400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Табиғатты аялайық!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды ойланту, өздігінен ізденіске салу, қиялын шыңдап шығармашылыққа баулу; Оқушылардың таным белсенділігін арттыру, ойын, тілін дамыту; Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Табиғатты аялайық!»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ойланту, өздігінен ізденіске салу, қиялын шыңдап шығармашылыққа баулу; Оқушылардың таным белсенділігін арттыру, ойын, тілін дамыту; Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Сызба, қанатты сөздер, «Қызыл кітап» т. б.

Сабақтың барысы:

І бөлім

1. Ұйымдастыру.

2. Шаттық шеңбері.

3. Кіріспе.

4. «Жыл қарияның еңбекқор әулеті» атты ертегіден көрініс.

5. Білім көпірі (Өсімдіктер тіршілігінде жыл мезгілдеріне байланысты қандай өзгерістер байқалады?)

6. Сызбамен жұмыс.

ІІ бөлім

7. «Кубизм» стратегиясы.

8. Поэзия минуты.

9. Жұмбақтар жасыру.

10. Баспасөз орталығы.

11. Ата-бабамыздың табиғатты қорғау дәстүрі.

12. Ұлттық ойын «Тақия тастамақ».

13. Пікірталас.

14. «Автор орындығы».

15. Рефлексия

16. Жүректен жүрекке.

І бөлім

Шаттық шеңбері (Балалар шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі, ән орындалады.)

«Табиғат-анамыз»

Сөзі-Н. Жанаевтікі

Әні-С: Қаратаевтікі

Табиғат ол анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.


Жазда аралап тауында,

Барамыз біз бауына.

Өзеніне шомылып,

Жүгіреміз жауына.


Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде «Жыл» есімді адам болыпты. Төрт баласынан өрбіген он екі немересі азамат қатарына қосылғанда, ол кісі қартайып, көне-көз қария атаныпты. Оның балалары мен немерелері бір-біріне ұқсамаған, мінез-құлықтары әр түрлі болыпты.

Жыл қарияның ешкімге ұқсамаған баласы Көктем келеді.

-Мен келгенде күн жылына бастайды. Табиғат қысқы ұйқыдан оянады. Түн қысқарып, күн ұзарады. Мен өзіммен бірге Жыл қарияның үш немересін ерте келдім. Олар: Наурыз, Сәуір, Мамыр.

Оқушы: «Көктем»

Сарқыраған өзен гүрілдеп,

Алтын күн көктен күлімдеп.

Табиғатқа жан біткен,

Оянып бәрі дүрілдеп.

Сөйтіп жүргенде екінші баласы Жаз да немерелерімен келіп жетеді.

Жаз: Мен жер бетін гүлге орап, табиғат сұлулығына рахаттандырамын. Үлкен кішіні шаттыққа бөлеймін. Мен де Жыл қарияның үш немересін ерте келдім. Олар: Маусым, Шілде, Тамыз.

Оқушы: «Жаз»

Құйқылжып құс сайрауда,

Қозы-лақ ойнап жайлауда.

Еркіндіктің күндері,

Нәрін төккен маңайға.

Жыл атайдың екінші немересінің пейіліне адамдардың көңілі толып сайрандап жүргенде, қолы кең жомарт баласы Күз де келіп жетеді.

Күз: Менімен бірге еңбектеріңіздің жемісін көресіздер. Қамбаларыңыз астыққа толады. Жыл қарияның немерелері Қыркүйек, Қазан, Қараша да келді.

Оқушы: «Күз»

Сарғыш тартып ағаштар жапырағы,

Көңіліме көп сағыныш шақырады.

Сары алтын сары дән қырмандағы,

Ән болып кең далада жатыр әні.

Енді қытымыр, қатал Қыс деген баласы келеді.

Қыс: Мен сендердің төзімділіктеріңді, шыдамдылықтарыңды тексеремін. Мен де Жыл қарияның Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан атты немерелерімен келдім.

Оқушы: «Қыс»

Ағаштар кеудесіне шатыр тігіп,

Табиғат ұйықтағандай қалғып-мүлгіп.

Құттықтап күннің көзі көк жүзінен,

Ашылып жатыр кейде аспан түңлік.

-Міне, балалар, менің төрт баламмен, он екі немереммен таныстыңдар. Жылдың әр мезгілінің өз қызығы, қуанышы бар. Бұл бізге табиғаттың сыйы, несібесі.

Табиғатты сүйейік, бағалайық!

«Білім көпірі» стратегиясы

(Көктем, жаз, күз, қыс мезгілдері туралы түсініктерін жалғастыра айту.)

Сызбамен жұмыстар.

ІІ бөлім

«Кубизм» стратегиясы.

а) Табиғат дегеніміз?

ә) Табиғаттың қандай түрлері бар?

б) Тірі табиғатқа нелер жатады?

в) Өлі табиғтқа нелер жатады?

г) Сенің табиғат қорғаудағы үлесің.

ғ) Ырым-тыйым сөздер.

Поэзия минуты.

Оқушы:

Табиғат-алтын күнім, күміс айым,

Шашылған жұлдыз меруерт жастанайын.

Үңілем таңнан тұрып терезеге,

Ашық па, жабық па деп қас-қабағың.

Табиғат-көркем жырым, асқақ әнім,

Сен ана, мен қашанда жас баламын.

Сөйлеші жеде бұлақ, көкте бұлт боп,

Тіліңді түсінуге тырысайын.

Оқушы: «Табиғат»

Орманы, тауы, сулары,

Қандай әсем нұр таңы.

Алуан түрлі аңдары,

Табиғат толы аңғары.

Мезгіл сайын өзгеріп,

Далаға тұрар өң беріп.

Қыс та, көктем, жазы да,

Күздері қандай жазира!

Табиғат-Ана, Жер-Ана,

Мәңгілік адам бесігі.

Қуат беріп жаныма,

Ашылған өмір есігі.

Оқушы: Әй, табиғат!

Шеберсің-ау, шеберсің,

Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.

Ұлан-ғайыр байлығыңды місе етпей,

Ашкөзденген адамдарға не дерсің?!

Айың анау, күнің мынау, жері міне.

Оу, адамдар,

Жетпей жатыр енді не?

Табиғатқа таласпаңдар ағайын,

Асырайды ол сені, мені, елді де.

(Жұмбақтар жасырылады.)

Баспасөз орталығы: «Қызыл кітап».

Жүргізуші: Сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды қорғау мақсатында 1974 жылы Қазақстанда «Қызыл кітап» шықты. Оның беті алуан түрлі болады. Қызыл парақтарына жойылып кету қаупі бар жануарлар енеді. Ақ парағына саны азайған жануарлар мен өсімдіктер енеді. Жасыл парағында қайтадан аяласа қалпына келетіндер енеді.

Жүргізуші: Ата-бабамыздың табиғатты қорғау дәстүрі.

Көшпелі өмір сүрген ата-бабаларымыз күндіз-түні, жыл бойы шаруа жағдайын ойлап, көшіп жүруінің өзі табиғатты қорғаудың көшпелілік үдерісі. Өзі тұрған жерінің құсын, аңын, шөбін үнемдеп пайдаланды. Төрт түліктің бабын ойлап табиғатпен үйлесімді экожүйе ұйымдастыра білді. Қазақ халқының тұрмысындағы көктеу, жайлау, күздеу, қыстау болуының өзі-табиғатты қорғаудың үлгісі.

Көшкен кезде жерошақты

Тегістейтін, топырақпен жабатын.

Жанды, жансыз бар ғаламның

Бабын, тілін табатын.

Жөнсіз іске жалтақтамай,

Бірден тыйым салатын.

Білгендері кез келгенді

Жамандықтан тыятын.

Бар тыйымның түсінігі

«Обал» деген жалғыз сөзге,

Жалғыз сөзге сыятын.

Жүргізуші: Кейбір жануарларды, құстарды киелі деп қастерледі. Осы айтылғандарды құрметтеу адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі.

Қасиетті сөз бар еді «кие» деген,

Киеліге жолмас күйе деген.

Жерін, елін, Отанын сүйетіндер

Ең алдымен бұл сөзді сүйеді екен.

Тірі нәрсе шөп деген, көгал деген,

Көкті жұлса болады обал деген.

Ата-анамыз жыланға үйге кірген

Ақ сүт құйып басына «жоғал» деген.

Бабалар табиғатты аялаған,

Малын бағып бауырын саялаған.

Табиғатты «Ана» деп ардақ тұтып,

Қамқорлығын ешқашан аямаған.

Жүргізуші: Табиғаттың қадір-қасиетін тереңінен түсінген дана халқымыз табиғаттың өзін ұлы ұстаз, тәлімі мол тәрбиешісі санап, күнделікті бала тәрбиесіне басты құрал ретінде пайдалана білген. Тіпті бала құрсақта жатқан кезінде-ақ ана мен оның құрсағындағы нәрестені мәпелеп, ренжітуге тыйым салынған. Өмірді көрген, көңіліне түйгені бар аналар өз келіндеріне «Биік тауға қара, көңілің өседі, Көңілің өссе дүниеге келер нәресте кең пейілді болады. Жайқалған жасыл желекке, жайнаған гүлге қара, сәбиіңнің жүзі жарқын болады. Бұлақ көрсең көзін ашып жүр, балаң қайырымды болады» деген өсиетті-өнегесін үнемі айтып отырған.

«Тақия тастамақ» ұлттық ойыны ойналады.

Жүргізуші:

Ойым бар ойын бастамақ,

Аты оның «Тақия тастамақ».

Ақырын, аспаймын, саспаймын,

Алдыңа тақия тастаймын.

Алдына тақия тастаған бала табиғат туралы мақал-мәтел айтады.

(«Қыс ұнайды», «Қыс ұнамайды» тақырыбында пікірталас өтеді.)

«Автор орындығы»

Жүргізуші: Балаларға «Табиғат-алтын бесігім» атты тақырыпқа шығарма жазу тапсырылған. Соның ішінде өте жақсы деп танылған шығарманың иесі өз жұмысын автор орындығында отырып оқу құқығына ие бола алады.

Рефлексия

Жүргізуші: Адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік. Табиғат байлықтарын қорғай білу-азаматтық борыш. Оны аялап, сүйе білейік!

Табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген туған жерін, туған елін де сүйе алмайды.

Жүректен жүрекке

Жүргізуші: Балалар, оң қолымызбен жүрек тұсын ұстап, табиғаттың тынысын сезіне отырып, сабақты мына өлең жолдарымен аяқтайық.

Табиғат нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ол-сәніміз.

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15 мамыр
4066
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі