400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Тәрбие сағаты. "Сыйынар ем ана деген тәірге..." 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарға арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Пайызова Арайлым Думанбеккызы Жамбыл облысы Меркі ауданы №4 Тілеміс батыр ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі

Сыйынар ем ана деген тәңірге...

Құрметті аналар бүгінігі 8- Наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілікке қош келдіңіздер! Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші!

Ана десем алғыс алам халқымнан.

Ана десем теңіз болам шалқыған,

Ана десем ,ашылады қабағым.

Ана десем әділдікті ұғамын,

Біз ғана емес.

Қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар,

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

-Ардақты аналар,мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке ,дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс тілейміз! Ешқашан ауырмаңыздар!

-Балалар,бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Шешуін таба аламыз ба?

Бала,бала,бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Бұл кім?

Балалар:  Ана,ана,ана.

-Балалар бүгін қандай мереке? -Әрине, аналарымыздың мерекесі.Ана перзент тәрбиелеуші.Аналарымызға арнап «Ай, дидарлы анашым!» әнін орындап берейік.

-Асыл аналарымызға арналған балаларымыздың өз қолынан жасалған ашық хаттары мен тақпақтарына кезек берейік:

 1.Бізді өсірген анашым, Еңбегіңіз зор екен. Құтты болсын анашым, Құтты болсын мерекең.

2.Ананың біз гүліміз, Ана-біздің күніміз. Ұландарды қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз.

3.Түн ұйқыңды төрт бөліп, Құшақ жайдың балаға. Айым,күнім,қызым деп, Еркелетер аннада.

4.Анаң болса қасыңда, басқа бақыт не керек? Аналардың жүрегі, Мейірімді ғой керемет.

5.Мен мұғалім анамның, Өнегесін аламын. Ертең менде анамдай, Оқытушы боламын.

6. Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті аналар!

7. Шашымды өріп, тараған, Қабағыма қараған. Үлкен-кіші демейді, Сыйлайды оны бар адам.

8. Мен үшін не керек? Бәрін іздеп табасың, Айналайын анашым, жұмысыңа барасың. Қайтіп мені көргенде, шын сағынып қалласың.

9. Менің анам ардақты, Алтыннан да салмақты. Жақсы көріп баласын, Мәпелейді анашым.

10. Әр сөзіңді жаттаған. Жүрегіңде сақтаған, Анашым деп мақтанам. Айналайын ақ мамам.

11.Анам мені айым дейді. Мен мұңайсам уайым жейді, Анам мені күнім дейді. Мен қуансам күлімдейді. 12.О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілексұрамаң.

-Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.

1.Күні бойы ойнай беретін,ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін,дым істемейтін,жалқау бала бар ма сіздерде?

Аналары: Жоқ,жоқ!

2.Ал,таңертең ерте тұрып,мектепке өзі киінетін,үйде анасына көмектесетін әдепті,тәртіпті бала бар ма сіздерде?

Аналары :Бар,бар!

Би : қыздардың орындауында «ақ гүлдер биі»

Ойын: Ана мен бала ойыны

Шалқып тасып әніміз Жадырасын жанымыз, Ана сізді құттықтап, Әндетеміз бәріміз.

-Данияның орындауында «Апатайым» әні

Флешмоб «Ана мен бала» биі

  Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды  сыйлайық,ардақтайық,еш уақытта ренжітпейік. Сіздерді тағы да 8 –ші Наурыз мерекесімен  құттықтаймыз! 

Аналар, қалқып бақыт аралында, 
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық 
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Сыйынар ем ана деген тәіңрге...» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!
Балалар хормен: «Анамызға мың алғыс!»











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
720
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі