру (Ұлттық, эстрадалық, классикалық, заманауи билер)

Негізгі бөлім.

Дене шынықтыру:

Зал ортасында (бас, иық, бел жаттығулары, қол, аяқ позициялары)

Шеңбер бойында (аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, секіру, қапталдап, адымдап жеңіл секіріп жүру)

Станок жанында (плие, деми плие, гранд плие жаттығулары)

Ұзындық бойында ( соте, шене әр – түрлі жүрістер)

Шығыс би элементтері

Шығыс билері жайлы, олардың ерекшеліктерімен, айырмашылықтары жайлы түсініктер беру.

Берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалау. Билерін тамашалау.

Ақырғы бөлім.

Қорытындылау.

Қайырласу қимылы. (бір-бірлеріне қошемет қөрсету, қол шапалақтау.

Сабақтың өту барысы.

(Балалар зал ортасында, екі қатарға тұрады.)

Ұстаз: Саламатсыңдар ма балалар! Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ, біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Ал қане ендеше қонақтарымызбен сәлемдесу қимылын жасап амандасып алайық. Рахмет!

Ұстаз: Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Шығыс биінің элементтері». Сабақ барысында біз бидің қимылдарын, денені дұрыс ұстай білуді, қимылдарды жеңіл жасауды үйренеміз

Енді би залында ескеретін техника қауіпсіздігін еске түсірейік:

айна алдына өте жақын тұрмау

тренаж темірге асылмау

мүғалімнің рұқсатынсыз үнтаспаны пайдаланбау

Дене шынықтыру

Ұстаз: Ал енді балалар би билеуге кіріспес бұрын дене жаттығуларын жасап алайық . Зал ортасында тұрып басымызды оңға ,солға қисайтамыз, иықты жоғары-төмен қозғаймыз, белді айналдырамыз, қол қимылдары толқын, жел, үкі аяқты алдыға, артқа, жанға созу.Аяқтың 1,2,3,4,5 позицияларын қайталайық. Шеңбер бойында аяқтың ұшымен, өкшемен , секіріп, қапталдап жүреміз Станок жанында деми плие жаттығуы 4рет , батман тандью 4рет жаттығуларын жасайық Ұзындық бойында соте секіру , шене айналу, би қимылдарының жүрістерін жасайық. Жаттығуларды аяқтайық, шаршағанымызды шығарып кішкене дем алайық. Дем алу барысында мен сендерді Шығыс билерінің түрлерімен таныстырып өтейін.

Шығыс биі дегенде сендер қандай билерді көз алдарыңа елестетесіңдер?

Жауап: (Балалардың өз ойларынан туындаған жауаптарын айтады.)

Ұстаз: Ия олай болса өткен сабақта мен сендерге шығыс билері туралы толық мағлұмат бермеген болатынмын, тек қана билердің атауларын беріп өздерің ғаламтордың көмегімен ізденіп, осы билерді үйреніп келіңдер деген болатынмын. Ал ендеше үй тапсырмасын сұрамас бұрын мен сендерді шығыс билеріне қандай билер жатады, олар қалай аталады қысқаша таныстырып өтейін.

Жалпы Шығыс биі деген кезде біздің көзімізге белдерінде сылдырмақтары бар кеудесі бөлек белдемшесі бөлек кіндігі жарқыраған қыздардың биі елестейді. Бұл би шығыс биі болғанымен шығыс билерінің түрлері өте көп. Барлығымыз тақтадағы слайдқа назар аударайық. Олардың киімдеріндегі ерекшеліктерді байқап отырайық.

Мысалы: Шешендердің «Лезгин» биі

Жалпы лезгинка дегеніміз не? Би арқылы белгілі бір күшті, жігерді, икемді қажет ететін жастар арасындағы сайыс. Атақты лезгинка биі ежелгі халықтың наным-сенімімен, салтын көрсетеді. Бидің ең басты элементі - бұл бүркіттің бейнесі болып саналады. Бұл бейне, әсіресе, биші аяғының ұшына тұрып, екі қолын қанат сияқты жайып, бүркіттің ұшуы анық байқалады.
Түрік биі 
«Халай»
Халай биі дәстүрлі зурна және дуламен ойналады. Әдетте бишілер дөңгелек немесе сызық құрап, бірін-бірі саусақтарынан немесе иықтарынан ұстап билейді. Соңғы биші қолында түрікше «мендиль» деп аталатын кесек матаны ұстайды. Бұл Түркияда, Иранда, Әзірбайжанда ұлттық биі болып саналады.

Сонымен қатар шығыс билерін тізбектейтін болсақ «Саиди» биі қолға таяқ (трость) ұстап билеу арқылы орындалады. «Халиджи» биі бұл би иықтың және ең қызығы шаш арқылы биленеді, Андалузия биіне келер болсақ , бұл бидің бір қызы шығыс пен испандықтардың би қимылдары аралас орындалады, әуендері де ұқсас келеді. Айта берсек шығыс билерінің түрлері өте көп: Табла, , Сива, Нубия, Хаггала, Беледи т.б.

Бишілердің белдеріне тағатын белдіктері «монисто» туралы айта кетейін. Есте жоқ ескі заманда Үндістаннан  Мысырға  сығандар келеді. Олар әдемі әуен мен әсем бисіз жүре ме? Бірақ, жат жер сығандарды құшақ жая қарсы алмағанға ұқсайды. Бишілер көшелер мен базарларда ұзақты күн жұрттың көңілін көтереді екен. Сөйте тұра  олардың еңбегін мысырлықтар  тиын-тебенмен ғана бағалапты. Үй-күйі  жоқ бишілер сол тиындықтарды көйлектері мен бөксесіне байлаған  орамалдарына іле берген. Шығыс бишілері киетін костюмнің ең маңызды бөлігі -монисто  осылай пайда болған екен. 

Ұстаз: Ал енди осы шығыс билерінің бір түрі өздерің билеп журген «Халай» биін билеп жиберейік. (жарайсыңдар рахмет!)

Енді қыздарымыздың ізденіп дайындап келген билерін тамашалайық мен үнтаспаны қоямын қандай кімнің әуені шықса сол ортаға шығып биін көрсетеді.

(Қыздар әуен ретімен өздерінің билерін көрсетеді, билерінің атымен таныстырады. Ұстаз кемшілік жерлерін түзетіп қимылдар көрсетеді )

Ұстаз: Енді осы билердің ішіне «Саиди» биі маған ұнап тұр олай болса осы биді әрі қарай жалғастырып барлығымыз билеп үйренейік. (ұстаз әуенге қосылып қимылдар жасайды балалар бірге қайталайды)

Ұстаз: жарайсыңдар жақсы. Рахмет! Ал енді осы билердің бір-бірлерімен айырмашылықтарын ажыратайық.

Саиди биі- қолға таяқ ұстау арқылы биленеді. Үстінде тіке біртұтас екі жанында қиығы бар көйлек, басында орамал кейде белдеріне монисто тағады кейде тақпайда билей береді.

Халиджи биі – шаш пен иық қимылдарынан тұрады. Үстінде кең, етегі тобықты жауып тұратын ұзын көйлек

Андалузия биі – испан биі мен шығыс билерінің қимылдарының араласуымен орындалады. Киімдерін айтатын болсақ олардың киімдері де испандықтардың киіміне ұқсас кең етек белдемше киеді.

Хаггала биі – бел, аяқ қимылдарымен биленеді

Беледи биі – иық, бел, аяқ қимылдарымен биленеді.

Ұстаз: Мұндай тапсырма берудегі менің мақсатым сендердің би билеудегі, үйренудегі, ізденудегі қабілеттеріңді шыңдай түсу. Би өнерінің қыр-сырын тереңірек үйренулеріңе жол ашу. Келешекте би өнерінің, сахна өнерінің шыңына шыға білу.Би билеу, биші болу үлкен еңбекті талап етеді, сонымен қатар би билеу адамның психологиясына да жақсы әсерін тигізеді, денсаулыққа да пайдасы зор. Күнделікті жаттығу жасауға зауқы соқпайтын адамдар күніне бір рет жақсы әуенге қосылып билесе, соның өзі бірталай бойға қуат береді.

Сабақты қорытындылау:

Ұстаз: Бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар?

Ұстаз: Ал балалар бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Қайырласу қимылы. Үйге тапсырма осы үйренген билеріңді әрі қарай шыңдай түсіңдер. Бугінгі сабақ үшін бір-бірлерімізді шапалақпен қошеметтеп қояйық. Барлығы жақсы өте керемет өтті. Сендерге көп-көп рахмет































Shape1



Пән: Ырғақ

Тақырыбы: Шығыс биі




Shape2



















2018-2019 ж







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!