400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты Табиғат ортақ үйіміз!

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға және де ұстаздарға көмегім тиер деген мақсатпен салып отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Табиғат – ортақ үйіміз
Мақсаты : оқушыларға табиғат туралы түсініктерін, білімдерін толықтыра отырып, табиғаттың тіршілігін және қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін арттыру. 
Әдісі : сұрақ –жауап, мақал –мәтел талдау, нақыл сөздер, жұмбақтар шешу және «Табиғатты қорғайық » слайд көрсету, өлеңдер оқу 
Көрнекіліктер: нақыл сөздер «Таза болсын табиғат, аман болсын адамзат», сюжетті суреттер. Мақал –мәтелдер жинағы 
Кіріспе: Табиғат –бізді қоршаған орта. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғатта тепе-теңдік үнемі сақталып тұрады. 
Сұрақ –жауап. (ауызша топтарға сұрақтар қою.)
* Адам өміріне не қажет? 
* Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады
* Судың қандай қасиеттерін білесіңдер? 
* Тірі табиғатты ата. 
І. Негізгі бөлім І- топ
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді,
Еркелікті ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді. 
*Табиғат дегенді қалай түсінесіңдер? 
-Табиғат ! осы бір сөз жүрекке жылы, көңілге қонымды естіледі. Табиғат сөзінде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр деуге болады. 
-Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс –мекені, алтын ұя бесігі, құт –берекесі. Адам үшін табиғат –ең қасиетті де қастерлі ұғым. 
-Табиғатты қазақ халқының бар өмір – тіршілігі табиғатпен етеңе байланыста. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқолық керек екеніне ерекше мән берген. 
ІІ топ
Жұмбақ шешу. Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды. (Жер) 
- Жердің тіршілік үшін қандай пайдасы бар?
-Табиғаттың басты байлығы – жер. Жер –біздің қазынамыз, байлығымыз.
Жер біздің алтын бесігіміз. Анамызды қалай жақсы көрсек, табиаттымызды да, сүйе білуіміз керек. 
* Халық батыры Бауыржан Момышұлы «Сұлулық дегеннің тамыры табиғат » деген. Сұлулық деген табиғаттың көркі. Мысалы: гүл қандай ?, аңдарымыз ше? , ағаштарымыз ше? құстарымыз ше? Осылардың барлығы табиғаттың сұлулығын білдіреді. 

ІІІ топ
Табиғатқа байланысты қандай мақал-мәтедер білеміз?
Көлдің көркі –құрақ, 2. Орман –ел дәулеті,
Таудың көркі – бұлақ. Жер сәулеті.
3. Сулы жер –нулы жер. 4. Ағаш ексең аялап,
Басыңда болар саябақ. 
ІV топ
Топтарға сауалнама 
1-топ. Келешекте бірнеше жылдар өткен соң біздің қаламыздың табиғатын қалай елестетер едіңдер? ( суретін салу) 
2- топ. Табиғатты қорғау туралы маман болсаң не істер едіңдер?
Сыныпқа жалпы сұрақ.
«Туған жер табиғатын қорғау керек пе, әлде жоқ па?» 
Оқушылардың пікірін талдау
Қорытынды: 
Қазақстан Республикасының Конституциясында « Қазақстан Республикасының әрбір азаматы табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті» делінген.
Туған жерді сүю –парыз,
Сүю үшін білу – парыз
Қасиетін ұғу – парыз,
Күзетіңде тұру –парыз

Ендеше, Отанымызды, атамекен жерімізді аялай білейік, қадір тұтайық! 
«Атамекен» әні орындалады









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
4882
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі