жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты Шырайлы - жыл басы Наурыз! 3 сынып
«Шырайлы жыл басы - Наурыз!»
Мақсаты:
А)Білімділігі: оқушыларға халқымыздың ізгі қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, өнегесімен білім беру, салт-дәстүрлерді бойына сіңіру;
Ә) Дамытушылығы: ата-мұраны, ана уәсіпті қалыптастыру, ой-өрісін , ойлау қабілетін дамыту, жылдам ойлап шапшаң жауап беруге үйрету.Қыз балалардың икемділігін, шеберлігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Б) Тәрбиелілігі: оқушыларды жан-жақты білімді болуға, салт-дәстүрді құрметтеуге, сақтауға үйрету.Тіл мәдениетіне, ұлттық сана-сезімге тәрбиелеу.
Әдісі: сайыс.
Көрнекілігі: салт-дәстүрге, әдет – ғұрыптарға байланысты мақал-мәтелдер,, киіз үй, т.б.
Өту барысы:
Кіріспе сөз:
-Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі – Наурыз.Бұл күн жыл сайын Наурыз айының 22-жұлдызында мерекеленетін болған.Яғни, күн мен түннің теңесіп, қар еріп, көк шыға бастайтын көктем айы.Сондықтан Наурыз күнін ертедегі адамдар Жаңа жылдың басы – ұлыстың Ұлы күні деп есептеп, жақсы тілек, зор қуанышпен қарсы алған, жұрт ел аралап, үйлерге кірген, наурыз көже ішіп, жастар ән шырқап, палуандар күресіп, ойын-сауықпен өткізген.Наурыз мейрамын жыл басы ретінде тек қазақтар ғана емес, көрші өзбек, қырғыз, қарақалпақтар да тойлаған. «Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» дегендей, бүгін біз жыл басы, Жаңа жыл – Наурыз мерекесінің ықшамдалған тәрбиелік шарасына қош келдіңіздер!
1
-жүргізуші:Қымбатты қонақтар, ұстаздар, шәкірттер! Баршаңызды құт –
берекенің, жақсылықтың, тоқшылықтың, бірліктің символы боп келетін
төл мерекеміз Наурыз тойымен құттықтаймыз!Әр шаңыраққа Наурыз нұры
шуақ болып құйылып, ән болып өрілсін демекепіз.Зор денсаулық пен
шадыман шаттық тілейміз.
2-жүргізуші:
Қой жылы босағадан аттағанда,
Бірлік пен туыстықты сақтағандар.
Наурыздың нұр шуағы шомылдырып,
Әз тілде ән –шашуды жаттағандар.
Мейрамың құтты болсын, барша қауым,
Ертеңгі болашақты баптағандар!
1-жүргізуші:
Армысыздар, ардақтылар,
Қиналмай-ақ көтерген бар салмақты.
Сіз өсірген ұрпақты ел айтады,
Азамат деп, білімдар деп жан-жақты.
Бір қасиет жылт етсе тал бойымнан,
Мың рахмет тәліміңе айтамыз,
Ұлыстың бұл ұлы, нұрлы тойында.
2-жүргізуші:
Уа халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Наурыз тойын тойлайық
Той шашуын шашайық
Шашу, шашу - деп ата-аналарға
шашу шашады да немерелерімен көрпешелерге
жалғасады.
1-жүргізуші:Бүгінгі біздің өткізгелі отырған шарамыз екі топқа бөлініп, әр топ өздері дайындап әкелген, салт-дәстүрлерін көрсетеді.
1-топ: «Шаңырақ» 2-топ: «Домбыра»
2-жүргізуші:Екі топ өздерін таныстырып өтеді.
1-жүргізуші:Бағдарламада:
1. «Салт –дәстүрлерді білеміз бе?» (ассоциация әдісі)
2. «Салт –дәстүр – халық тәрбиесі» (кубизм әдісін қолдану).
3. Көрініс көрсету.(Венндиаграммасын қолданып, екі салтты салыстыру.)
4. «Ой елегінен өткіз » кезеңі (болжам әдісін қолдану).
2-жүргізуші:
Салт-дәстүрім жараса,
Қайта құрап жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша.
«Салт-дәстүрлерді білеміз бе?» атты бөлімде ассоциация арқылы салт –дәстүрлердің түрлерін атау керек.
Беташар Сүндет той

Т
Салт -дәстүрлер
ойбастар Тілашар
Шілдехана
Иткөйлек
![]()
![]()
Тоқымқағар
Бастаңғы
![]()
Тұсау кесу
1-жүргізуші: «Салт –дәстүр – халық тәрбиесі» бұл бөлімде кубизм әдісін қолдану.Бұл кезеңде кубиктің алты жағына қазақтың салт-дәстүрінің не болмаса әдет –ғұрыптардың аттары жазылады.Осы кубикті бір адам лақтырып, қай жағы түседі, сол дәстүр туралы кішкене мағлұмат айтып кетеді.Әр топтан 3 адамнан шығады.
1.Беташар.2.Сүндет той.3.Тойбастар. 4.Тоқымқағар.5.Тілашар.6.Бастаңғы.
1-жүргізуші:Көрініс көрсету.
2-жүргізуші:(Венндиаграммасын қолданып, екі салтты салыстыру.)Екі топқа екі түрлі салт –дәстүр беріледі.Сол салт –дәстүрді көрініспен көрсетеді.Және осы екі салт –дәстүрді салыстыруы керек.
«Шаңырақ» тобына – «Бесік той» салты.

«Домбыра» тобына – «Тұсау кесу» салты.

1-жүргізуші:
Жаңа жылым келіп жетті аңсаған,
Басқа ұлттармен татулыққажар салған.
Дәстүрімен мақтанамын елімнің ,
«Мен қазақ!» деп дүниге жар салам.Құрметті қонақтар,енді біздің оқушыларымыз сіздерді қазақтың «Бесікке салу» дәстүрімен таныстырсын.
2-жүргізуші:
Тәй,тәй,балам, тәй, балғын,
Жүре қойшы жай, балғын.
Қарыс сүйем қаз бастың,
Қадамыңнан айналдым!-деп келесі тобымыз «Тұсау кесу» дәстүрін көрестеді.
1-жүргізуші:«Ой елегінен өткіз » кезеңі болжам әдісін қолданылады. Әркімнің өз ойы,пікірі айтылып тыңдалады.
«Шаңырақ» тобына:
1.Бүгінгі таңда қазақ халқы өзіміздің қазыналы салт –дәстүрімізді жиі қолданама? Неге?
2.Нәрестені бесікке салғанда үстіне қандай жеті нәрсе салынады? (айна,тарақ, қайшы, пышақ, қамшы, қап,тұмар).
3.Жеті атаны ата? (әке,бала,немере, шөбере, шөпшек,немене, туажат)
«Домбыра» тобына:
1.Қазақ халқы күнделікті өмірде өзіміздің ұлттық киімімізді киіп жүруді дұрыс деп санайсың ба?
2.Бесіктің құрылысы қандай? (түбек, шүмек, бесіктің жазғы жабуы, бесіктің қысқы жабуы, қолбау, тартпа бау, екі бел жастық, аяқ жастық, бел көрпеше, аяқ көрпеше, арқалыққа ілінетін жез қоңырау.)
3.Сүттен жасалатын тағамдарын ата? (айран,ірімшік,құрт,шұбат,қаймақ, май)
2-жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректеге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Жер-Ана.
Алып келді жер бетіне гүл көктем
1-жүргізуші:
Наурыз-тойы береке,
Наурыз тойы – мереке.
Наурыз тойы – жыр-аңыз.
Ай, қызық думан құрамыз-
2-жүргізуші:
-Наурыз тойда ақ мол болады.Өйткені, бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.Сондықан да тойшылар бір-біріне ақ мол болсын, сауар көбейсін деген тілектер айтады.Бүгінгі «Шырайлы жыл басы - Наурыз» атты шарамыз аяқталды.
1-жүргізуші: Ұлыс оң болсын!
2-жүргізуші: Ақ мол болсын!
Бірге: Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген