400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Сыйластық неден басталады" (қашықтықтан)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға құрбыларының арасында жағымды қарым –қатынас орнату,бірін –бірін сыйлауға,адал дос болуға тәрбиелеу, айналасындағы адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

«Дарынды балаларға арналған мамандандырылған

«Дарын» мектеп-интернаты» КММ



















Сыйластық неден басталады.











Тәрбиеші: МедеуоваБ





















Тақырыбы: Сыйластық неден басталады.

Қатысқандар:9мо тәрбиеленушілер

Түрі:эссе

Мерзімі: 19.10.20ж


Мақсаты:

Оқушыларға құрбыларының арасында жағымды қарым –қатынас орнату,бірін –бірін сыйлауға,адал дос болуға тәрбиелеу, айналасындағы адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту.

Міндеті: «Дос», «достық» ұғымдарына түсінік беру .

Оқушыларға достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру, достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.

Оқушыларды сыпайылыққа,әдептілікке,жауапкершілікке,сезімталдыққа,адалдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар

Тәрбиеші сөзі:

Балалар, маған мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.

Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

Дос деген сөздің мағынасына терең үңіліп көрдіңдер ме?

Достық көп болуы мүмкін бе?

Досың көп болуы үшін қандай болу керек?

«Досы көпті жау алмайды» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Өз достарың жайлы не ойлайсыңдар? Оқушылардың жауаптары .

Ия , балалар , дұрыс айтасыңдар Сендер дос, достық деген ұғымның мағынасын ажырата біліп,өмірде өздеріңе сыйлас ,сырлас дос таба білсін деп,бүгінгі тілдесу сағатын осы тақырыпта өрбітсек деймін. Бүгінгі тақырыбымыз «Досы көппен сыйлас ,досы жоқпен сырлас»

Осы жерде « Екі дос» әңгімесін оқып беріп оқушылардың ой пікірлерін білу. Қалай ойлайсыңдар балалар , осы аңыз әңгіменің басты идеясы неде? Оқушылардың пікірін, ойларын, сөйлеуін әрі қарай дамыту үшін тағы бірнеше сұрақ қоямын.

Сендер өз достарыңа осылай көмектесе алар ма едіңдер?

Осылай істеу ойларыңа келер ма еді?

Екі достың іс –әрекетін қалай бағалайсыңдар?

Неліктен Абай Құнанбаев « Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас » деп айтқан ? Сендер оны қалай түсіндірер едіңдер? Меніңше , « досы көпті жау алмайды» дегендей, ол жақсы адам, оның досы көп сондықтан онымен сыйлас,ал досы жоққа қамқор бол ,онымен сырлас,оны тыңдай біл, оны қадірле дегені.

Балалар бір – бірімізге ренжіген сәттерде ,кейде біз асығып жүріп бір –бірімізді түсінбей қаламыз, ізгі сөздерді айтуға үлгермей қаламыз ,уақыт өткен соң түсініп өкініп жататын кездерімізде болады солайша досымызды ренжітіп аламыз. Нағыз достар бір- бірінің көңліне қарап,ренжітпейді, кешірімшіл болады. Достар қиын сәттерде көмекке келеді, татулықты қадір тұтады.

Адам көбіне өзінің мінезіне ұқсас адамдармен дос болады.Шын достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады,бойына сіңіреді, олар өте жақын бір –бірін тез түсінеді Осыындай достық қарым –қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі-адалдық. Баяғыда бір ғұламадан бір кісі сұрапты: « Мен қандай адаммын?»- деп, сонда ғұлама: « Досыңды көрсет сонда айтам кім екеніңді » депті. Бұл ақылды сөздің мағынасы:достар жан дүниесі,ой өрісі, талғамы мен әлеуметтік көзқарасы жағынан жақын болады дегенге меңзейді.

Қорытынды.*Қиын кездерде бір-біріңе көмек көрсетіңдер.

*Досыңды алдамай , оған адал бол.

*Досыңды қорлама.

*Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл

* Досыңның кемшілігін кешіре біл.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
767
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі