15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты Такырыбы: Өнегелі ұл тәрбиелі қыз
Букейқызы Бакытгул 3 «К» сыныбы
Мақсаты: 1. Оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір
заңдылықтарын білуге үйрету;
2. Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының
рухани білімін байыту, ойын дамыту, ойын еркін,
дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу.
3. Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, маркер.
Әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Шаттық шеңбері. Музыка ойнап тұрады.
Қайырлы күн, балалар!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Мұғалім: Елбасымыздың халқына жолдауында Ұлттық бірегейлікті сақтау ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
1-оқушы
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!- деп Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға арнаймыз.
2-оқушы
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің соры болады- деген Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі үлгілі тәрбие сағатымыздың тақырыбы
«Өнегелі ұл, тәрбиелі қыз» атты тәрбиелік іс-шарамызды бастаймыз.
Слайд (Сұрақ –жауап )
қазіргі кезде әдепті болып, елдің көркіне айналу кез-келген жанның қолынан келе бермейтіні де ақиқат.Десек те, сіздің жаһандану үрдісінен қалмай , ата-дәстүрді берік сақтаған, үлкеннің алдынан кесе өтпейтін, тәрбиелі де ибалы қазақ ұлы мен қызы деген атқа лайық болуларыңыз керек.
Мұғалім: Иә, балалар, адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады. Жақсы адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез - әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысу керек. Сендерге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым-кішіпейілділікті, шындылыққа үйде ата-аналарыңнан, мектепте мұғалімдерің үйретеді. Сендер міндетті түрде орындайтын тәртіп ережелері бар.
ІII. Жаңа ақпарат
оқушы
Иман- араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады.Ондай адамды халық «иманжүзді кісі» деп бағалайды.
Абай атамыздың даналығы –адамдықты жақтайды.
Адам болам десеңіз...
Бес нәрседен қашық бол...,—
Бес нәрсеге асық бол, - деп Абай атамыз айтқандай, адамның ішкі рухани казынасының мол болуы өз қолында.
Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала отырып, өздерінің көз жеткізген ой-пікірлерін өсиет етіп кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, адамгершілік, имандылық мынадай 10 нәрседен тұрады; біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан, екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етуден; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден; сегізіншіден, әдеп сақтаудан, тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан; оныншы құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан.
Халқымыз ежелден ұлдарын батырлыққа баулып, түзде өсірсе, қыздарын үй шаруасына үйретіп, «қырық үйден тыйым салған»
Бейне ролик (сұрақ -жауап)
Тақпақтар:
Жақсы
туған жігітке
Бүкіл елі таласар.
Жаман
туған жігіттер
Қара жолдан адасар.
Тәрбиесіз
бала білім ұғар ма?
Олай болса уысыңнан
шығарма.
Қатта тәртіп көрсе бала
күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Атадан жақсы ұл туса
Қар үстінде от жанар
Атадан жаман ұл туса
Ат
үстінде ит қабар.
Ұл
ұдайы ізетті боп тұрса егер-
Әке –
шеше жүзі жайнап нұр себер.
Ақылсыз
адам өкінішпен қартаяр,
Есті адам
қайғырмай-ақ қартаяр.
Би:
Қамажай
IY. Ойланайық пікірлесейік.
Ұлдарға сұрақ:
1. Қыздың көркі деп нені түсінесің? ( әдептілігі)
2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? ( Гүл табиғаттың сәні,
бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Кішкентай кезінен бастап бағып,жақсы тәрбие беру керек.қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)
3. Қызға қандай қылық жараспайды? (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, өтірік айтқаны)
4. Қыздарға арнап мақал айт. ( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас, Қыздың көркі шаш, Анаға қарап қыз өсер)
5. Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды? (қылықты, әдепті болса,
сыпайы, биязы болса )
Қыздарға сұрақ:
1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні сыйламайтыны)
2. Ұлдарға арнап мақал айт Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар,
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар
Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді , жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік)
3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл,
адамгершілігі мол),
4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?
( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет
етуі тиіс.Ол үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп ойлаймын)
5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?
(Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)
Y. Көрініс: Көмек
YII.«Жалғастыр» ойыны
Не істеуге болмайды? |
Не істеу керек? |
Не істер едім? |
Үлкендердің алдын кесіп өтуге болмайды |
Үлкендерді сыйлап, амандасып жүру керек. |
Адамдарға қамқор болар едім. |
Сабақтан кешігуге болмайды |
Кішілерге қамқор болу керек |
Туған жерімді көркейтер едім. |
Сыныпта жүгіруге, кішілерге тиісуге болмайды |
Сабақты жақсы оқу керек |
Өз Отанымның мақтанышы, қорғаны болар едім. |
Үлкен кісілердің сөзін бөлуге болмайды |
Тәртіпті болу керек |
Өнегелі ұл. |
Тәртіпсіз болуға болмайды |
Әдептілік қағидаларын сақтау керек |
тәрбиелі қыз болар едім. |
Би: Қуыршақ
Сонымен, Өнегелі ұл, тәрбиелі қыз бойында қандай қасиеттер болу керек?
Топтастыру
Өнегелі ұл Тәрбиелі қыз
Тәртіпті ибалы
қайырымды сыпайы
әдепті биязы
адамгершілігі мол кішіпейіл
Ән: Біз тәртіпті баламыз.
Қорытынды: Мұғалім. Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие іс-шарамыздан не түйдік?
Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.
Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің Өнегелі ұл, тәрбиелі қызы болып өсіңіздер деп тәрбие cабағымызды аяқтаймыз.
Бекітемін:
ТІЖО
Өмірбек А
«____»_____________ 2018ж
Үлгілі тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Өнегелі ұл, тәрбиелі қыз »
Сыныбы: 3«К»
Өткізген: Букей. Б
2018ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген