400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Шынықсаң шымыр боласың" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сынып мұғалімі : Жапарова Луиза Достановна

Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боласың» спорттық сайыс 
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру. 
Түрі: Эстафеталық ойын 
Өтілетін орны: Спорт залы 
Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, ысқырық. 
Барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі 
Шынықсаң шымыр боласың, 
Сауығып айдай толасың. 
Спортты серік ете біл, 
Жақсы азамат боласың. 
Жеңімпаз болу оңай ма, 
Арман болған талайға? 
Болмасаң да ұқсап бақ, 
Жарысқа түсіп қалайда. 
ІІ.Негізгі бөлім 
Құрметті әріптестер және кішкентай көрермендер бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың» 1-ші сыныптар арасындағы спорттық сайысына қош келдіңіздер! 
Көңілді жарысқа «Жас қыран» және «Жас ұлан» топ бүлдіршіндері қатысады. 
Әр таңды бақытпенен аттырамыз 
Өнерді ой көгінде бақылаңыз, 
Сайысқа қатысуға енді ортаға 
топ бүлдіршіндерін шақырамыз.  (әр топ өз орындарына келіп тұрады) 
Ал,құрметті халайық! 
Жарысты енді көріңдер 
Әділ қазы алқасы 
Әділ баға беріңдер! 
Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық. 
1. Дене шынықтыру пәні мұғалімі: М.Еңсепбаев 
2. Тәрбие завучы: Л.Шыныбаева
3. Бастауыш бірлестік жетекшісі: Н.Ижанова 
Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады. 
Сайыстың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады 
1. «Эстафета» 
2. «Әтештер айқасы» 
3. «Пингвин» 
4. «Допты тез жеткіз» 
5. «Асық атыс» 
6. «Арқан тартыс» 
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! 
Сайысымызды бастаймыз. 
«Жас ұлан »1а-сынып тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін! 
«Жас қыран» 1ә- сыныптобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Біздер жас қыранбыз, 
Бәрін жеңіп шығамыз! 
І кезең: «Эстафета» 
Шарты: Әр топ қатысушылары жалаушаны алып мәреге дейін жүгіріп барып өз орынына келіп өзінен кейінгі қатысушыға жалаушаны тапсыруы қажет, қай топ бірінші мәреге жетсе сол топ жеңімпаз. 
ІІ кезең: «Әтештер айқасы» 
Шарты: Әр топтан 1 ұл баладан шығып шеңбер ішінде бір аяқтарын ұстап бір – бірін итеріп шеңберден шығарады.
IІІ кезең: «Пингвин» 
Шарты: Допты аяқ арасына қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәреге жетуі тиіс, қай топ бірінші келсе сол топ жеңімпаз. 
ІV кезең: «Допты тез жеткіз» 
Шарты: Допты ұстап жүгіріп келу.
V кезең: «Асық атыс» 
Шарты: Әр топтар жерде үріліп жатқан шарларды, үстеріне отырып жаруы тиіс қалдығын жинап себетке салуы керек қай топ көп шар қалдығын жинаса сол топ

VІ кезең: «Арқан тартыс» 

Қорытынды бөлім 
Жарыс заңы ежелден- 
Жеңімпазды анықтау 
Жеңімпаз болу шарты сол- 
Еңбектену,жалықпау 
Біреу озса сайыста, 
Біреу артта қалады 
Жеңілгендер ренжімей 
Тараса бізге жарады  демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды марапаттауға әділқазы алқасына сөз кезегін берейік. 
Уа,халқым назар аудар денсаулыққа! 
Өмірде бақыттысың денің сау да. 
Денсаулық терең бақыт деген сөзді 
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші 
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет. 









Қарабұтақ орта мектебі













Тақырыбы:

«Шынықсаң шымыр боласың»

спорттық сайыс

«1а-1ә класс арасында»





Жауапты мұғалімдер:Жапарова.Л







2017-2018 оқу жылы

Шарттар

1а-сынып

1ә-сынып

Эстафета



Әтеш айқасы



Пингвин



Допты тез жеткіз



Асық атыс



Арқан тартыс



Қорытынды ұпай







Шарттар

1а-сынып

1ә-сынып

Эстафета



Әтеш айқасы



Пингвин



Допты тез жеткіз



Асық атыс



Арқан тартыс



Қорытынды ұпай



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
4401
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі