400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты :Табиғатқа саяхат. Бб дыбысы мен әрпі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бб әрпінің дауыссыз дыбыс екенін айта алады.Мәтіндегі сөздерді тұтас,түсініп оқиды. Бб әрпін каллиграфиялық талапқа сай жазады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Сауат ашу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Саяхат

Күні:

Сынып: 1


Мектеп:№136

Мұғалімнің аты-жөні:Даутбаева Зауре

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Табиғатқа саяхат. Бб дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1.Әріпті тану,ажырату оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.1.2.Оқудың түрлері буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу қолдану.

1.3.8.1.Жазу жолын,жоларалық кеңістікті,жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:Бб әрпі мен дыбысын таниды,жазады,сөздерді буынға бөледі.Дауыссыз дыбыстың белгісін көрсетеді.

Бб әрпінің бас әрпін, кіші әрпін, баспа және жазба түрлерін ажыратады.Әріптің сөздегі орнын анықтайды.

Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.Буындардан сөз құрастырып айтады.

Көптеген оқушылар: Бб әрпінің дауыссыз дыбыс екенін айта алады.Мәтіндегі сөздерді тұтас,түсініп оқиды. Бб әрпін каллиграфиялық талапқа сай жазады.

Кейбір оқушылар: Берілген сурет бойынша әңгіме құрап жазады.

Бағалау критерийлері

* Әріптерді таниды және дыбыспен сәйкестендіріп оқиды.

* Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.


Құндылықтарды қалыптастыру

Оқушылардың топта бір-бірімен ынтымақтастық, қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыру.

Топтық жұмыста мәтінді талдау барысында өзгелердің пікіріне құрметпен қарауға баулу.

Пәнаралық байланыстар

Суретпен жұмыс жасау барысында көркем еңбек пәнімен,сөздерді буынға бөлу барысында математика пәнімен байланысады.

Бастапқы білім

Дыбыстарды ажырата алады,дыбыстық талдау жасай алады,буыннан сөздер құрастыра алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың басы


4 минут

Ынтымақтастық атмосферасы.

«Біз бақытты баламыз» өлеңі

Бейбіт елдің ұланы,

Оттай лаулап жанамыз.

Бұл бақыттың ұраны,

Біз бақытты баламыз!

Ширату жаттығуы

«Селт етпей тыңдап ал, жауабын тауып ал» әдісі

Жұмбақ жасыру.

Өзі біреу, көзі үшеу. (бағдаршам)

Қанаты жоқ ұшпайды,

Су астында қыстайды. (балық)

Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған. (бор)

Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу талтаңдап. (балапан)

Тарбаң-тарбаң тарбиған,

Түрі жаман жарбиған. (бақа)

-Балалар, осы жұмбақтың жауаптары қандай дыбыстан басталып тұр?

-Өз сыныбымызда Б дыбысынан басталатын қандай заттар бар?

-Барлығымыз Б деп айтып көрейікші.

Ендеше бүгін Бб дыбысымен танысатын боламыз.

Суреттер арқылы топқа біріктіру.

1-топ.Балапандар тобы.

2-топ.Ботақандар тобы.

3-топ.Балдырғандар тобы.



























Сабақтың ортасы

32 минут


Ұжымдық жұмыс.

«Сиқырлы әріптер» әдісімен шашылған әріптерден Бб әрпін табады.

Бб дыбысының артикуляциясын, дауыссыз дыбыс екенін айтамын. Оқушыларға Б дыбысынан басталатын суреттер көрсетемін. (барабан, бақбақ, балта, бұзау, балмұздақ, бүлдірген, бақа.)

Оқушылардан басқа Бб әрпі кездесетін сөздер сұраймын.

Бб дыбысы бар сөздерді буынға бөлгіземін.

«Бақбақ» сөзіне дыбыстық талдау жасатамын.

Б а қ б а қ








Білім алушыларды сөздік бағалау. «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.


Топтық жұмыс.

1-топ.Балапандар тобы

«Паравоз» әдісімен сөздерді тізбектеп оқыту.Сөздегі буын санын анықтау.

Shape3 Shape2 Shape1 қа та бө

бShape6 Shape5 Shape4 а бо рік

лық лат кө


аShape7 Shape8 Shape9 с қа бақ бақша шабақ бақбақ


Мәтінді оқымас бұрын авторымен таныстыру.

Қайранбай Жұмабай Қожақынұлы (1948 ж. т.) — педагог, баспагер, жазушы. Алматы облысы, Ұйғыр  ауданында дүниеге  келген.


2-топ.Балдырғандар тобы.

Бор неден жасалады? мәтінін оқиды.

Бор туралы «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы зерттеу жүргізеді.

Бор туралы біз не білеміз?





Топтастыру әдісі арқылы бор туралы білгендерін жазу.

аShape11 Shape10 қ бор тақта

Shape12 Shape13

үгілгіш әктас


Оқушыларға бор туралы толығырақ түсіндірме жүргізіп кетемін.

Бор — түсі ақ, біркелкі ұсақ түйірлі кальций карбонатынан құралған жұмсақ шөгінді жыныс.

3-топ.Ботақандар тобы.«Сөз ойла,тез ойла» әдісі.

Берілген сұрақтың жауабын сызбаға қарап болжа. Диалогті рөлге бөліп оқы.

-Бор неден жасалады?

Shape17 Shape16 Shape15 ...


-Саған кімнің сөзі ұнады? Неліктен?

Shape22 Shape20 Shape19 Shape18


Кері байланыс.

1.Тапсырма кезінде қиындықтар болды ма ? 2.Қиыншылықтан қалай жол таптыңдар?

3. Өзге топтың жауаптарымен келісесіздер ме?

Бағалау.

«Екі жұлдыз,бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалау



Picture 2

Бб


Суреттер

қызыл,көк дөңгелектер




















Борлар















Сергіту сәті:

Ал балалар бір ауық,

Әріп сырын ұғайық.

«А» дегенде отырып,

«Б» дегенде тұрайық.

«А-Б», «А-Б»

Отырып тұр тағы.


Сергіту сәтіне арналған жинақ








Жазылым. Дәптермен жұмыс.

Бб әрпінің жазба түрімен таныстырып, жазба түрін тақтаға жазып көрсету.

Бб әрпін ауада жазу

Дәптерімізді ашайық

Қолға қалам алайық

Көлбеу етіп қояйық

Көркем етіп жазайық.

Жұмыс дәптеріндегі жазу жолында жоғары және төменгі сызықтарды сақтай отырып, көркем жазу.

Жұптық жұмыс. «Сыңарын тап»әдісі.

Оқушыларға бір буыны ғана жазылған сөздер беріледі. Қалған буынын тауып жазады.

бел-..., ба-...., бо-..., бақ-...., би-..., бас-..., бар-...,

бө-..., бас-...,

Бағалау. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.



Ж.Ж.Қалыптастырушы бағалау.

Тапсырма. Сөздерді оқыңыз және сәйкес суреттермен байланыстырыңыз.

Бат-пы-ра-уық ба-уыр-сақ бе-сік


бо-та-қан бө-рік бел-дем-ше



Дескриптор. Білім алушы

-сөздерді буындап немесе тұтас оқиды

-сөздерді сәйкес суреттермен байланыстырып сызады.


Сараланған тапсырма.

Суретті пайдалана отырып әңгіме құрау.

Оқулық, жұмыс дәптерлер.





















Сабақтың соңы

4 мин


Рефлексия. «Табыс сатысы»

-Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?

- Бүгінгі сабақ бойынша білім деңгейің қандай сатыда деп ойлайсың?

Оқушылар сабақтан алған білімдерін стикерге жазып жапсырады.



Мұғлімнің қорытындысы









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
763
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі