400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты «Табиғатты аялайық, туған жерді бағалайық!» 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды ойланту, өздігінен ізденіске салу, қиялын шыңдап шығармашылыққа баулу; Оқушылардың таным белсенділігін арттыру, ойын, тілін дамыту; Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Қабдырахмет Рамазан Ахатжанұлы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы БМ «Сосновка НМ» ММ биология пәні мұғалімі

7 сынып тәрбие сағаты

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Табиғатты аялайық, туған жерді бағалайық!»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды ойланту, өздігінен ізденіске салу, қиялын шыңдап шығармашылыққа баулу; Оқушылардың таным белсенділігін арттыру, ойын, тілін дамыту; Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: қанатты сөздер, «Қызыл кітап» т. б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

  2. «Кубизм» стратегиясы.

  3. «Жыл қарияның еңбекқор әулеті» атты ертегіден көрініс.

  4. Поэзия минуты

  5. Білім көпірі (жұмбақтар жасыру).

  6. Баспасөз орталығы – Қызыл кітап

  7. Логикалық сұрақтар

  8. Рефлексия

  9. Жүректен жүрекке.


Қайырлы күн құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің өткізетін «Табиғатты аялайық, туған жерді бағалайық!» атты тәрбие сағатымызды қош келдіңіздер! Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз! Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.

«Кубизм» стратегиясы.

а) Табиғат дегеніміз?

ә) Табиғаттың қандай түрлері бар?

б) Тірі табиғатқа нелер жатады?

в) Өлі табиғатқа нелер жатады?

г) Сенің табиғат қорғаудағы үлесің.

«Жыл қарияның еңбекқор әулеті» атты ертегіден көрініс.

Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде «Жыл» есімді адам болыпты. Төрт баласынан өрбіген он екі немересі азамат қатарына қосылғанда, ол кісі қартайып, көне-көз қария атаныпты. Оның балалары мен немерелері бір-біріне ұқсамаған, мінез-құлықтары әр түрлі болыпты.

Жыл қарияның ешкімге ұқсамаған баласы Көктем келеді.

-Мен келгенде күн жылына бастайды. Табиғат қысқы ұйқыдан оянады. Түн қысқарып, күн ұзарады. Мен өзіммен бірге Жыл қарияның үш немересін ерте келдім. Олар: Наурыз, Сәуір, Мамыр.

Оқушы: «Көктем»

Сарқыраған өзен гүрілдеп,

Алтын күн көктен күлімдеп.

Табиғатқа жан біткен,

Оянып бәрі дүрілдеп.

Сөйтіп жүргенде екінші баласы Жаз да немерелерімен келіп жетеді.

Жаз: Мен жер бетін гүлге орап, табиғат сұлулығына рахаттандырамын. Үлкен кішіні шаттыққа бөлеймін. Мен де Жыл қарияның үш немересін ерте келдім. Олар: Маусым, Шілде, Тамыз.

Оқушы: «Жаз»

Құйқылжып құс сайрауда,

Қозы-лақ ойнап жайлауда.

Еркіндіктің күндері,

Нәрін төккен маңайға.

Жыл атайдың екінші немересінің пейіліне адамдардың көңілі толып сайрандап жүргенде, қолы кең жомарт баласы Күз де келіп жетеді.

Күз: Менімен бірге еңбектеріңіздің жемісін көресіздер. Қамбаларыңыз астыққа толады. Жыл қарияның немерелері Қыркүйек, Қазан, Қараша да келді.

Оқушы: «Күз»

Сарғыш тартып ағаштар жапырағы,

Көңіліме көп сағыныш шақырады.

Сары алтын сары дән қырмандағы,

Ән болып кең далада жатыр әні.

Енді қытымыр, қатал Қыс деген баласы келеді.

Қыс: Мен сендердің төзімділіктеріңді, шыдамдылықтарыңды тексеремін. Мен де Жыл қарияның Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан атты немерелерімен келдім.

Оқушы: «Қыс»

Ағаштар кеудесіне шатыр тігіп,

Табиғат ұйықтағандай қалғып-мүлгіп.

Құттықтап күннің көзі көк жүзінен,

Ашылып жатыр кейде аспан түңлік.

-Міне, балалар, менің төрт баламмен, он екі немереммен таныстыңдар. Жылдың әр мезгілінің өз қызығы, қуанышы бар. Бұл бізге табиғаттың сыйы, несібесі.

Табиғатты сүйейік, бағалайық!

Поэзия минуты.

Оқушы:

Табиғат-алтын күнім, күміс айым,

Шашылған жұлдыз меруерт жастанайын.

Үңілем таңнан тұрып терезеге,

Ашық па, жабық па деп қас-қабағың.

Табиғат-көркем жырым, асқақ әнім,

Сен ана, мен қашанда жас баламын.

Сөйлеші жеде бұлақ, көкте бұлт боп,

Тіліңді түсінуге тырысайын.

Оқушы: «Табиғат»

Орманы, тауы, сулары,

Қандай әсем нұр таңы.

Алуан түрлі аңдары,

Табиғат толы аңғары.

Мезгіл сайын өзгеріп,

Далаға тұрар өң беріп.

Қыс та, көктем, жазы да,

Күздері қандай жазира!

Табиғат-Ана, Жер-Ана,

Мәңгілік адам бесігі.

Қуат беріп жаныма,

Ашылған өмір есігі.

Оқушы: Әй, табиғат!

Шеберсің-ау, шеберсің,

Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.

Ұлан-ғайыр байлығыңды місе етпей,

Ашкөзденген адамдарға не дерсің?!

Айың анау, күнің мынау, жері міне.

Оу, адамдар,

Жетпей жатыр енді не?

Табиғатқа таласпаңдар ағайын,

Асырайды ол сені, мені, елді де.

«Білім көпірі» стратегиясы

(Жұмбақтар жасырылады.)

Сатайын десем ауыр кілем, 
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)

Таңмен көзін ашады,

Әдемге нұр шашады. (Күн)

Қыста ғана болады,

Ұстасан қолын тоңады. (Қар)

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)

Сырылдатады шәйнегн,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады, 
Бірақ сүртпейді.   (Жаңбыр)
Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам.   (Күн)
Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды.   (Қар)
Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы. О несі?    (Бұлттар)
Шымылдық ішінде қап-қара
Ұйықтап жат, дала, жат, қала.  (Түн)
Көктен түседі,
Жер ішеді.      (Жаңбыр)
Түндегі көп шырақты жағып кеткен
Кім кедіп иаң алдына алып кеткен?    (Жұлдыздар
)

Баспасөз орталығы: «Қызыл кітап».

Жүргізуші: Сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды қорғау мақсатында 1981 жылы Қазақстанда «Қызыл кітап» шықты. Оның беті алуан түрлі болады. Қызыл парақтарына жойылып кету қаупі бар жануарлар енеді. Ақ парағына саны азайған жануарлар мен өсімдіктер енеді. Жасыл парағында қайтадан аяласа қалпына келетіндер енеді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:

1-категория – жойылып бара жатқан;

2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;

3-категория – сирек кездесетін;

4-категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;

5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген.

Қызыл кітапқа енген жануарларды білесің бе?

Жүргізуші: Адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік. Табиғат байлықтарын қорғай білу-азаматтық борыш. Оны аялап, сүйе білейік!

Табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген туған жерін, туған елін де сүйе алмайды.

Логикалық сұрақтар

  1. Термометр аяз болған соң – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы – үш

  2. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысықтан бар? Жауабы: 4 мысық.

  3. Үстел үстінде үш стақан шие тұр, Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан.

  4. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші нені жағасыз? Жауабы: шырпы

  5. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса

  6. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда, жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? Жауабы: бір ғана мотоцикл

  7. Аңшы орманға келіп, бұтақта қонып тұрған торғайды атқан екен, бірақ қарға құлапты. Бұл қалай болғаны? Жауабы: торғай қарға келіп құлайды, өйткені қыс мезгілі еді.

Рефлексия

Оқушылар стикерлерге бүгінгі күннен алған әсерлерін жазып, мәңгілік ағашына жабыстырады.

Жүргізуші: Адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік. Табиғат байлықтарын қорғай білу-азаматтық борыш. Оны аялап, сүйе білейік! Табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген туған жерін, туған елін де сүйе алмайды.

Жүректен жүрекке

Жүргізуші: Балалар, оң қолымызбен жүрек тұсын ұстап, табиғаттың тынысын сезіне отырып, сабақты мына «Құстар әні» атты әнімен аяқтайық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
5 шілде
3307
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі