Материалдар / Тәрбие сағаты табиғатты қорғау өз қолымда
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты табиғатты қорғау өз қолымда

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты оқушыларды жердің қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық жасай білуге , жанашырлық сезімге баулу, табиғат жөніндегі ой – өрістерін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, тілін дамыту. Табиғат ажарын сақтап, оған қамқор болып қамқорлық жасайтын қорықтар туралы танымдарын арттыру. Табиғатты сүйе білуге оны қорғауға,ұйымшылдыққа, аялауға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2022
1196
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты: а) оқушыларды жердің қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық жасай білуге , жанашырлық сезімге баулу, табиғат жөніндегі ой – өрістерін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, тілін дамыту. Табиғат ажарын сақтап, оған қамқор болып қамқорлық жасайтын қорықтар туралы танымдарын арттыру. Табиғатты сүйе білуге оны қорғауға,ұйымшылдыққа, аялауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан картасы,нақыл сөздер, суреттер,интебелсенді тақта,слайдтар.

Өткізу барысы:

І.барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі. Құрметті қонақтар, ұстаздар! Сіздерді жылдың тамаша мезгілінің келуі қарсаңындағы 4 – сыныптың оқушыларының ұйымдастыруымен болатын «Таза болса табиғат,аман болар адамзат »атты тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер.

Тазалық болған жерде ағаштар да, гүлдер де жайқала өседі.Тазалықтан кейін табиғатқа сұлулық керек ол үшін ағаштар мен гүлдер егеміз.Табиғат тазалығын сақтау – адамның өз өмірінің қауіпсіздігін сақтау деген сөз .Сондықтан адам мен табиғат арасындағы қатынас ізгілік пен үйлесімділікке құрылуы шарт.Барша байлықтардың анасы – Жер .Жерді күтіп – баптай білу оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда.Табиғат тартылысы,құбылыстары тіршілігі – оның тынысы табиғат деп аталады.Олардың барлығы адам жанына саулық береді. Жан саулығы – денсаулық негізі . «Табиғат тазалығы – адамзат амандығы» екенін естен шығармау керек.


Мұғалім: Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімі мен шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана.

Оқушылар топқа бөлінеді.



1– топ: «Сулы жер – нулы жер»

Ұраны : «Су – табиғат айнасы»

2-топ: «Ағаштарға қамқорлық»

Ұраны: «Ағаш ексең аялап, басыңа болар саябақ»

3- топ: «Хайуанаттар»

Ұраны: «Құлан-қырдың көркі, құндыз-судың көркі»
ІІ. «Күннің шуағы ойыны» Балалар бәріміз дөңгелене тұрып бір-бірімізге жылы тілектерімізді айтамыз.

Мұғалім:Адам мен табиғат әрқашан егіз.Табиғат сенің қорғаушың,асыраушың.Ертеде ата-бабамыз « Жер – қазына,су – алтын,мал – байлық»-деп өсиет айтқан.Сол табиғат байлығын сақтап,ұрпақтан-қрпаққа жалғастырып,жеткізу біздің еншімізде.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биылғы халыққа жолдаған жолдауында экологияны, табиғатты қорғауға,сақтауға міндеттейді.Біз де сол табиғаттың бір бөлшегі бола тұра, табиғатты қорғауға міндеттіміз.

-Балалар экология деген не?

Экология -бүкіл адамзат баласының шалыс басқан іс-әрекетіне шек қоятын,оның тыныс-тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның бір саласы.Мелс Елеусізов (слайд көрсету)

ІІІ. Табиғат туралы не білеміз?

Алма ағашынан сұрақтарға жауап бере отырып алмаларды жинаймыз.

-Неге табиғатты тал бесік деп атаймыз?

Осы сұрақтардың жауабын бүгінгі тәрбие сағатында толық білетін боламыз. Топтарға бөлініп жұмыс істейміз.Олардың адамға

пайдасы және адамдардың оларға тигізер пайдасын әңгімелейсіңдер.



Жағдаятты талдау.

1 – жағдаят: Арман бақ ішінде келе жатыр еді,терек бұтақтарын сындырып жатқан балаларды көрді де тұрып қалды ... .

2 –жағдаят: Алмат достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Олар өздері жиі келіп тамашалайтын бұлақтың көзі қалдық шөптер, босаған ыдысқа және қоқыстарға бітеліп қалғанын көрдің, сен не істер едің? ... .

3 – жағдаят: Сынып жетекшісі сабақ соңында аулаға көшет және де гүлзар өсіру туралы ұсыныс айтқан еді, сынып балалары мақұлдады да,Жанат мақұлдамады.Не себепті ? ...

Ойын: Мен табиғатты ... өз үлесімді қосамын.

Аялауға, ластауға,көгалдандыруға, қиратуға,қорғауға,көркейтуге,бүлдіруге,гүлдендіруге

-Балалар табиға адамның емшісі дейді,неге,қалайша,не себепті?

-Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

-Өте жақсы балалар.

-Табиғаттың тоғыз емшісі бар дейді.Соларды біліп алайық та есімізге сақтайық.

1.Күн сәулесі

2.Таза ауа

3.Таза су

4.Табиғи таға

5.Ашығу

6.Дене шынықтыру

7.Демалыс

8.Бойды тік ұста

9.Ақыл -ой

Ү. Полиглот

Жұмбақ жауаптарын қазақша,орысша,ағылшынша айту.

1.Күндіз соқыр не деген

Түнде қандай көреген.( үкі – сова – оwl)

2.Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады. (қар – снег -

3.Жұрттың бәрі сүйеді

Бірақ қарай алмайды.(күн – солнце -

4.Қылқиған ұзын құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады.(қоян – заяц -

5.Өмірде одан мол ештеңе болмайды

Құшақтасаң құшағың толмайды.(ауа – воздух -

6.Көктемде ақ гүлге оранады

Күзде қолға доп болып оралады.(алма – яблоко – eppll)


Қорытынды:

Тіршілік көзі – не? Тіршілік көзі – су.

Табиғат байлығы – не? Табиғат байлығы – өсімдіктер.

Орман сәні – не? Орман сәні – құстар.

Табиғат – халық қазынасы

Табиғатсыз адамның күні жоқ,

Табиғат – тал бесігіміз.Табиғат -бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы,аяулы бесігі,

өсіп -өнетін мекені.Олай болса табиғат анаға аялы алақан,жүрек жылуын арнау әрбір саналы азаматтың парасатты борышы.Адамзат болашақта бейбіт,таза ғаламшарда өмір сүруі тиіс.Сол ғаламшардың қауіпсіздігі – сендердің қолдарыңда.



Таза болса табиғат, аман болар адамзат.

Рефлексия: «Жер шары»

Бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.




Shape1 Shape2 Shape3 Shape4 Shape5 Shape6 Shape7 Shape8





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!