жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты Сынып аруы-2018 байқауы 3 сынып
Тәрбие сағаты
(3-сынып)
Б. К. Дұрысбаева
Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Сынып аруы – 2018» байқауы
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: Қыздарымыздың ақыл-парасаттылығын, ой-өрісін,қабілет икемділігін, өз ойларын еркін білдіре алу қабілеттерін байқау.
Дамытушылық: Қыз сынын құрайтын: тектілігін, ақыл-парасаттылығын, сымбаты мен көркін, іскерлігін, мәдени көзқарасын, ойын еркін білдіру қабілеттерін дамыту, сахна өнеріне баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды ата-аналарын, қыздарын сыйлай білуге, өз құрбы-құрдастарының сөзін тыңдап, тиянақты міндет қоя білуге, өнерлі болуға, шығармашылықпен жұмыс істеуге, халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: сайыс, байқау
Тәрбие сағатының көрнекілігі: арнайы әсем безендірілген зал, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, гүлдер, шарлар, слайд, видео.
Тәрбие сағатының барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, аналар мен оқушылар! Бүгінгі
8-наурыз – аналар мерекесіне арналған «Сынып аруы-2018» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз – халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық тілей отырып, жүздеріңізден қуаныш пен шаттық кетпесін - дегім келеді.
2-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
1-жүргізуші: Бүгінгі 3 «Б» сыныбында өткелі отырған «Сынып аруы-2018» атты қыз сыны бауқауына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам!
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе, елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам!
- Құрметті көпшілік! Сонау ықылым заманнан-ақ халқымыз ару қыздарын аялай білген. «Анасын көріп, қызын ал, Аяғын көріп,асын іш», «Қызы бар үйдің жеңгесі күлімдейді», «Күнсіз гүл өспес, күтусіз қыз өспес» деген қанатты асыл сөздер осыдан қалса керек.
1-жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық, - деп, біздің байқауымызға төрелік етуші әділқазы алқасымен таныстырайын. (Әділқазылар алқасымен таныстырады.)
2-жүргізуші: Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді, міне, ортаға толқып, тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Қошаметпен қарсы алайық, шашу шашып! – деп, ортаға ару қыздарымызды шақырамыз.
1-жүргізуші: Бірінші қызымыз Нугай Айгерім Хамиқызы
2-жүргізуші: Екінші қызымыз Бисен Арай Абайқызы
1-жүргізуші: Үшінші қызымыз Аманқос Гүлназ Манасқызы
2-жүргізуші: Төртінші қызымыз Қойшығұл Орынгүл Талғатқызы
1-жүргізуші: Бесінші қызымыз Иса Үмітжан Асанқызы
2-жүргізуші: Алтыншы қызымыз Бекимбетова Бибі Тимурқызы
1-жүргізуші: Жетінші қызымыз Иркимбай Инабат Серікқызы
2-жүргізуші: Сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар!
1. Мен қазақ қызымын (арулар өздерін таныстырады)
2. Өнерлі өрге жүзер (өз өнерлерін көрсету)
3. Зерделінің ойы озық (сұраққа жауап беру)
4. Мен анама көмектесемін (1 минуттық видео әзірлеп келу)
5. Мерекелік ашықхат жасау (үйден жасап келіп, таныстыру)
6. Қыздарға әсемдік жарасады (киім үлгісін көрсету)
1-жүргізуші: Кішкене арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға
2-жүргізуші: Кішкене арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе, бірінші шартымыз «Мен қазақ қызымын» деп аталады. Аруларымыз өздерін таныстырады.
1-жүргізуші: Қазылар алқасы, «Таныстырудың» бағасын берсеңіздер.
2-жүргізуші: Өнерсіздер қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар, - дей келе, екінші шартымыз «Өнерлі өрге жүзер». Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.
1-жүргізуші: Қазылар алқасы, «Өз өнерінің» бағасын берсеңіздер.
2-жүргізуші: Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың,
Жарасымды,үйлесімді ғажап шын,
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық, - дей келе, үшінші шартымыз «Зерделінің ойы озық» деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз қағаз суыру арқылы сұраққа жауап береді.
1-жүргізуші: Қазылар алқасы, «Сұрақ-жауаптың» бағасын берсеңіздер.
2-жүргізуші: Енді «Мен анама көмектесемін» бөліміне кезек береміз. Бұл бөлімде аруларымыз үйде аналарына қалай көмектесетініне арнайы 1 минуттық видеоролик әзірлеп келген. Енді соны тамашалайық.
1-жүргізуші: Қазылар алқасы, «Мен анама көмектесемін» бөлімінің бағасын берсеңіздер.
2-жүргізуші: Пір тұтқан ибалықты,адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық
Қыздардың ғұмырымен заман құтты, - деп, келесі шартымыз «Мерекелік ашықхат жасау» сайысы. Бұл бөлімде үйден арнайы бүгінгі мерекеге дайындап келген ашықхаттарымен таныстырады.
1-жүргізуші: Қазылар алқасы «Шеберлер сайысының» бағасын берсеңіздер.
2-жүргізуші: Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын, – дей келе, алтыншы шартымыз «Қыздарға әсемдік жарасады» деп аталады. Мұнда киім үлгісін көрсету.
1-жүргізуші: Қазылар алқасы «Киім үлгісінің » бағасын берсеңіздер.
2-жүргізуші: Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз
бәріміз.
Әділқазылар жалпы ұпай санын есептегенше, сыныбымыздың
әншісі Алимбаев Бағланды ортаға
шақырамыз.
1-жүргізуші: ата-аналармен ойын
2-жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым.
1-жүргізуші: Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.
2-жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Әділ қазыларға сөз беріледі. (марапаттау)
(Ата-аналарға сөз беріледі)
2-жүргізуші: Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс - шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп - көп рақмет.
1-жүргізуші: Ана әрбір адамның жарық
дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін
емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді
қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана
қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік
тұрғызады. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді.
Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!
Талай
ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан
сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз
шексіз. Келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш
болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген