400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

тәрбие сағаты Сыйынар ем, ата-ана деген тәңірге

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 5 «В»

Мақсаты: Бала бойына отбасына деген сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, суреттер

Барысы:

Мұғалім: "Ана – сая болар бағың болса,

Әке – асқар тауың" дейді қазақта.

Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,

Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,

"Әке" деген сезімді ұмытар кім?!

Ана – жарық сыйлаған жан екенсің,

Ана – шуақ шашатын таң екенсің.

"Ана – өмір, ана – бақыт, ана – жүрек"

Деп соққан жүрегімнің әні екенсің.

Әке мен ананың орны адам өмірінде ерекше емес пе?! Бүгін «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында Отбасы мерекесіне арналған тәрбие сағатын бастайық!

2013 жылы 8 қыркүйекте Қазақстанда тұңғыш рет Отбасы күнi аталып өтті. Алғаш рет бұл туралы ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар орталығының ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев мәлiм еттi. "Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл күн осы жылдан бастап қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiледi. Ел Президентi мемлекет – отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын тағы да атап өткiм келедi» деген болатын мәлімдемесінде.

Ендеше "Ұлылардан қалған ұлы сөздерге" құлақ түрейік. Ғабиден Мұстафин "Балаға сіңірген ата-ананың еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Ол – өле-өлгенше суынбайтын, сарқылмайтын махаббат" деген екен. Ал оқушылар сендер қандай ұлылардың сөздерін білесіңдер. Сөз кезегі оқушыларда:

1 оқушы: "Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!"

2 оқушы: "Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, аскар тауы, ақылшы тірегі – әке өзіңсің".

3 оқушы: "Ата-ана ақылы қазылған қара кенмен тең".

4 оқушы: "Атасынан ақыл алса - тентек ұл да жөнделер"

5 оқушы: "Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін жылы ұя".

6 оқушы: "Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі".

7 оқушы: "Ана – бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан".

Мұғалім: Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар – әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай , мем лекетіміз мықты болуы мүмкін емес. Бала – ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы.

Оқушыларға сұрақтар:

1. «Отбасы», «Отау иесі», «Отағасы» ұғымын қалай түсінесіңдер?

2. Отбасы негізі не деп ойлайсыздар?

3. Ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?

4. Баланың отбасындағы міндеттері қандай болу керек?

Құндылық құны

Отбасымда ең сыйлы ______________________________________

Ең қымбатты _____________________________________________

Ең ақылды _______________________________________________

Ең сүйкімді ______________________________________________

Ең құрметті ______________________________________________

Ең құнды ________________________________________________

Ең бағалы ________________________________________________

Ең қажетті _______________________________________________

«Бақытты отбасы модулін» жасайық. Оқушылар өз ойларын білдіріп, ортақ бір бақытты отбасы моделі жасалады.

Мұғалім: Әке мен шеше, ата мен әже, аға мен әпке – біз жақсы көретін ең жақын адамдар. «Ата – бәйтерек,бала –жапырақ», «Әкеден – ақыл, анадан – мейір», «Ағасы бардың – жағасы бар, інісі бардың – тынысы бар»,- дейді халық. Осындай ынтымағы бір, тілегі бір отбасында өмір сүріп жатқан біз – бақыттымыз.

Оқушыларға жалпы бірдей сұрақ:

1. Отбасыларында дәстүрге айналған мәселелер бар ма ?

2. Әр отбасының ұстанымы болады, сендердің отбасыларында қандай ұстанымдар бар?

Мұғалім: «Әке – асқар тау. Ана – ағып жатқан бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дейді атам қазақ. Әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе, ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болмақ.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
193
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі