Материалдар / тәрбие сағаты "Шын дос- таусылмас қазына"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тәрбие сағаты "Шын дос- таусылмас қазына"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың достық сезімі туралы білім деңгейін кеңейту. Дос қандай болу керек және оқушыларға кімдермен дос болу керектігін тереңірек түсіндіру, олардың досқа деген талғам, танымын шыңдау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2017
1865
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Шын дос –таусылмас қазына


Мақсаты: Оқушылардың достық сезімі туралы білім деңгейін кеңейту. Дос қандай болу керек және оқушыларға кімдермен дос болу керектігін тереңірек түсіндіру, олардың досқа деген талғам, танымын шыңдау.

Формасы: пікірталас

Бағыты: коммуникативті тәрбие




Барысы:

Мұғалім: Құрметті оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Шын дос –таусылмас қазына». Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екенін бәрімізге белгілі, бірақ та кейбіреулер, шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді.

«Достық -өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос –жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотель атамыз айтқандай бүгінгі сабағымызды жалпы дос туралы талқылайтын боламыз.

1-жүргізуші: «Бұл дүниенің күүлі сый –құрметі жалғыз жақсы досқа татымайды» деп ұлы Э.Мельман айтқан.

Мұғалім: Балалар, алдымен достық деген не, оны қайсымыз қалай түсінеміз, сонны айырып алайық. Сөз жоқ, достық –егер соны досың шын жүрегімен, шын жаны ашып істесе. Ал өтірік жаны ашыса, тіпті өзі сенбей тұрған қатені қате деп жала жапса қалай болады? Достық алдымен екі адамның бір-біріне деген рухани тазалық. Онсыз сен досың үшін майданда да жан бере алмайсың. Сендер қалай ойлайсыздар, дос деген не? Дос қанша болу керек?

Оқушылардың ойлары, пікірлері тыңдалады.

2-жүргізуші: Иә, достық қасиетті сөз, қасиетті сезім, ол тек жөні түзу адамдар арасында ғана қалыптасып, өзара құрмет негізінде ғана дамиды. Егер де біздің бақытымызды ешкім бізбен бірге бөліспесе, ол бақыт соншалықты мәнін жоғалтар еді. Біздің бақытсыздығымызға бізбен де қатты қиналатын дос болмаса, оны көтеру де бізге сондай қиын болар еді.

1-оқушы: Достық екен өмірде ең керегі,

Достық болып дүниеде дөңгеледі.

Өзендегі толқындар дос боп ақты,

Қанатымыздай жүгіріп кеудедегі.


Ағаш біткен дос болып тербеледі,

Тағдыр досқа бақытты тең бөледі.

Сүйеп келе жатқандай бірнеше қол,

Бірнеше қол осынау жерді міне.


2-оқушы: Т. Айбергенов «Достық»

Достық деген таусылмайтын қазына,

Көктемде де солып қалар гүл емес.

Қарамайды ол сыйдың көп пен азына,

Нағыз достар тіпті сый да тілемес.



Сырлас болсақ есігімізді кір қақпай,

Шын дос болсақ шақырмай кел, тілегім.

Шын шақырсам саған ұқсап тіл қатпай,

Жауымның да келетінін білемін.


1-жүргізуші: Достық –ең алдымен шынайылық, жолдастың қателіктерін сынау. Достар жолдасын өзінің қатесін түзей алатын болу болу үшін бірінші болып, қатаң сынау керек.


3-оқушы: М. Шаханов «Досқа сын»

Қанша дос боп жалғасам да аяулы арман тілекті,

Аямайтын ащы сыным ашындырар жүректі.

Табысыңа шын қуанып, сырға қоссам сыр алуан.

Бекер басқан қадамыңды бетке айтпай да тұра алман.


Мұғалім: Балалар, қалай ойлайсыңдар, досқа сын айту жақсы ма? Менің ойымша егер сен досыңа ол туралы, оның қылықтары туралы не ойлайтыныңды тура, ашықтан ашық, тіпті қатаң түрде айта алмасаң немесе одан өзің туралы дәл сондай шындықты құлақ асып тыңдай алмасаң, онда сендер, бір-біріңе шынымен сенбейсіңдер, біріңді –бірің түсінбейсіңдер, құрметтемейсіңдер.

Балалар, осы достықтың қандай түрлері бар. Иә, сырлас дос болады, сыйлас дос болады. Оның айырмашылығы не?

Оқушылардың ойы тыңдалады.


2-жүргізуші: «Ең бір зығырданыңды қайнататын қылмыс –достың сеніміне қиянат жасау» –деп ұлы Ибсен айтқан.

Мұғалім: Балалар, кім достық туралы нақыл сөздер біледі?

1-оқушы: Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен. (Әл-Фараби)

2-оқушы: Жақсымен дос болсаң,

Алдыңнан шығар елпектеп...

Жаманмен дос болсаң,

Сыртыңнан жүріп өсектеп. (Махамбет Өтемісұлы)

3-оқушы: Не жетеді нағыз досқа, асылға,

Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда.

Қиналады –сен қиналсаң болғаны,

Ұйықтамасаң –ұйықтамайды ол дағы. (В. Шекспир)

4-оқушы: Дос болма, майда тілді күлгенменен,

Бимағна сырты жылтырап жүргенменен. (Шал ақын)

5-оқушы: Нағыз дос бірі –біріне тарылмайды,

Жуырда түрткеніне жарылмайды.

Жақсы жаман айтар деп елемейді,

Бақ –дәулет сол адамнан айырмайды. (Серәлі Еруәліұлы)


Мұғалім: Жарайсыңдар, жалпы алғанда, адам өміріндегі ең ұмтылмайтын шақ, мектептегі достарың. Енді достық туралы ел аузынан естіген әңгімемізге құлақ түрейік.


Ертеректе ел ішінен Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:

  • Достық нешеу? –деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

  • Достықтың екі түрі болады. Бірі –адал достық, екіншісі амал достық.

  • Дұрыс-ақ .. Енді қалай ажырата аламыз? –дегенге:

  • Адал достық -өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқаболады, -деп жауап берген екен Әйтімбет.

Мұғалім: Сондықтан балалар, адал достықты таба біліңдер. Достарыңа әрқашан адал, таза, ақ ниетті болйңдар. Бүгінгі тәрбие сағатымызды қортындылай келе, тек қана шын дос бола біліңдер.

Ән: «Достар»





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!