Тақырыбы: «Табиғатты аялайық»
Сыныбы: 2-4 сыныптар
Мақсаты: Оқушылардың табиғатпен
үйлесіміділік , табиғатты аялау туралы түсініктерін
кеңейту.
Міндеттері: -табиғат, қоршаған орта, табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
-оқушылардың тілін, ойын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға тырысу;
-оқушыларды қоршаған ортаны,
табиғатты қорғауға баулу;
Көрнекілікті: интерактивтік тақта, табиғат туралы суреттер, нақыл
сөздер,
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері
Армысың, ұстаздар! Здравствуй, учителя!
Армысың, Әлем! Здравствуй,Мой мир!
Армысың, Жарық күн! Здравствуй,Солнычный день!
Армысың, досым! Здравствуй,друг!
Hello, teachers!
Hello, My world!
Hello, Sunny Day!
Hello Friend!
«Ой шақыру» Жұмбақ шешу:
Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды. (Жер)
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді.
Кескен болам,кесілмейді,
Кесілсе де, бөлінбейді. (Су)
Бір нәрсе жер мен көктің арасында,
Көрінбес өзі түгіл қарасы да.
Білінбей жер үстінде жүрсе дағы,
Пайдалы адамзаттың баласына. (Ауа)
Балалар, бұларды бір сөзбен
қалай атауға болады? Табиғат.
Мұғалім: Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір
сүретін орта. Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын
киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын
уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас деп қараған.
Сондықтан адам табиғаттан өз керегін алып, қалғанына еш уақытта
зиянын тигізбеген. Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді
«әулие - бұлақ», «әулие - ағаш» деп атап, оларды көздің
қарашығындай қорғап отырған, ал қарлығаш, аққу, ұлар, т. б.
құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі
деп ұясын бұзуға, балапанын жоюға не өздерін өлтіруге мүлде рұқсат
етпеген.
Табиғат деген сөзді естігенде көз алдымызға не елестейді?
«Табиғат» топтастыру :Табиғат тіршілігі үшін не қажет? Табиғат дегеніміз не? Оқушыларға сөз беру:
Табиғат → жер, ауа, су, күн, ай, топырақ, жануарлар әлемі, өсімдік,
-
оқушы: Жер. Қоректік нәрді топырақтан алады. Манас
Топырақтан өмір исі шығады
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесінен беретін.
Жақсылықта топырақтан шығады. -
2-оқушы Ауа. Тіршілік атаулының өмірлік өзегі, арманы - таза ауа.Мирас
Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Оралбек 3 -оқушы:
Су. Табиғаттың көркін
ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі - су.
Су - адамзаттың тіршілік көзі. Сусыз жер бетінде тіршілікті
елестету мүмкін емес. Су – адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр,
сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.
Су деген тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су, қара жердің сәні емес
пе?
Ғанимат 4 -
оқушы: Иә, туған жер, өскен ел
жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен
бірігіп жатады. Қазақстанның табиғаты көз тартар, аса көркем, бар
сұлулықты өн бойына жинап алған
өлке.
Сәбит 5 -
оқушы: Табиғат - адам баласынын
дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын
жүрегімізге ұялатқан аяулы орта.
6 - оқушы: Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлем. Табиғат - әлем денсаулығының сақшысы, жаңға дауа шипагер.
Нұрдәулет 7 -
оқушы: Табиғат - ол өсімдік. Өсімдік
- бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл - жасыл гүлдер. Өсімдік
ашыққанда тамақ, шөлдегенде - сусын, ыстықта көлеңке сая, суықта
пана, ауырғанда - дәрі, ренжігенде қуанатын табиғаттың сұлу көркі -
гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті - жасыл - желек
орман.
Нұржан 8 -
оқушы: Табиғат – ол жануарлар әлемі.
Жүгірген аң, ұшқан құс, ән мен сәннің иесі - бұлбұл, орман - тоғай
емшілері - тоқылдақ болса, дала ажары - ақ
бөкен.
Ғабит 9-
оқушы: Табиғат сенде бәрі ортақ,
Аспаның, күнің, айында.
Тегінде жаның жомарт – ақ,
Ізгілік жатыр
бойында
Аружан10 -
оқушы: Табиғат қызығам сенің
суретіңе,
Бас ием сенің құдіретіне.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып.
Тұтқасы тіршіліктің бетінде.
«Ой
қозғау». Мұғалім сөзі: Сонымен біз
табиғат туралы білгенімізді, білетінімізді ортаға салдық. Қазіргі
кезде барша адамзат алдында тұрған келелі де, күрделі де
мәселелердің бірі – табиғат ананы қорғау, оның байлығын ұқыпты
пайдаланып, кейінгі ұрпаққа қалдыру. Халқымыз ата заманнан бері
жерін, суын қадірлеп, қасиет тұтқан. Кейінгі ұрпаққа үлгілі,
өнегелі тәрбиелік мұрағат боларлық мына жолдарды есте сақтайық.
Сұраусыз суын бұзғызбай – суын қорғаған.
Жөнсіз жерін жыртқызбай – жерін қорғаған.
Көк майса шөбін таптатпай – шөбін қорғаған.
Ұшқан құс, жүгірген аң, жыбырлаған жәндігінің берекесін
кетірмей – жануарларын қорғаған.
«Ой
толғау» Ал, біз болашақ ұрпақ
табиғатты қалай қорғап, сақтап қаламыз?
-«Бір ағаш кессең, он ағаш ек» - «Жасыл ел» бағдарламасына ат
салысамыз.
-«Судың да сұрауы бар»- суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз,
ластамаймыз.
- Орман, тоғайды, бақтарды күл - қоқыстан тазалап, өрттен
қорғаймыз.
- Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық
жасаймыз.
Табиғатқа байланысты қандай
ырымдар мен тыйым сөздерді білесіңдер?
Ұя бұзба
Суға түкірме
Жас шыбықты кеспе
Құмырсқаның илеуін бұзба
Аққуды атпа
Әсел 11 -
оқушы: Табиғат - адам баласының
дүниеге келтірген аяулы - ана, бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы
және аялы бесігі, құтты қонысы мен өніп - өсер мекені.
Табиғатты сүйіңдер
Сүю үшін біліңдер.
Қамқорлық жасау жолында
Жанды салып күйіңдер.
Апаттан оны сақтандар
Ебін тауып баптаңдар.
Данияр12-оқушы: Ну орман,
жасыл орман, мынау орман,
Далаға қорған болып тұра қалған.
Барлығы баласындай бір-ақ үйдің,
Барлығы жаралғандай бір адамнан.
Ақерке
13-оқушы: Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,
Сен Күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен армансың, сен бұлақсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған
Оралхан
14-оқушы:Табиғат егіз адаммен,
Ұқсастық табам содан мен,
Мәңгілік болсын егіздер,
Жер — Ана, көл, теңіздер.
Жолбарыс 15-оқушы: Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,
Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!
Нұрқанат 16-оқушы: Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш және гүл егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Көрініс.
Әкесі мен баласы орманға келеді.
Әкесі: Ағашта қалмапты ғой өзі?
Баласы: Әке, бар ағашты өзіміз қырып болдық қой.
Әкесі: Әй балам, әне жас қайың тұр екен, соны кесейік дейді.
Баласы: Әке ол әлі жас қой, әлі өссінші. Обал емеспе, табиғаттың
сәні емеспе?
Әкесі: Немене, табиғатқа жаның ашып қалды. Заманның бізге жаны
ашымағанда, табиғатты ойлайды деп тұрсың ба? Көп сөйлеме, ұста
араның арғы басын.
Оқушы:
Ақ қайыңды қырқып жатқанда құс ұшып келеді.
Әкесі: Мына құс қайтеді өзі шиқылдап, балам таспен атып ұшыршы.
Құс: Тимендерші бұл ақ қайыңға ұямды бұзбандаршы,
қырықпандаршы.
Баласы: Әке, өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты қырыпай – ақ
қояйықшы
Әкесі: Көп сөйлеме, ұста араны: Ай сенде нәзік жүрек. Мәссаған!
Оқушы:Құсты таспен атып ұрады. Ағашты әкесі мен баласы кесіп
әкетеді.
Содан құс: Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,
Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына бала
Табиғаттың ысырапсыз пайдаланып бар байлығын не көрінді?
Не қалады артындағы ұрпағына?
Мен көрдім жас қайыңның құлағанын бас ұрып қара жерге сұлағанын
Сарғайып жапырағы өлімсіреп, байғұстың кім тыңдады
жылағанын.
Шығармашылық
жұмыс:
- Егер сен ақын болсаң,
оңда...
- Егер сен суретші болсаң, онда...
- Егер сен жазушы болсаң,
онда...
- Егер табиғатқа тіл бітсе... деген тақырыптарға өз ойларыңызды
ортаға салайық.
Табиғат туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
Ұлдана 12 - оқушы: Біз
Қазақстан барысының
Еш нәрседен саспайтын арысымыз.
Өркениетті елімізді гүлдендіреміз
Алға қойған негізгі парызымыз.
Жансая
13-оқушы:Табиғат егіз
адаммен,
Ұқсастық табам содан мен,
Мәңгілік болсын егіздер,
Жер — Ана, көл, теңіздер.
Ер- елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі»,
«Бір тал кессен, он тал ек»
«Дәрі шөптен шығады, дана — көптен шығады»,
«Қорада малың болсын, көшеде талың болсын»
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»
«Сұлу жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас»
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
«Жылап жүріп арық қазсаң,
Күліп жүріп су ішерсің»
Бәрі
хормен:
Табиғаттың панасымыз -
Түйіп айтар сөзіміз.
Табиғаттың панасы –
Біздің мына
өзіміз.
Қорытынды:
Ертеден қалған өсиет
сөздерде
«Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр,
ізіңді қалдыр – жақсы істен мұра шаша жүр,
өзіңді қалдыр – бақша өсіріп жаса нұр» деген сөздерде өмірдегі өзіңнен кейінгі ұрпағыңа өлмейтін мұра қалдыр, сонда «сенің қолдан көзін ашқан бұлағың, жақсы істерің – шырағың, ал жасыл орман – құнарың болмақ» деп өсиет қалдырған.
1-сұрақ. Егер сен ақын болсаң...
Жауабы. Егер мен ақын болсам, елімнің орманын, кең даласын жырға қосып өлең жазар едім.
2-сұрақ. Егер сен суретші болсаң...
Жауабы: Егер мен суретші болсам, туған жерімнің сұлулығын суретте көрсетер едім.
3-сұрақ. Орман-тоғайға байланысты тыйым сөздерді білесің бе?
Жауабы. Ағашты кеспе, орманды өртеме, шөпті таптама.
4-сұрақ. Ауаға, суға байланысты тыйым сөздерді білесің бе?
Жауабы. Суды лайлама, суға түкірме, ауаны ластама, су ішкен құдыққа түкірме.
5-сұрақ. Жануарларға -құстарға байланысты тыйым сөздерді білесің бе?
Жауабы: Аққуды атпа, малды теппе, құмырсқаның илеуін бұзба, құстың ұясын бұзба.
Егер табиғатқа тіл бітсе... деген тақырыптарға өз ойларыңызды ортаға салайық. Егер табиғатқа тіл бітсе, ол былайша бізге тіл қатар еді: «Ей, адамзат баласы! Сен менің бауырымда өсіп ер жеттің. Мен сені тонғаныңда күн шуағыммен жылыттым, ыстықта ағаштарыммен жаныңа сая болдым. Мөлдір, таза ауаммен дем алдың. Жер- ана сені асырады, бақты ұрпағың ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Мен арқылы сен сұлулықты , әдемілікті сезіндің! Бірақ мен саған өкпелімін. Неге дейсің ғой бүгінгі күніме қарашы. Ауам ластанды. Суым лайланды, тартылды. Орманымдағы ақбөкенім мен сұлу киігім қайда қашты? Даланы әсем әнге бөлеген құстарым неге азайды? Балықтарым неге жағада өліп жатыр? Сен бүгін менен бәрін алып алсаң , болашақ ұрпағың қалай күн көреді? «Судың да сұрауы бар» деп адамдар өздерің айтатын едіңдер ғой. Бүгін мен сендерге осындай сұрақ қоямын. Жауап беріп көріңдерші- деуші еді табиғат.
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Жайқалсын жасыл әлем өлкесінде,сән түзеп көрік берсін жер бетіне»
Ашық тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік : оқушылардың табиғат туралы білімдерін
молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті
екенін ұғындыру;
Дамытушылық :туған жер табиғатына
деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін
қалыптастыру;
Тәрбиелік : табиғатты қорғай
алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық
білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар, сөзжұмбақ, мақалдар, жұмбақтар,видео «Қазақстан табиғаты» туралы.
Тәрбие сағатының әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, топпен жұмыс.
Барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіздер ме! Балалар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Жайқалсын жасыл әлем өлкесінде,сән түзеп көрік берсін жер бетіне» . Бүгін біз сіздермен Қазақстан Республикасының табиғаты туралы әңгіме қозғаймыз. Балалар «Табиғат» деген сөзді қалай түсінесіздер?
Ассоциация «Табиғат»
• Балалар табиғат деген сөзді естігенде сіздердің ойларыңызға
біріншіден не елестейді? (тау, күн, ағаш, жасыл шөп, гүлдер,
құстар, көбелектер, кемпірқосақ т.
б.)
Видеролик «Адам мен табиғат»
1-оқушы. Табиғат — ол Су. Суды тіршілік көзі дейді. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. «Сулы жер-нулы жер» деген мақал бекер айтылмаған. Су — адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.
2-оқушы:Су деген
тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол, ақиқат,
Күміс су, қара жердің сәні емес пе?
3-оқушы: Табиғат — ол Топырақ. Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады.
Топырақтан өмір иісі шығады
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесіне беретін,
Жақсылық та топырақтан шығады.
4-оқушы: Табиғат — ол Өсімдік. Өсімдік — бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын, ыстықта — көлеңке сая, суықта- пана, ауырғанда — дәрі, ренжігенде — қуантатын табиғаттың сұлу көркі — гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті — жасыл желек, орман.
5-оқушы: . Табиғат — ол Жануарлар әлемі. Жүгірген аң, ұшқан құс, дала ажары-ақбөкен, әні мен сәні — бұлбұл, су аруы — аққу табиғатымыздың сәні.
Мұғалім: Жалпы, табиғат —
тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне
қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні.
Халық ұғымында табиғат деген сөз жер, аң, туған жер, атамекен
сөздерімен қатар тұрады. Қазақстан табиғатының өлшеусіз байлығын
игере отырып, бізді қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау да
республикамыздағы ең күрделі мәселелердің
бірі.
Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат,
сезіміне сұлулық пен
сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді
қалыптастыратын мол тәрбие. Табиғаттың сан қыры мол, сұлулығымен
көз тартатын ерекшелігі арқылы әр адамның жүрегінен орын алатыны да
анық.
Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шаршы шақырымнан
асады. Республика шығысында Алтай тауларынан басталып, батысында
Каспий ойпатына, ал Солтүстігінде Батыс Сібірден оңтүстігінде
Тянь-Шань (Ереңқабырға) шыңдарына дейін созылып жатыр. Қазақстан
жерінің өте үлкендігінен әр аймағының табиғаты бір-біріне
ұқсамайды, біркелкі емес. Оңтүстігінде ағаштар гүлдеп, жер
көгергенде, солтүстігінде әлі қар жатады.
Қазақстанның оңтүстік облыстарында жылуды жақсы көретін күріш, қант
қызылшасы, мақта, жеміс түрлері, әртүрлі дәрілік шөптер мен
өсімдіктер өседі. Бұл аймақтарда жаңбыр аз жауады, жазы ыстық, әрі
құрғақ болады. Бірақ ол аймақтың байлығы-тау өзендерінің мол
суы.
Республиканың солтүстік аудандарында астық пен көкөністер жақсы
өседі.
1-оқушы: Ну орман, жасыл орман, мынау орман,
Далаға қорған болып тұра қалған.
Барлығы баласындай бір-ақ үйдің,
Барлығы жаралғандай бір адамнан.
2-оқушы: Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,
Сен Күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен армансың, сен бұлақсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған
3-оқушы:Табиғат егіз адаммен,
Ұқсастық табам содан мен,
Мәңгілік болсын егіздер,
Жер — Ана, көл, теңіздер.
4-оқушы: Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,
Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!
5-оқушы: Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш және гүл егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
6-оқушы: Қадір тұтып табиғат қасиетін,
Әділдіктің алдында бас иетін.
“Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын” деп
Бабам айтқан орынды өсиетін.
7-оқушы: Туған жерім өзіңе не жетеді,
Далам мені мәпелеп тербетеді.
Құшағыңда ең алғаш перзенттерің
Балғын жырын бұлақтай селдетеді
8-оқушы: Ашық болса менің байтақ аспаным,
Туған жерім бітпейтін мол дастаным.
Тыныштықты қалаймын өмірде бұл,
Керегі не, керегі не басқаның
9-оқушы: Ей,адамдар!
Күн мен гүлден жаралған,
От пен сезіммен мейірімнен таралған,
Тіршіліктің иесі Жер Анаға
қараңдар!
10-оқушы: Табиғаттың
тарылтпаймын мөлдір,кәусар ауасын,
Қастерлейік оның бар қазына , ырысын.
Ей,адамдар, қалай ғана қатігездік
жасайсын.
Ал енді,балалар біз қазір «Қазақстанның табиғаты» туралы видеоролик көреміз.

ОҚЖЕТПЕС тауы, бұл туралы аңыз бар.Ертеде осы таудың жиегінде Қазақ Сұлтандары қоныстаныпты, оларды Оқжетпес тауының басындағы қыран құс ұнатпапты күнде Оқжетпес тауының үстінде отырып қарқылдай береді екен оның көзін құртқысы келгендер оны атпақшы болады бірақ оқ таудың төбесіне жетпей қала береді екен содан бері ОҚЖЕТПЕС тауы атаныпты…
Бұл МЫСТАНКЕМПІР тасы…
Тағы бір ерекше тас ол ЖҰМБАҚТАС ол Бурабай көлінің ортасында
орналасқан.
Ол туралы аңыз… Ертеде ханның қызы кедей жігітті ұнатыпты, бірақ
әкесі оны бай баласына тұрмысқа бермекші болады.Оған қыз келіспей
кедей жігітпен қашып осы көлден қайықпен өтіп бара жатқанда әкесі
екі ғашықты атып өлтіреді.Сол кезде қос ғашық қайығымен бірге үлкен
тасқа айналыпты…

Тағы бір кереметтің бірі ол ШАЙТАНКӨЛ.Бір қызығы
ол көлге келген туристтер көлді көріп келесі күні қарауға тағы
келсе көлді таба алмай кетеді екен, және көлдің жалпы көрінісі
қорқыныщты бұл көлге ешкім түсіп көрмепті сондықтан бұл көл
ШАЙТАНКӨЛ деп аталыпты…

Зеренді табиғаты

Зерендінің солтүстік бөлігін қайың, терекшоқтары өскен ормандар алып жатыр. Қыраттың биік жерлері мен шоқыларда қарағай, Зеренді өңірінде қылқан жапырақты орман, Кіші Түкті өңірінде қайыңды, теректі ормандар өседі. Орманда қарақат, таңқурай, мойыл, итмұрын, бүлдірген бар. Ашық жерлерде қараған, тобылғы, т.б. бұталар, бітік шалғындық, астық тұқымдас түрлішөптер, қызғылт селеу, сәбізшөп, бетеге, жусан, тастақты жерлерінде қына өседі. Орманда қасқыр, бұлан, елік, қоян, түлкі, қарсақ, суыр, тиін, даласында кемірушілеркездеседі. Дала, су құстарының 200-ден аса түрі мекендейді.
«Зерен» көлі

Аумағы 11,9 км², ұзындығы 6,1 км, енді жері 3,8 км, тереңдігі 4 – 4,8 м. Оңтүстік және оңтүстік-батыс жағалауының биіктігі 10 м, батыс жағалауының биіктігі 4 м-ге жетеді. Оңтүстік жағалауы сай-жыралармен тілімденген. Суы тұщы, ауыз суға жарамды.Зеренді көлінің табиғаты өте әсем, оны қалың қарағайлы аласа таулар қоршаған. Оңтүстік-батыс жағасында демалыс үйлері, жазғы оқушылар дем алатын лагерьлер орналасқан.
1-жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып жатқан балаларды көрдіде, тұрып қалды…
Сұрақ:
1. Арман не істеді деп ойлайсыңдар?
2. Арман қандай бала?
3. Бұтақ сындырып жатқан балалар қандай
екен?
2-жағдаят. Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақтың көзінің қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді…
Сұрақ:
1. Серіктің әрекеті қандай болды деп
ойлайсыңдар?
2. Серіктің бойынан қандай қасиеттер көруге болады?
3. Бұлақтың көзінің бітеліп қалуына кімдер кінәлі деп
ойлайсыңдар?
Жұмбақтар шешу.
1.Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (күн)
2.Бір нәрсе бетінде жоқ, ой менен қыр,
Өзіңнің кіндігінен айналып жүр.
Өзіне назар салып қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр. (глобус)
3.«Айт» десе, жүгірмес,
Су тисе, сілкінбес. (шөп)
4.Жазда жатсаң — көлеңкесіне алады
Қыста жақсаң — жаның рахат табады.
(ағаш)
Мақал-мәтелдер:
«Ер- елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі»,

« Егер табиғатқа тіл бітсе...» тақырыбы бойынша
оқушының таза жүрегінен шығармаларға кезек
берейік:
Мөлдір: Егер
табиғатқа тіл бітсе, ол былайша бізге тіл қатар еді: «Ей, адамзат
баласы! Сен менің бауырымда өсіп ер жеттің. Мен сені тонғаныңда күн
шуағыммен жылыттым, ыстықта ағаштарыммен жаныңа сая болдым. Мөлдір,
таза ауаммен дем алдың. Жер- ана сені асырады, бақты ұрпағың
ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Мен арқылы сен сұлулықты ,
әдемілікті сезіндің! Бірақ мен саған өкпелімін. Неге дейсің ғой
бүгінгі күніме қарашы. Ауам ластанды. Суым лайланды, тартылды.
Орманымдағы ақбөкенім мен сұлу киігім қайда қашты? Даланы әсем әнге
бөлеген құстарым неге азайды? Балықтарым неге жағада өліп жатыр?
Сен бүгін менен бәрін алып алсаң , болашақ ұрпағың қалай күн
көреді? «Судың да сұрауы бар» деп адамдар өздерің айтатын едіңдер
ғой. Бүгін мен сендерге осындай сұрақ қоямын. Жауап беріп
көріңдерші- деуші еді
табиғат.
Осы табиғатымызды сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа қалдыру біздің азаматтық борышымыз. Ендеше осы істе сендер қандай үлес қосар едіңдер?
-
«Бір, ағаш кессең, он, ағаш ек» — жасыл желек бағдарламасына ат салысамыз;
2. «Судың да сұрауы бар» — суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз, ластамаймыз
3. Орман-тоғайды, бақтарды күл — қоқыстан тазалап, өрттен қорғаймыз.
4. Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.
5. Экологиялық үгіт — насихат жүргіземіз.
Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой дейміз. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім — кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек.! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін-де сүйе алмайды.
Сайыс
сабақ
Тақырыбы: «Табиғатты
аялайық»
Мақсаты: Дүниетану пәнінен алған білімдерін
тексеру,оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра
отырып,табиғатты қорғауда жауапкершілікті қалыптастыру,табиғатқа
деген мейірім мен ықыласын,табиғат байлықтары мен
жан-жануар,өсімдіктерге жанашырлықпен қарауға
тәрбиелеу.
Түрі:сайыс сабақ
Көрнекілігі:слайдтар,суреттер.
Барысы
Мұғалім: Табиғат- тіршілік атаулының құтты қоныс мекені,тіншіліктің
түлеп өсуіне қажетті нәрі,жер бетіне көрік берген сәні.Табиғат,Жер
–Ана,атамекен,туған жер деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас,әрі
тағдырлас.
Табиғат!Осы бір жүрекке жылы,көңілге қонымды естілетін салиқалы
сөзде қаншама мазмұн,терең мағына,ұлағатты мол ұғым,тұжырымы кең,ой
жатыр десеңізші!
Табиғат-адам бойында адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын
ұлағатты ұстаз,тәлімі мол тәрбиеші.Ендеше,ұлы табиғатымыздың
құрметіне бүгінгі білімділер сайысын өткізейік.Сайысқа 2 топ
қатысады.
1-топ «Қызғалдақ» тобы (3 сынып)
2-топ «Лашын» тобы (4 сынып)
Сайыс шарттары:
1.Таныстыру (топтың аты,ұраны)
2.Бәйге (дүниетану пәні бойынша сұрақтар)
3.Постер қорғау
4.Керектісін тап ойыны
5 Жануарлардың дауысын тап
6.Үй тапсырмасы
Әділ – қазылар алқасымен таныстыру
Сонымен сайысымызды бастайық
1-кезең.Таныстыру
Әр топ өздерін
таныстырады.
2-кезең.
Бәйге
Шарты:интерактивті тақтада 10,20,30,40, ұпайдан тұратын ұяшықтар
болады.Әр топ қалаған ұяшықтарын таңдап,ондағы сұрақтарға жауап
береді.Топ 3 рет ұяшық таңдайды.Ұпай ұяшық санына байланысты.
10.Адам денесі неше бөліктен тұрады?(4 бөліктен:бас,мойын,кеуде,қол
және аяқ)
10.Адам денесін қозғалысқа келтіретін мүшені ата.(қаңқа)
20.Жүрекке келетін ең ірі қан тамыры не деп аталады? (қолқа)
20.Ас қорыту мүшелерін ата (ауыз
қуысы,жұтқыншақ,өңеш,қарын,ішек)
30.Жел дегеніміз не?(жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге
ауысуын жел деп атайды)
30.Желдің күшін және бағытын анықтайтын құрал не деп
аталады?(желбағар)
40.Қан кеткен адамға қан беретін адамды кім деп атайды? (донор)
40.Тыныс алу мүшелерін ата (мұрын қуысы,кеңірдек,кеңірдекше ,
өкпе)
3-кезең.Постер
қорғау
1топқа Табиғаттың адамға пайдасы
2 топқа Табиғаттың адамға
зияны
4-кезең. Керектісін
тап
Шарты.Әр
топқа әріптер тізбегі беріледі.Сол тізбектен сөздерді тауып алу
керек.Әр тізбектен үш сөзден шығады.Әр топ сыныпқа 2 тізбектен.Бұл
бөлімде қанша сөз тапса,сонша ұпай алады.
1-топ.
1.Тплогүленсқойұехкөзаэт
2.Афмайжднанштвсүтырв
1.Трдқалачыеуарпафеменз
2.Тсбалықючспілжхкерікпв
2-топ
1.Кенбтрөзенврпзайсанджт
2.Ткгүлжрэқазтзкмөзенюб
1.ЯЮтжағавфтасцбкөшеэжм
2.Ждопгхнжолнвкенютпю
5-кезең.Аңдардың дауысын тап
6-кезең.Үй тапсырмасы Жемсауыт жасап келу
Қорытынды
Мұғалім:Өзіміздің анамыздай аялаған туған жердің табиғатына
сүйіспеншілікпен қамқорлық жасап,қорғау-әрқайсысымыздың азаматтық
абзал борышымыз және парасатты парызымыз.
Қазақстан-туған жерім,киелім,
Қасиетіңді қастерлеп,басымды да иемін.
Табиғаттың тұнып тұрған қазына,
Соның бәрін аялаймын,сүйемін.
Марапаттау
Осымен сайысымыз аяқталды.Құрметті әділ-қазылар алқасы топтардың жалпы ұпайларын шығарып,жеңімпаз топты атасаңыздар.Топтар марапатталады.Жеңген топты құттықтаймыз.Сайысымыз аяқталды келіп тамашалағаныңызға көп рахмет.Сау болыңыздар!ы
Мақсаты: Балалардың «Табиғатты аялау» туралы түсініктерін кеңейту. Туған жерге деген сүйіспеншілігін дамыту. Табиғатты аялауға тәрбиелеу. Табиғатқа деген қарым-қатынасын дамыту, оны сүюге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері.
Табиғат, сен тіршілік тұнып
тұрған.
Сен күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен ормансың.
Сен - бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған!
Балалар, бүгінгі сабағымыз
ерекше болады. Тақтадан ілулі тұрған суреттен жылдың қай мезгілі
екенін көруге болады?
- Жаз мезгілі
- Оны қайдан байқадыңдар?
- Ашық аспан, жердің көк екендігінен
- Ия, оны табиғат дейміз.
- Дұрыс, ендеше менің бастаған жұмысыма сендер көмектеседі деп
үміттенем.
Тәрбиеші: жазда барып өзеннің жағасына бөгелдім, кім айтады? Кәнекей ол жерден мен не көрдім.
Жауаптар: - күн, бұлт, жануарлар, жасыл жиек, тас, су.
Табиғаттың қай түрін көріп тұрсыңдар?
Балалардың жауабы: - Тірі табиғат, өлі табиғат.
Ал балалар табиғат кімнен жылу алады?
Балалар: - Күннен.
Міне балалар біз жылуды ата-анамыздан аламыз. Сондықтан күннің сәулесі әріптермен гүл етіп безендіреміз.
- Ана, ата.
Балалар, бізге қонаққа көбелек келіпті. Көбелек қонағымызға қошемет көрсетіп гүлді алқап жасап берейік. Ал көбелектін сендерден сұрауы бар екен.
- көбелек:
- Балалар сендер табиғатта неге ұқсағыларын келеді.
1) - Мен аққуға ұқсағым
келеді, өйткені ол әдемі сұлу құс, аққуды атпайды.
2) - Мен гүлге ұқсап жайнап тұрғым келеді, себебі гүл адамға қуаныш
сыйлайды.
3) - Мен табиғатта бұлбұл сияқты әнші болғым келеді.
4) - Мен күн сияқты адамдарға жарық жылу бергім келеді.
5) - Мен табиғатта бүркіт құсқа ұқсағым келеді, себебі ол
батыл.
6) - Табиғатта мен ағашқа ұқсағым келеді, себебі адамдарға көлеңке
береді.
7) - Табиғатта мен қарлығашқа ұқсағым келеді. Себебі адаммен
дос.
8) - Тоқылдаққа ұқсағым келеді, себебі ол орман елшісі.
9) - Сауысқанға ұқсағым келеді, себебі ол сақ.
10) - Айға ұқсағым келеді, себебі ол айдай
сұлу.
Кәне балалар, ендеше көбелек бәріміз шеңберге тұрып табиғат ананы шақырайық. Гүлдердің біреуін таңдап, табиғат жер анамызға өз тілегімізді айтайық.
Табиғат ананың сөзі:
- Армызысыздар адамдар, армысыздар балалар
- Балалар: Сәлеметсізбе жер ана!
Балалардың тілектері:
- Аспанымыз ашық болсын
- Жеріміз кең болсын
- Суымыз тұнық болсын
- Ауамыз таза болсын!
Қазір балалар ойын ойнап жіберейік.
Қазір мен мына заттарды ортаға қоямын сендер оны әр топқа бөлесіңдер.
1) Тірі табиғат.
2) Өлі табиғат.
3) Аспан денелері.
4) Үй жануарлары.
5) Су, тал, ағаштар, балық.
6) Тас, құм, темір.
7) Ай, жұлдыз, күн, марс.
8) Тауық, қой, жылқы, түйе.
Ал балалар, ендеше тағы да бір сұрақ қоямын, ойланып жауап беріңдер?
Тәрбиеші: -Адам. Адам дегеніміз кім ?
Оқушылыар: - Ол тірі табиғат қозгалады жүреді, сөйлейді, еңбек етеді.
Осы табиғаттың ішінде балалар сендер барсыңдар. Адам баласы табиғат перзенті сондықтан табиғатымызды аялауымыз керек.
Табиғат қандай әсем сұлуымыз.
Осындай сұлу дүниені жаратқан
- Табиғат жер ана.
Оған біз басымызды иіп алғысымызды айта отырып өз тарапымыздан қандай пайда келтірілетінімізді айтайық.
1) Табиғатты қалай
қорғаймыз?
2) Табиғатты сақтап қалу үшін не істейміз?
3) Табиғатты көріктендіру үшін не істейміз.
4) Табиғат жайлы мақал айту!
5) Жер адамды асырайды, ана баласын асырайды.
6) Алтын жерден алынады.
7) Білім кітаптан алынады.
8) Гүл жердің көркі.
9) Жаңбыр жауса жер ырысы!
Сүйейік жер ананы
аялайық!
Бізде одан жақсылықты аямайық!
Анадай табиғаттың аясында
Жадырап жас балаша демалайық.
- Екпей
егін шықпас.
Оқымай білім жұқпас
- Жер адамды асырайды
Ана баласын
асырайды.
Табиғатсыз адам өмір сүре алмайды екен, ендеше жердің, табиғаттың иесі мына сендер, біз оны қорғаумыз керек. Демек табиғатты қорғау - өз отанымызды сақтау деген сөз. Табиғатты қорғайық - деген белгі тапсырылады.
ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚТАБИҒАТСАБАҚ ЖОСПАРЫ

Мақсаты: Балалардың «Табиғатты аялау» туралы түсініктерін
кеңейту. Туған жерге деген сүйіспеншілігін дамыту. Табиғатты
аялауға тәрбиелеу. Табиғатқа деген қарым-қатынасын дамыту, оны
сүюге тәрбиелеу.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Табиғатты аялайық" 2-4 сыныптар

шағым қалдыра аласыз